
Бүгін Ордабасы аудандық мәслихатының VIII шақырылымындағы кезектен тыс XXXII сессиясы өтті.
Сессияға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігінің аппарат басшысы, бөлім басшылары, ауыл округ әкімдері және мәслихат депутаттары қатысты. Сессияның күн тәртібінде аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №26/1 шешіміне сәйкес “2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы” шешімге өзгерістер енгізу туралы маңызды мәселе қаралды. Бұл мәселеге ауыл округ әкімдерінің хабарламалары негізінде депутаттардың жан-жақты талқылауынан кейін, тиісті өзгерістер енгізіліп, шешім қабылданды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.