Түркістан облысы: Ордабасы ауданындағы магистралды каналдар күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Ордабасы ауданының Қараспан ауылдық округіндегі «Қараспан» магистралды каналы күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Ұзындығы 25 шақырымды құрайтын каналды жөндеуді «Мелиоратор» серіктестігі жүргізуде. Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың күз айында басталған болатын. Нысанды аяқтау 2023 жылдың соңына жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарына 100-ден астам жұмысшы мен 40-тан астам техника жұмылдырылған.

Айта кетейік, өткен жылы «Қазсушар» мекемесіне қарасты «Найман», «Қазыналық» және «Р-6» каналдарының құрылыс жұмыстарына қаржы бөлініп, күрделі жұмыстар жүргізілген. Ал «Құртай» каналының күрделі жөндеу жұмыстары биыл басталады.

«Тұран су» мекемесінің меншігіндегі 5 каналға («Р-11-С»,«Р-11-К»,«Р-12»,«ЛБК»,«Р-1») күрделі жөндеу өткізу үшін 2023 жылға облыстық бюджеттен 1018 млн. теңге қаралған. Бұл каналдар 2023-2025 жылдары толық жөнделіп бітеді. Одан бөлек,«Р-7», «Құрманбек»,«Р-7-3»,«Р-8», «Р-8-А»,«Р-10-1»,«Р-9» каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан жобалық сметалық құжаттама әзірленуде.

Ауданның меншігіндегі «Теспе», «Шұбар-Қайшылы», «Ақбұлақ», «Балпан» каналдарын және Ақпан ауылындағы ағын су нысанын жөндеу, су сорғысын қою үшін, сонымен қатар Берген Исаханов елді мекенінен өтетін Арыс өзенінің арнасын бұру жобасына тиісті қаражат бөлінді. Нәтижесінде, жалпы 2432 гектар жер қайта айналымға қосылады, 1710 гектар жер телімі толықтай ағын сумен қамтамасыз етіледі.

Жалпы, Ордабасы ауданында 90 ағын су нысаны бар. Олардың жалпы ұзындығы 855,4 шақырымды құрайды. Олар арқылы 34 018 гектар егістік жер суғарылады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.