Түркістан облысы: Ордабасы ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы «Ауыл — біздің айнамыз» сенбілігі тұрақты жүргізіліп келеді

Аудандағы елдімекендерде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Ауыл біздің айнамыз» атты сенбілік жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Тазалау, реттеу, абаттандыру шараларын коммуналдық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері мен ауыл тұрғындары бірлесіп атқарып келеді.

Сонымен қатар Оңтүстік өңірлерде күннің ысуына байланысты шомылу маусымы басталды. Осыған орай, судағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында, аудан орталығындағы Қажымұқан ауыл округіне қарасты шомылуға тыйым салынған жерлерге тыйым салу белгілері қойылды.

Шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түсу адам өміріне аса қауіпті, әрі мұндай жағдайларда уәкілетті органдар тарапынан айыппұл салынады. Мұндай шаралар ауданға қарасты барлық округтерде жүргізілетін болады.

Баршаңызды өз өмірлеріңіздің және балаларыңыздың қауіпсіздігіне сергек қарап, бақылауды күшейтуге және тәртіпті сақтауға шақырамыз. Қауіпсіздік – әрбіріміздің ортақ жауапкершілігіміз!

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin