Түркістан облысы: Ордабасы ауданында зиянкес шегірткелерге қарсы күрес жұмыстары қарқынды

Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы жерлерін зиянкестерден қорғау арқылы өнім сапасын арттыруға және шаруаларға келетін экономикалық залалдың алдын алу мақсатындағы зиянкес шегірткелерге қарсы күрес жұмыстары үздіксіз жалғасып жатыр.

Арнайы техникалар мен мамандар жұмылдырылған марокко шегірткесіне қарсы күрес жұмыстарының бүгінгі көрсеткіші мынадай:

Марокко шегірткесінің дернәсілдерін зерттеуді қажет ететін жер көлемі — 47 000 гектар. Нақтырақ айтсақ, Қараспан ауылдық округі – 8 000 гектар, Қажымұқан ауылдық округі – 8 000 гектар, Төрткүл ауылдық округі – 2 000 гектар , Бөржар ауылдық округі -15 000 гектар, Бадам ауылдық округі – 15 000 гектар.

Нақты зерттелген жер көлемі 47 000 гектарды құрайды.  Қараспан ауылдық округі – 8 000 гектар, Қажымұқан ауылдық округі – 7 000 гектар, Төрткүл ауылдық округі – 2 000 гектар, Бөржар ауылдық округі -15 000 гектар, Бадам ауылдық округі – 15 000 гектар.

Экономикалық зиянды шегінен асқандар (ЭЗШ) жалпы 10 520 гектар көлемінде. Қараспан ауылдық округі – 230 гектар, Қажымұқан ауылдық округі – 370 гектар, Бөржар ауылдық округі — 6 420 гектар, Бадам ауылдық округі – 3 500 гектар.

Химиялық өңдеу жұмыстары жалпы 19 600 гектар жерге жүргізілді. Қараспан ауылдық округі – 3 970 гектар, Қажымұқан ауылдық округі – 297 гектар, Бөржар ауылдық округі — 10 240 гектар, Бадам ауылдық округі – 4 960 гектар. Төрткүл ауылдық округі – 160 гектар.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin