Түркістан облысы: Ордабасы ауданында кезекті жеке қабылдау өтті

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кезекті жеке қабылдауға азаматтар көтерген мәселелерге жауапты қызметкерлер және сала мамандары қатысты.

Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, жайылым жер, медициналық қызмет, коммуналдық қызмет, тұрғын үй салуға жер телімін бөлу сынды күрделі әрі маңызды мәселелер жөнінде өтініш-ұсыныстарын білдірді. Тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй мәселесін көтерді. Одан бөлек мекенжай тіркелімінде орын алған мәселе талқыланды. Медициналық қызметке көңілі толмайтынын білдірген азаматтар да болды.

Аудан әкімі жауапты қызметкерлерге осы мәселелерді нақты шешіп, тұрғындарға үй кезегіне тұрудың, үй кезегін күтудің мән-жайын айқын түсіндіруге, мекенжай тіркелімін қысқа мерзімде, тұрғынға оңтайлы ретте қалпына келтіруге тапсырма берді. Медицина мекемесінің қызметкеріне «бәріміз өз деңгейінде халыққа қызмет етіп, жағдай жасауымыз қажет» — деп, өз тарапынан талап пен тапсырмаларын жеткізді.

Қабылдау барысында аудан басшысы өзге де арыз-шағымдар мен ұсыныстарды жеке-жеке тыңдап, жауапты қызметкерлермен бірге зерделеп, айтылған мәселелердің шешілуіне барынша ықпал жасайтынын, тұрақты түрде бақылауға алатынын жеткізді.

Орайы келгенде айта өтейік, тұрғындар үшін көлік қатынасы басты қажеттіліктің бірі екені белгілі. Ауданның даму жоспарына сәйкес, елді мекен инфрақұрылымын дамытуға бағытталған, жергілікті тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында, ауданға қарасты елдімекендердің көшелеріне асфальт жол салу жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin