Түркістан облысы: Ордабасы ауданында су айдындарындағы қауіпсіздік – үнемі назарда

2025 жылғы шомылу маусымының басталуына байланысты аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз бен Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Жомарт Қоспанов су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау мақсатында арнайы барып, бірқатар шомылу орындарын аралады.

Іс-шара барысында жауапты мекемелердің шомылу маусымына дайындығы, құтқару қызметтерінің жұмыс тәртібі, судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарының бар-жоғы және тұрғындардың қауіпсіздігіне бағытталған алдын алу шаралары егжей-тегжейлі тексерілді.

Аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз шомылу маусымында адам өмірінің қауіпсіздігі бірінші кезекте тұратынын атап өтіп, тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, балалар мен жасөспірімдердің қараусыз шомылуына жол бермеу керектігі айтылды.

Мұндай рейдтік шаралар шомылу маусымы бойы тұрақты түрде ұйымдастырылып, судағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталмақ.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin