Түркістан облысы: Ордабасы ауданында 14 орында ғана шомылып демалуға болады

Су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің басты міндеті саналады.

Темірлан ауылының екі тұрғыны суға түсіп, салқындаймын деп айыппұл арқалады. Арыс өзеніне шомылып жүрген жігіттер белгіленбеген орынды таңдаған. Ордабасы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары оларға шомылу маусымындағы қауіпсіздік жайын түсіндіріп, тыйым салынған жерде суға түскені үшін айыппұл қарастырылғанын айтты.

Ауданның климаттық жағдайына байланысты судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар сәуір айынан бастап қарқынды жүргізіліп келеді. Түсіндірмелік жұмысына аудан әкімдігінің өкілдері де атсалысып жүр.

Бүгіні таңда төтенше жағдай қызметкерлерімен бірлесе халық көп жиналған орындарда, мектептерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Су айдындарында қауіпсіздік сақтау қағидаларын бұзу бойынша ӘҚбК 412-бабына сәйкес айыппұл салынды. Кеше 3 айыппұл салынды. Оның мөлшері жеке тұлғаларға 7 АЕК-ті құрайды. Ол дегеніңіз — 27524 теңге. Ал заңды тұлғаларға — 10 АЕК, яғни 39320 теңге.

Апат айтып келмейтінін ескерсек, жыл басынан бері Ордабасы ауданында 6 адам түрлі жағдайда мерт болған. Оның үшеуі — кәмелет жасына толмаған балалар. Бірі каналға көлігімен түсіп кетсе, енді бірі балық аулаймын деп суға кеткен.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Жомарт Қоспановтың айтуынша, бүгінгі таңға дейін шомылу маусымы басталмай жатып ауданда 6 қайғылы жағдай тіркелді. Соның негізінен бақылаусыз қалған жас балалардың септикке құлап кетуі, есік алдынан өтетін каналдар бар, арнайы арықтарға бақылаусыз балалар түсіп кетіп, қайғылы жағдай орын алуда. Және де каналдардың үстінен өткен көліктер жол көлік оқиғасы болып суға түсіп кеткен жағдайлар тіркеліп жатыр. Алайда нақты шомылу кезінде ондай қайғылы жағдай тіркелген жоқ.

Ордабасы ауданында Арыс өзеніне, Арыс-Түркістан мен Арыс магистралды каналына, Бөген, Теспе және Бөржар су қоймасына шомылуға тыйым салынған. Айта кетсек, ауданда 14 орында ғана шомылып демалуға болады. Онда қауіпсіздік шаралары қатаң сақталған.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin