Түркістан облысы: Ордабасы ауданында 2004 жылғы түлектер бір отбасыға баспана сыйлады

Аталмыш ауданда әр жылдары мектеп бітірген түлектердің білім ордаларындағы соңғы қоңырау қарсаңында қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесуі, өз ауылының көркейіп-көріктенуіне үлес қосуы дәстүрге айналып келеді.

Биыл да бұл дәстүр жалғасып, аудан орталығы Темірландағы Ш.Уәлиханов, А.Иманов және Қ.Бектаев мектептерінің 2004 жылғы түлектері мұқтаж отбасыға баспана сыйлады.

Олар аталған баспананы тарту ету үшін мұқтаж отбасыны таңдау үшін “Игілік” қоғамдық қоры 8 отбасының презентациясын ұсынған. Олардың әрқайсысы — тағдырдың сынағына түскен отбасылар. Солардың арасынан жалғызбасты, көпбалалы Замира Тасболатова көпшілік дауыспен таңдалып алынған. Бұл отбасы осы уақытқа дейін тар бөлмені жалдап тұрып келген.

Айта кету керек, бұл шара “20 жылдық түлектерден — 1 қоныс” жобасы аясында жүзеге асып отыр. Яғни, бұл жоба осыдан төрт жыл бұрын, 2001 жылғы түлектерден бастау алған. Осы уақытқа дейін төрт отбасыға баспана тарту етілген.

Жоғарыдағы түлектердің тартуы — өңірдегі қайырымдылық және ауылдың гүлденуіне үлес қосу мақсатындағы іс-шаралардың бірқатары ғана және осы бағыттағы игі істер жалғасатыны анық. Түлектердің бұл қайырымды ісі ел-жұртқа үлгі болары сөзсіз.

Айтпақшы, реті кеп тұрғанда, жақсы жаңалықпен бөлісе кеткенді жөн көрдік.

Еліміздегі 100 үздік мектептің біреуі — “Ынтымақ” жалпы орта мектебі осы Ордабасы ауданыныкі!

Сонымен, Түркістан облысынан рейтингке енген мектептер:

— Ордабасы ауданы, “Ынтымақ” жалпы білім беретін мектебі;

— Сауран ауданы, №1 жалпы білім беретін мектебі;

— Түркістан облыстық “Білім-Инновация” мектеп-интернаты, Түркістан қаласы;

— Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;

— Кентау қаласы, “Дарын” мектеп-интернаты;

— Шардара ауданы, М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернаты.

2023-2024 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңін толық нәтижелеуде еліміздің 100 үздік олимпиадалық мектептер рейтингі жасалды.

Рейтинг арнайы формула бойынша шығарылды. Алтын медаль — 3 балға, күміс – 2 балға және қола 1 балға бағаланады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin