Түркістан облысы: Ордабасы ауданында биыл 33 370 гектарға дәнді дақылдар егу жоспарланған

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапары кезінде Ордабасы ауданында болып, Төрткүл ауылдық округіндегі “Рамазан агро” серіктестігінің көктемгі егістік алқабының жұмысымен танысқан болатын.

Аудан әкімі Нұрбек Бадырақов министрге ауданда көктемгі дала жұмыстарының барысын баяндап, аталған жұмыстарға бөлінген жанар-жағармай, 1 алқаптан 2-3 рет өнім алу, жаңбырлатып және тамшылатып суғару, ауылшаруашылығы техникаларын жаңалау, жылыжайлар салу, шаруаларды тыңайтқыштармен қамту және т.б. бағыттар туралы толыққанды ақпарат берді.

Атап айтар болсақ, биыл ауданда 33 370 гектарға дәнді дақылдар (бидай, арпа, жүгері) егілесе, 5 412 гектарға майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс) егілмек. 6 634 гектарға — мақта, 636 гектарға — картоп, 4 829 гектарға көкөніс, бақша егу жоспарланған.

“Рамазан агро” серіктестігінің иегіріп жатқан жерінің көлемі 723 гектарды құрайды. Барлығына түркиялық “Карл”, “Эдесса”, “АВ-440” бірінші және элиталы сортты мақта егіледі. 131 бірлік техникасы бар.

Сапар соңында министр шаруалармен тілдесіп, елімізде мақта кластерін және басқа да бағыттарды дамыту бойынша қолға алынып жатқан шараларды сөз еткен-ді.

Атап өтер жайт, Ордабасы ауданының барлық жер көлемі 265 561 гектарды құрайды. Барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы 208 662 гектар, оның ішінде егістік жерлер 71273 гектар, оның ішінде суармалы егістік 32 711 гектар, көп жылдық ағашты өсімдіктер 1 490 гектар, тыңайған жерлер 18 954 гектар, жайылымдар 103 992 гектар.

Жер санаттары бойынша:

ауыл шаруашылығы мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлері 208662 гектар;

елді мекендердің жерлері 19854 гектар;

өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер 15411 гектар;

ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері 49958 гектар;

орман қорының жерлері 4821 гектар;

су қорының жерлері 8522 гектар;

Ордабасы ауданының 5738 гектар жерін Бәйдібек ауданы және 392 гектар жерін Төлеби ауданы пайдалануда.

Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Ордабасы ауданында 10 ауылдық округ (Бадам, Бөржар, Бөген, Жеңіс, Қажымұқан, Қараспан, Қарақұм, Төрткөл, Шұбар, Шұбарсу), 57 ауылдық елдімекен орналасқан.

Ордабасы ауданының жер тіктілігі жазық, оңтүстік бөлігі солтүстігіне қарағанда біршама көтеріңкі және бұл бөлігі Арыс өзенінің салаларымен сай-жыраларға тілімденген. Ауданның ең биік жері Қайнар ауылының шығысында (383 метр). Ауданның климаты континенттік. Аудан арқылы Арыс және Боралдай, Бөржар, Бадам, Шұбарсу тағы басқа өзендері ағып өтеді. Ауданның орталық бөлігінде Бөген су қоймасы салынған. Одан Арыс-Түркістан каналы тартылған. Бөгеннің оңтүстігін бойлай Арыс магистралды каналы жүргізілген.

Солтүстігінде боз жусан басым көкпек, сар-сазан, баялыш, күйреуік өскен. Ауданның солтүстігінде боз жусан, ши аралас эфемероидті өсімдіктер өседі. Дәрілік өсімдіктерден күріш қонағы, қара меңдуана, тұмаршөп (жұмыршақ).

Аудан аумағының географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғылдықтың негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына) қалыптасқан.

Қысы қысқа, жұмсақ, жазы ұзақ, ыстық және аңызақты. Жыл бойына 40 күндей қар қылаулайды. Бірақ көп жатпай, тез еріп кетеді. Ең суық ай –қаңтардың орташа темпратырасы – 12-20 суық. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 20-40 сантиметр. Қар қарашаның соңы, желтоқсанның басында түсіп, наурыз айында ери бастайды.

Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері — 200-380 милиметр. Желдің басым бөлігі шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан соғады. Орташа жылдамдығы — 3-5 метр секунд. Желдің әсерінен жазда ауданның гидротермиялық көрсеткіші төмендеп (0,3-0,4) ылғалдылық мөлшері кемиді де аңызақ, құрғақ және ыстық кезең қалыптасады.

Жазы ұзақ аудан түстігінде 8 айға дейін созылады. Жазы ыстық шілде айының орташа температурасы 27-42С.

Ауданда ең ірі және ең ұзын өзен – Арыс өзені Арыс ауданы арқылы Сырдария өзеніне құяды. Сырдария өзенінің негізгі саласы — Арыс өзені (378 километр), ол Алатау мұздықтарынан басталады. Бұдан бөлек ауданда Бадам, Бөржар, Бөген, Шаян, Шұбарсу, АТК өзендері бар.

Аудандағы ең үлкен су қоймасы – Бөген су қоймасы.

Бөген су қоймасының сыйымдылығы — 37 миллион текше метр. Ол Бөген, Арыс өзендерінің суларымен толығып отырады. Бұдан бөлек ауданда Бөржар, Теспе су қоймалары бар.

Аудандағы жерасты суларының қоры ретінде Бөген жер асты су көздерін атауға болады, Қайнар, Визит, Бекзат бақ, Темірлан минералды суларына арнайы рұқсатпен пайдалануға берілген.

Ордабасы ауданы бойынша ірі қара 60600, қой және ешкі 351076, жылқы 20008, түйе 478 басқа жетті.

Жұртшылық шаруашылық малдарына қызмет көрсететін ветеринариялық-санитарлық объектілер: ветеринариялық станциялар-8, ұсақ малдарды шомылдыру орындары-24, жасанды ұрықтандыру пунктері-14, биотермиялық шұңқырлар саны-7.

Ордабасы ауданында жалпы жайылымдық жер 103992 гектарды құрайды, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылдың 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің, шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, мал басына шаққандағы жайылымды есептей келе барлығы 1 284 725 гектар жайылым жер учаскесі қажет екендігі анықталды.

Аудан бойынша барлығы 431684 бас (60600 ірі қара, 20008 жылқы, 351076 уақ мал, 478 түйе) көлемі 103992 гектар жайылымды пайдаланады, осы көрсетілген малдардың ішінде барлығы 17603 бас (5869 ірі қара, 1697 жылқы, 10037 уақ мал) мал бір орында, қоралық жағдайда ұсталалып, бордақыланады.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде Ордабасы ауданында жалпы 431684 бас малға көлемі 1 180 733 гектар жайылым жер жеткіліксіз екендігі байқалады.

Ордабасы ауданындағы жайылымдық жердің жеткіліксіздігін шешу үшін, жайылымдық жерлерге түсетін жүктемені азайтып, мал өсіруді жайылымдық-қоралық жүйеден жайылымды қажет етпейтін мал өсіру жүйесіне (қорада ұстап бағу, бордақылау) ауыстыру қажет.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.