Түркістан облысы: Ордабасы ауданында инвестициялық штабтың отырысы өтті

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиынға жауапты сала басшылары мен инвесторлар қатысты.

Отырысқа шетелдік және жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен жүзеге асырылатын бірнеше инвестициялық жобаның мәселесі (инфрақұрылым тарту, жердің аумағын нақтылау және т.б.) қаралды.

Мәселен, шетелдік инвестор «Central Asia Aluminum» ЖШС Бадам индустриялы аймағында альюминий профильдерін өндіру жобасын қолға алмақ. Жоба 2024 жылдың аяғында жүзеге асса, 200 адам жұмыспен қамтылады. Жобаның құны 4,4 миллиард теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып кеткен.

Жиында бұдан бөлек балаларға арналған ойын алаңшаларын жинау, металл өнімдері мен керамзит өндіру, тоқыма фабрикасы мен медициналық бұйымдарды шығару жобалары талқыланды.

Аудан әкімі шетелдік және отандық инвесторлармен бірлесе жұмыс жасауға дайын екенін айтып, жер мен инфрақұрылым мәселесі бойынша қолдау көрсетілетінін жеткізді. Жобаның жүзеге асырылуы барысында кездесетін кез келген мәселелер аясында тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев тиісті сала мамандарымен, мердігермен аудан орталығы Темірланға кіре берісте жүзеге асырылатын “Этноауыл” гүлзарының жобасын талқылады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin