Түркістан облысы: Ордабасы ауданында шахматтан облыстық турнир ұйымдастырылды

Бүгін “Медицина қызметкерлері күні” мерекесіне және аудандық орталық аурухананың құрылғанына 60 жыл толуына орай облыстағы медицина мекемелері қызметкерлері арасында шахматтан обылыстық турнир ұйымдастырылды.

Спорттық шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов пен «Ордабасы оттары» газетінің бас редакторы Ғалымжан Зиябеков, аудандық орталық аурухана басшысы Болатбек Сағымбеков арнайы қатысып, құтықтау сөз сөйледі.

Сайыстың қортындысы бойынша ер кісілер арасындағы жеңіпаздар былай анықталды:

1-ші орын — Ордабасы АОА:

2-ші орын — Облыстық клиникалық аурухана;

3-ші орын — Сайрам АОА.

Ал қыз-келіншектер арасындағы жеңіпаздар төмендегідей болды:

1-ші орын — Қазығұрт АОА;

2-ші орын — Ленгір қалалық емханасы;

3-ші орын — Түркістан облыстық перинаталдық орталығы.

Жалпы, турнирге ерлер арасында — 15 ауданнан, қыз-келіншектер арасында 12 ауданнан медицина мекеме қызметкерлері қатысты.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin