Түркістан облысы: Ордабасы ауданындағы шегемен сурет өрген ұстаздың еңбегі қалың жұрттың қызығушылығын тудырып отыр

Түркістан облысының Ордабасы ауданында жіп пен шеге арқылы сәндік кескіндемелер жасайтын ерекше ұстаз тұрады. Айрықша өнерімен таныла бастаған Айнұр Сапарқызы бүгінде Шұбарсу ауылындағы Балтабай Нұрлыбеков атындағы жалпы білім беретін мектепте көркем еңбек пәнінен сабақ береді.

Ерекшелігі сол, шебер ұстаз аз уақыт ішінде «String art» технологиясымен бейнелеуді қолға алып, қолөнер бұйымдарының қатарына қосып отыр. «String art» — шегелер мен жіптерге негізделген қолмен жасалынған өнер бағыттарының бірі. Ағылшын тілінен жолдар жол немесе арқан болып аударылады.

Өнер туындысы ретінде бірінші рет пайда болғаны белгісіз болғанымен оның тамыры XVII ғасырда Англиядан басталған деген мәліметтер де бар. Содан кейін XIX ғасырдың 40-шы жылдары қайта жанданды, бірақ өзгертілген түрінде. Ағылшын математика пәнінің мұғалімі Мэри Боу балаларға қызығушылық танытудың және алгебра мен геометрияны үйренудің бірегей әдісін ұсынды. Геометриялық фигураларды жасау үшін ағаш шкафтарында шеге созған.

Кейін геометрия мұғалімінің американдық дизайнер Джон Эйченгерді жалғастырды. Ол қызықты техникаға қызығушылық танытып, өзінің алғашқы картиналарын жасай бастады. Жұмыста Джон мандала шығыс өнеріне бет бұрып, тырнақтарда созылған жіптердің сызықтары символдық үлгіні қалыптастыра алатынын атап өтті. Калифорниялық дизайнердің алғашқы жұмысы «жол мандала» деп аталды.

String art — бұл сәндік кескіндеме жасау үшін жіп пен шегелерді қолданатын жаратылыс. «Стринг өнері» термині «сызық өнері» деп аударылуы мүмкін. Осындай суретті жасау үшін: тақтайша, жіп, тырнақ, балға және нобай қажет болады. Жұмыста бір түсті жіптерді монохромды бейнелерді алу үшін пайдаланылуы мүмкін, ал жарқын композицияларды алу үшін түрлі-түсті жіптерді қолдануға болады.

Алғаш ғаламтор желілерінен фигуралар мен графикалық картиналарды көріп, қызығушылығы оянған шебер өзінің алғашқы туындыларын жасай бастаған. Нәтижесінде алға қойған мақсатына ойдағыдай қол жеткізді. Болашақ ұрпаққа қазақтың біртуар зиялыларының есімдері мен бейнесін ел жадында мәңгі сақталуы үшін шегелер мен жіптер арқылы Абай Құнанбайұлының, Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсыновтың бейнесін жасап шыққан. Айнұр Сапарқызының айтуынша, алдағы уақытта осы өнер түрін өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді пайдалану үшін және өнерге қызығушылығын арттыру мақсатында білім алушыларға да үйретуді жоспарлап отыр.

Ордабасы ауданының Шұбарсу ауылындағы орта мектепте көретін дүние көп. Табалдырықтан аттағаннан оқушылардың қолынан шыққан әдемі дүниелер бірден көз тартады. Жуырда олардың қатарын ұлт зиялыларының бейнесі толықтырды. Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсынов ерекше әдіспен бейнеленген.

Көркем еңбек пәнінен дәріс беретін Айнұр Сапарқызының қолға алған еңбегі – Алаш зиялысы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың бейнесі. Алдымен тақтайға ұлы тұлғаны қаламмен салып алған ұстаз шегемен кескін беруде.

Үнемі ізденіс үстінде жүретін педагог ғаламтордан көрген стринг-арт өнері өзіне бірден ұнап қалғанын айтады. «Неге қарапайым шеге мен жіптен ұлт мақтаныштарын бейнелемеске?!» деген оймен 3-4 ай жүрген. «Қолымнан келе ме, жоқ па?» деп бастапқыда жүрексініп, қобалжығанын да жасырмайды. Тәуекел етіп алғаш қолға алғаны — ұлы ақын Абай Құнанбайұлының бейнесі.

«Өзім мүсіндер жасағанды жақсы көремін. Негізінде, сурет салғанды жақсы көремін. Ең алғаш өзіме қатты ұнағаны – жіптен кәдімгі бейне шығару. Былай қарап тұрсаң, оңай дүние емес, бірақ, білмеймін енді, өзіме қатты ұнады. Сосын қазақтың тұлғаларын жасайыншы деп бірінші қолға алдым» — дейді Айнұр Сапарқызы.

Айнұр стринг-арт өнерін әзірге бір оқушысына ғана үйретіп жүр. Негізгі кескін тақтайға шеге қағып шығарылатындықтан, балалар абайсызда қолын жарақаттап алады ма деп қорқатын көрінеді. Ерекше өнерге машықтанып, ұлы тұлғаларды бейнелеуге өз үлесін қосып жүрген Кәусар басында аздап қиналғанмен, қазір ынты-шындысымен қызыға өрнектеп жүр.

«Стринг-арт шыдамдылықты өте қатты талап етеді. Төзімділікті және де қолдың икемділігі ол өте маңызды болып саналады. Бара-бара қызықтым. Өйткені бұл өнер адамның ой-санасын және де қолының шеберлігін дамытады. Өте қызықты өнер. Және ұлы тұлғалардың бейнесін жасау деген өте керемет нәрсе деп айтсам болады» — дейді Кәусар Құрақбаева.

Бір жұмыстың нобайын жасауға 1 сағаттай уақыт кетеді екен. Онан соң жібін мұқият өріп шығады. Тапжылмай отырса, 4-5 сағат жеткілікті дейді. Әлихан Бөкейхановтң бейнесін аяқтағасын Айнұр Сапарқызы қазақтың қос батыр қызы Әлия мен Мәншүктің, сонымен қатар үш бәйтерек пен бес арыстың бейнесін кескіндемек.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin