Түркістан облысы: Ордабасы ауданындағы аппарат мәжілісінде бюджет пен салық түсімдеріне, индикаторлық көрсеткіштер мен тазалыққа, қоғамдық-саяси ахуалға қатысты келелі мәселелер талқыланды

Аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі болып өтті.

Күн тәртібінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева ағымдағы жылдың 8 ай көлеміндегі бюджеттің кіріс бөлігінің болжамы, салық қарыздарының өндірілуі жөнінде баяндама жасап, кірістер басқарамасы мен ауыл округ әкімдері тарапынан жүйелі, нақты жұмыстар жүргізілмеуі салдарынан салық түсімдерінің толыққанды орындалмау қаупі бар екендігін мәлімдеді. Сонымен қатар кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы салалары бойынша индикаторлық көрсеткіштердің жоспарларының орындалауын баяндады.

Мәжілістің бектілген жоспарына сәйкес екінші мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Жұманәлі Кадиев Бөржар, Шұбарсу, Бадам ауыл округтерідегі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының орындалу барысындағы орын алған кемшіліктерді сөз етті.

Жиында аудан әкімінің орынбасарлары Мейрамбек Ақмұратов, Қыдырбай Сейітқұл, Олжас Болатханұлы өздері жетекшілік ететін салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы ақпарат берді.

Аудан әкімі мәжілісті қорытындылап, бюджеттің кіріс бөлігінің, салық түрлерінің толыққанды орындалуы бойынша кірістер басқармасымен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізуді, бюджеттің шығыс бөлігінің игерілуін қамтамасыз етуді, индикаторлық көрсеткіштердің орындалуын салалық орынбасар мен жауапты бөлім басшыларына тапсырма беріп, күнделікті қадағалауды тапсырды.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының орындалуы әрбір елді мекендерде сапалы жүргізілуін, жазғы маусымда егілген ағаш, гүл көшетерінің суғарылуын аудан әкімі аппараты инспекторлары күнделікті қадағалап, мәлімет ұсынып отыруын міндеттеді.

Қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына кері әсер ететін факторлар орын алған жағдайда алгоритим бойынша шұғыл жұмыс атқаруды тапсырып, мәжілісте айтылған мәселелердің барлығын хаттамалық тапсырмаға енгізіп, орындалуын қатаң бақылау бойынша тапсырмалар берілді.

Тапсырма дегеннен шығады, бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша жиын өтті.

Басқосуда аудан басшысы бірқатар тапсырмалардың орындалуын сынға алып, сала басшыларына әр тапсырманың мерзімінде әрі сапалы орындалуымен құнды екенін ескертті:

— Ағымдағы жылға 40 хаттамалық тапсырма берілген. Тапсырмалардың басым бөлігі инфрақұрылым саласы бойынша. Аталаған санаттағы тапсырмалардың орындалу деңгейі ең төмен көрсеткіште. Сондықтан тапсырмалардың мерзімінде әрі сапалы орындалуына баса назар аударып, баяу жүргізіліп отырған жұмыстардың қарқынын арттыру қажет, — деді аудан әкімі.

Аудан басшысы берілген тапсырмаларды уақытында орындалмауы барлық салаларға кері әсерін тигізіп жатқандығын тілге тиек етті. Одан бөлек өзге де өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, бірқатар тапсырмалар берілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin