Түркістан облысы: Ордабасы ауданындағы индустриялды аймаққа тартылған әрбір жобаға қолдау көрсетілетін болады

Аудан әкімі Азат Оралбаев Бадам ауылындағы индустриялды аймақта болып, іске асырылып жатқан жоба иелерімен жиын өткізді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының халыққа жасаған жолдауында кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдайтындығын, мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән беретіндігін айтып, жобалардың іске асырылуы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, бәсекелестік ортаның қалыптасуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жеке инвестиция көлемінің артуына, аудан бюджетінің кіріс көзінің ұлғаюына, өнеркәсіп саласындағы өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемінің артуына үлкен мүмкіндік беретінін айтылған.

Аудан басшысы осы орайда әкімдік тарапынан әкімшілік кедергілерінің орын алуына жол бермеу, рұқсат беру құжаттарының рәсімдеу, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен қолдау тетіктерін дер кезінде ақпараттандыру және оны пайдалануда жобаларға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету бойынша сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді. Кәсіпорындар арасында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу керектігін және ирригациялық жүйелерді қоқыстан тазарту, көгалдандыру, интернет желісіне қосылу бойынша тиісті компаниялармен келісім шартқа тұру жұмыстарын ұйымдастыру, 16 мВт подстанция ауданның меншігіне қабылдап алу мен басқа да заң аясында жұмыстарды қысқа мерзімде аяқтау сынды тапсырмалар берді.

Жиыннан соң аудан басшысы бірқатар кәсіпорындарды аралап, өзекті мәселелерімен танысты.

Осы ретте атап өтер тағы бір мәселе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында суды барынша үнемдеу жұмысын ұйымдастыру, яғни су үнемдеу технологиясын, әсіресе, ауыл шаруашылығында кеңінен қолдану арқылы бұл салаға да инвестиция тартуға болатындығы жөнінде тапсырма берген болатын.

Осы бағытта кеше Ордабасы ауданының Төрткүл ауыл округінде шаруалармен «Дала күні 2024» семинары ұйымдастырылып, аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл ашып, жүргізіп отырды.

​Семинардың мақсаты — ағын суды үнемдеу технологияларын ендіру және минералды, органикалық тыңайтқыштарды қолдану арқылы сапалы мол өнім алу жолдарын қарастыру және заманауи технологияларды қолдану.

Семинарға «Агрисаенс» компаниясының Орталық азия бойынша бизнес дамыту менеджері Н.Құлмұратов, «Алем агро» холдингінің Түркістан облысы бойынша өкілі А.Ниязбеков, (минералды тыңайтқыштар, сапалы тұқымдар), «Байдала» ЖШС сату бөлімінің басшысы Ж.Таймұратов, «Метцер Қазақстан» Оңтүстік аймақтық өкілі С.Сартаев, (тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелері), «АэроТехно» компаниясының директоры Д.Бақытбек, (егістік алқаптарды дронмен өңдеу), «КазКиоти» ЖШС сату менеджері Р.Балпашев, «Тұрансу» ЖШҚ МКК жауапты маманы Д.Әбдішәкір қатысып, шаруалардың сұрақтарына жауап беріп, жаңа технологиялардың тиімділігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin