Түркістан облысы: Ордабасы ауданында пробация есебіндегі азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді

Ордабасы ауданында пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға арналған кешенді әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырылуда.

Кешегі өткен кездесуде аудан әкімінің орынбасары Ілияс Тұрнияз төрағалық еткен жұмыс тобы ауыл округі әкімдерімен, пробация қызметі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мансап орталығы өкілдерімен бірлесіп, аталған азаматтардың отбасылық және тұрмыстық жағдайларын талқылады. Іс-шараның негізгі мақсаты – пробация есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалту, олардың құқықтық және әлеуметтік мәселелерін шешу, жұмысқа орналасуына көмектесу және қайта қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу.

Кездесу барысында әрбір азаматтың жағдайы жеке қаралып, нақты көмек көрсету шаралары қабылданды. Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Өз кезегінде Төрткүл ауыл округінің әкімі өз баяндамасында қайта қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілген түсіндіру жұмыстары туралы мәлімдеді. Бұл шаралар азаматтардың қоғамға бейімделуіне және тұрмыстық қиындықтарды еңсеруіне бағытталғанын атап өткен жөн.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin