Түркістан облысы: Ордабасы ауданында орман және дала өрті дерегі тіркелмеді

Мамандар тілсіз жаудың алдын алу үшін жолдарда және егістік алқаптарда өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмысын жүргізді.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен орманшылар жергілікті жерде түсіндіруді бастады. Мақсат айқын. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Биыл жауын-шашынның аз жауғанына байланысты жасыл желек ерте қурап жатыр. Бұл өрт сөндірушілерді алаңдатады. Себебі мұндай кезде өрт туындау қауіпі арта түседі. Осы орайда тұрғындар тілсіз жауды болдырмаудың бірнеше жолын білуі керек. Ол үшін Ордабасы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары қауіпсіздіктің алдын алу жұмысын жүргізіп жүр.

Түркістан облысында 3,5 миллион гектарға жуық орман қоры бар. Оның 4 759 гектары Ордабасы ауданында орналасқан. Мұндағы қауіпсіздікті 13 орманшы қадағалайды. Олар күн жылына Арыс, Боралдай, Бадам өзендері мен Бөген су қоймасының айналасын келетін демалушыларға да түсіндіру жұмысын үздіксіз жүргізіп отырады.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin