Түркістан облысы: Ордабасы ауданының Бөржар ауылдық округінде тұрғындар көтерген мәселелер шешімін тауып келеді

Аудан әкімі Азат Оралбаев бекітілген кестеге сәйкес Бөржар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Халықпен кездесуге сондай-ақ аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бақытжан Бекбосынов пен “Amanat” партиясының аудандық бөлімшесінің жетекшісі, аудандық мәслихаттың депутаттары, салалық бөлімдердің басшылары, мекеме директорлары, ауыл оругтің белсенділері қатысты.

2023 жылғы есепті кездесулерде ауылдық округ бойынша 22 мәселе көтерілген. Оларды шешу бойынша арнайы іс-шара жоспары жасалған. Бүгінде олар кезең-кезеңмен шешілуде.

Сонымен, шешімін тапқан мәселелердің атын атап, түсін түстейік:

Қайнар ауылындағы А.Құмарұлы көшесі мен О.Ешимов көшесінің қиылысындағы апатты жағдайда тұрған электр бағанасы “Оңтүстік Жарық Транзит” ЖШС тарапынан 2023 жылдың қараша айында ретке келтірілді.

Сондай-ақ Шымкент-Арыс тас жолының Жамбыл ауылы арқылы өтетін аумағына «Сергек» бейнебақылау камерасы орнатылды. Сонымен қатар, жол кедергілері жасалды. Одан бөлек, Жамбыл елді мекеніндегі Қалау Датқа көшесінің қосымша трансформатор орналастырылды.

Қайнар елді мекеніндегі қаңғыбас иттерді аулап жою сұранысы бойынша Бөржар ауыл округінде 50 қаңғыбас ит мысық ауланды.

Ұялыжар елді мекенінен балалар ойын алаңшасын салу мәселесі көтеріліп, алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілді. Қалған мәселелер бақылауға алынып, салалық бөлімдер, ауыл әкімдігі тарапынан тиісті жұмыстар жүруде.

Аудан басшысы Азат Әбдіғалиұлы Бөржар ауылдық округінде 2024 жылы әр бағытта жүзеге асырылатын жобаларға, жұмыстарға кеңінен тоқталып, бөржарлықтардың сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ ауылдық округтің тұрғындарын “Таза Қазақстан” республикалық акциясына үлес қосуға шақырды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin