Түркістан облысы: Ордабасы ауданының Шұбар ауылында «Ауылым — алтын бесігім» өнер фестивалі дүркіреп өтті

Сонымен, Ордабасы ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылған “Ауылым — алтын бесігім” өнер фестивалі Шұбар ауылдық округінде дүркіреп өтті.

Фестиваль шұбарлық ардагерлердің ауданда жүзеге асырылып жатқан нысандармен танысуынан басталды. Мерекелік шара Шұбар елді мекенінің орталығында жалғасып, қолөнер шеберлерінің және мектеп оқушыларының бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ қатысушылар арнайы әзірленген ұлттық тағамдардан және сусындардан ауыз тиді. Ауылдық округтен шыққан спорт шеберлерінің жетістіктері мен марапаттары да паш етіліп, түрлі спорттық жарыстар өткізілді.

Аудан әкімі Азат Оралбаев шұбарлықтарға жүрекжарды құттықтауын жеткізіп, ауданның дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматқа алғыс жариялап, сый-құрмет көрсетті.

Өз кезегінде Шұбарда туып-өскен күміс көмей әншілер әннен шашу шашып, өнерпаздар өнерлерін ұсынып көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin