Түркістан облысы: Ордабасы ауданының әкімі жастармен емен-жарқын жүздесіп, сұхбат құрды

Аудан орталығы Темірлан ауылында жастар күні мерекесіне орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Ордабасы ауданына 60 жыл толуына орай, 12 тамыз – «Халықаралық жастар күніне» арналған шарада аудан орталығында құрылысы жүргізіліп жатқан Қажымұқан атындағы спорт кешені мен басқада құрылысы жүріп жатқан нысандармен танысудан бастау алып, ауылдық округтерден жиналған жастар «Орталық саябақта» аудан әкімі Азат Оралбаевпен кездесті.

Кездесу орталық саябақта ашық аспан астында ұйымдастырылды. Білімді, өнерлі жастардың өнерін тамашалап, кездесу алаңында аудан әкімі белсенді жастар тарапынан айтылған пікірлері мен жаңа бастамаларын тыңдады. Алдағы уақытта атқарылатын жастарға байланысты бірқатар жоспарлар талқыланды.

Мұнан соң, Жастар ресурстық орталығының алдында мерекемен тұспа-тұс отау құрып жатқан жас отбасының заңды түрде некелері қиылып, неке қию туралы куәліктері табыс ету рәсімдері өткізілді.

Кешкісін орталық ашық алаңда эстарада жұлдыздарының қатысуымен “Жастар алаңы” атты гала концертпен жалғасын тапты.

«Құрметті жастар! Құрметті аудан тұрғындары!

Баршаңызды 12 тамыз Халықаралық жастар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

«Ел ертеңі — жастар. Жастар қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін үлкен жауапкершілікке ие. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен модернизациялануы, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты.

Жастар — қай заманда, қай елде болмасын, асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы болған. Олар қоғамның белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жастар мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады.

Бүгінгі күні ауданымызда 14-35 жас аралығындағы жастардың саны 39 277 болса, бұл көрсеткіш аудан халқының 30.2 пайызын құрап отыр.

Ауданымызда Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жергілікті жерде жүзеге асыруда және насихаттауда аудандық «Жастар ресурстық орталығы» қызмет етеді.

Онда жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіру жолындағы маңызы зор шаралар, спорт және өнер үйірмелері тұрақты жұмыс жасайды. Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар да өз деңгейінде жүзеге асырылуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз» — деп атап өткен болатын.

Құрметті жалынды жастар!

Қоғамымыздың тұрақтылығын сақтау, Қазақстан халқының бірлігін нығайту, ұлттық келісімді насихаттау – бүкіл Қазақстан жастарының міндеті. Сондықтан еліміздің əрбір азаматы басты байлығымыз – Тəуелсіз Қазақстан екенін əрдайым естен шығармауы тиіс.

Бүгінде жастарға деген қамқорлық барлық салада көрініс беруде. Елімізде қабылданып жатқан мемлекеттік бағдарламаларда жастардың рөлі мен белсенділігіне айрықша мән берілген. Сіздерге мемлекет тарапынан мол мүмкіндіктер қарастырылып отыр.

Ендеше, аудан жастары мемлекетіміздің өркендеуі мен жарқын болашағы жолында жастық жалынымен, ерік-жігерімен, аянбай еңбек етіп, ел үмітін ақтайды деп сенемін.

Жастық шақтың күш-қайратын егемен елімізді өркендетуге жұмсай беріңіздер!

Өз мүмкіндіктеріңізді барынша пайдаланып, зор жетістіктерге қол жеткізіп, биік белестерден көрінулеріңізге тілектеспін.

Сіздерге зор денсаулық, толағай табыс пен бақ-береке тілеймін!

Мерекелеріңіз құтты болсын!» – деген аудан әкімі Азат Оралбаев аудан дамуына үлес қосып жүрген бірқатар белсенді жастарға алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыстады.

Жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға Ордабасы ауданынан шыққан өнерлі жастар мен танымал эстрада жұлдыздары әуелеген ән шырқап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin