Түркістан облысы: Ордабасы ауданының әкімі индикаторлық жоспарлардың толық орындалуы керектігін еске салды

Бүгін Ордабасы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен ауданның апталық мәжілісі болып өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Онда 9 айдың қорытындысымен индикаторлық және аудан бюджетінің күтілімді орындалулары туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева, отбасының цифрлық картасында Д және Е санаттағы отбасылардың санын төмендету бойынша атқарылған жұмыстар туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ардақ Талдыбаев, тұрғындардан түскен ұсыныс-пікірлер мен жеке қабылдауда көтерілген мәселелердің орындалу туралы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Маратбек Туреев, аудан әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімінің басшысы Арсылан Нуриддинов, абаттандыру күзгі тал егу жұмыстары бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Арман Искаков баяндама жасады. Сонымен қатар, 2024 жылғы күзгі әскер қатарына шақыру бойынша Ордабасы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Бақдәулет Ташпулатов хабарлап өтті.

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаеваның мәлімдеуінше, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша 9 айлықтың қорытындысымен индикаторлық жоспарлардың орындалуы туралы әр салаға жеке-жеке тоқталып өтті. Аталған мәселе бойынша аудан әкімі өз деңгейінде жұмыс жүргізбей жатқан ауыл әкімдері мен дербес бөлім басшыларын сынға алып, тиісті жұмыстарды толық орындауды тапсырды.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Азат Оралбаев 6 қазанда референдум өтетін сайлау учаскелерінің дайындығын көруді және күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі орынбасарларына, дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды міндеттеді.

Тағы айта өтер жайт, Мемлекет басшысы жекеменшік секторды білім саласына инвестиция салуға жағдай жасауға жергілікті атқарушы органдарға тапсырма берген болатын. Осы тапсырма аясында аудан орталығы Темірлан ауылында «Болашақ ұрпақ» мектебі ЖШС-нің типтік үлгідегі жаңа мектебінің ашылу салтанаты өтті. Түркістан облысында білім саласына жеке кәсіпкерлердің инвестиция салуына қолайлы жағдай жасалған. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде жеке инвесторлар тарапынан салынып жатқан мектептердің саны артып келеді.

Айтулы білім ордасының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл, мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Дулат Әбіш, Ғани Раймбеков, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей, ел ағалары арнайы келіп қатысып, қуанышты сәтімен құттықтады.

242 орынды «Болашақ ұрпақ» мектебі оқушылардың сапалы білім алуына заманауи мектеп жабдықтары мен пән кабинеттері, 4 бағытта 4 автобус, асхана, спорт зал, кітапхана, бейнебақылау камераларымен толық қамтылған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin