Түркістан облысы: Ордабасы ауданы бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясында абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Ордабасы ауданында қарқынды жүргізіліп жатыр. Аталған акцияға аудан тұрғындары, жастары мен еріктілері белсенді атсалысуда. Аудан көлемінде экологиялық акция аясында ағымдағы жылдың бүгінгі таңына дейін 30-ға жуық ауқымды сенбілік өткізілді.

Өткізілген сенбіліктер барысында  көше бойларын тазалау 1083 шақырымды құрады, 393,4 тонна қоқыс шығарылды, 17275 тал түптері әктелді, 18 шақырым өзендердің, каналдар мен бұлақтардың арналары жинап-тазаланды, 14000 шақырым үй қасбеттерін әктеу немесе сырлау жұмыстары, 44 автобус аялдамасы әктеліп, сырланды, 25100 дана ағаш, бұталар қырқылды. Жалпы, сенбілікке 11945 адам қатысып, 100 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нен босатылған 18075 түп (9950 емен, 6400 қараағаш, 300 самшит, 300 барбарис, 500 туя) ағаш көшеттері толығымен отырғызылды. Абаттандыру жұмыстары бойынша Темірлан елді мекеніндегі жол белгілері (разметка) сырланып, реттелді.

Ауыл округтеріндегі көшелерде, балалар және спорт ойын алаңшаларының аумағына санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу, абаттандыру, көктем мезгілінде егілген ағаш көшеттеріне күтім жасау, шөп ору, көгалдандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Мұндай ауқымды сенбіліктер ауданда жыл соңына дейін жалғасын табады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin