Түркістан облысы: Осы күнге дейін Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде ортақ жайылым үшін жалпы 22665,0 гектар жайылым жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты алынған

Бұл жөнінде Сауран аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Шохан Бақытұлы Алихановтың Сауран ауданы аумағында жер қатынастары саласындағы 2023 жылыдың  9 айында атқарылған жұмыстар туралы баяндауы барысында айтылды.

Бөлім басшысының сөзіне қарағанда, Сауран ауданы жер қатынастары бөлімі тарапынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу барысында 15 жер пайдаланушының жер учаскесін мақсатына сай пайдаланбай жатқандығы және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-бабының талаптарына сәйкес сақтамағандығы, яғни жер учаскесін игерілмей жатқандығы анықталды. Анықталған жер учаскелері бойынша акт түзіліп, Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне пайдалану және табысталу заңдылықтарына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуге және жер учаскесін қайтаруға ықпал жасау үшін хаттар жолданған.

Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдері тарапынан игерілмей және мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін анықтап жергілікті атқарушы органдарға ұсыну жұмыстары мүлдем жүргізілмепті. Жоғарыда анықталған жер учаскелеріне қатысты заңбұзушылықтар Сауран аудандық жер қатынастары бөлімі тарапынан жүргізіліп, анықталды.

Бұдан бөлек Шохан Бақытұлы Сауран ауданына қарасты ауыл округтердің елді мекен шегінде өз бетінше тұрғын үй салып, жер заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерді заңдастыру барысы туралы да сөз қозғады.

Сауран ауданы бойынша  өз бетінше 1136 тұрғын үй салып, пайдаланып жатқан жер учаскелері анықталды.

ҚР Жер кодексінің 147, 148-ші баптарындағы көрсетілген функциялар 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауылдық округтері әкімдірінің құзыретінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы түріндегі хаттама, нұсқама беру құзыреті алынып тасталып, Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментінің құзыретіне өткен. Бүгінгі таңда Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан айыппұл салу тәртібімен жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар Сауран аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Шохан Алиханов 2023 жылға жер қатынастары саласынан жер учаскесін сатудан аудандық, ауылдық округтер бойынша 303-101 төлем кодына түсетін түсімдер хақында да баяндады.

«Сауран ауданының жер қатынастары саласы бойынша кадастрлық бағалау құнынан есептелген жер учаскесін сатудан түсетін түсімдер бойынша Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 24-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінен  2026 жылдың 31 желтоқсанынан дейін сатып табыстау тоқтап тұрғандықтан және Сауран ауданы тек ауылдық округтерден құралғандықтан, аудан бойынша қойылған жоспарды орындай алмау қаупі бар. Қазіргі таңда 2021-2023 жылдар аралығынада жобаланған түсетін түсім бойынша 36 жер пайдаланушы жер учаскесін ұзартып сатып алудан түсетін салық Сауран аудандық салық басқармасы тарапынан 146 036 726  теңге түсетін түсімдер анықталды» — дейді бөлім басшысы.

Атауы Жоспар (теңге) Түскен (теңге)
1 Сауран ауданы 66 миллион 916 29  миллион  321 мың теңге
2 Ауылдық округтер 133  миллион  225 153  миллион  628 мың теңге
 Барлығы: 200  миллион  141мың теңге 183  миллион  949 мың теңге

Өз кезегінде Сауран аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Шохан Алиханов жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттықта (аукцион) сатылған жер учаскелері туралы мәлімет те ұсынды.

Сауран ауданының Шорнақ ауылдық округі аумағынан «госреестр» сайтына 5 жер учаскесі ұсынылып, нысаналы мақсатына сай көп пәтерлі тұрғын үйлер 2023 жылы 12 қыркүйекте ойнатылды. 2022-2023 жылдары Үшқайық ауылдық округінен 7 жер учаскесі, Ескі Иқан ауылдық округінен 1, Шорнақ ауылдық округі 4  жер учаскесі, Майдантал ауылдық округі аумағынан 5 жер учаскесі аукционға Қазақстан Республикасының Жер кодексінің Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу туралы 48-бабына сәйкес сауда-саттық (аукцион) өткізу үшін www.gosreestr.kz, веб сайтында орналастырылды.

 Сонымен қатар Сауран аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Шохан Алиханов Сауран ауданы бойынша ауылдық округтердегі елді  мекендерді ортақ жайылыммен қамтамасыз ету жоспарының орындалу барысын сөз етті.

«Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан ортақ пайдалануға Сауран ауданы бойынша берілген жоспар 126,9 гектар болатын. Оның ішінде: 48,5 мың гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару арқылы, 78,4 мың гектар жер учаскесін меморандум арқылы қайтару жоспарланған. Ал бүгінгі таңдағы жоспардың орындалуына келсек, мемлекет меншігіне қайтару жолымен 58,6 мың гектар жер учаскесіне мемлекет мұқтаждығына алу туралы қаулы қабылданған. Сонымен қатар 61,8 мың гектар жер учаскесіне шаруа қожалығы иелерімен келісімшарт түзумен меморандум арқылы елді мекеннің ортақ жайылымына келісілді. Жалпы жоспар бойынша орындалғаны 121 260 мың гектар жер учаскесін құрады. Бүгінгі таңда 10 жер учаскесі бойынша сотқа талап арыз жолданып, 1 жер учаскесі жалпы алаңы 200,0 гектар жер телімі сот шешімі негізінде мемлекет меншігіне қайтарылды. Алдағы уақытта ҚР Жер кодексінің 82-ші бабына сәйкес, өз еркімен немесе сот арқылы мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары толығымен жүргізілетін болады» — дейді ол. 

Осы күнге дейін Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде ортақ жайылым үшін жалпы 22665,0 гектар жайылым жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты (ГОСАКТ) алынған.

Сонымен қатар Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде ситуациялық сызбаға сәйкес мемлекеттік арнайы жер қорының есебіндегі жалпы алаңы 40000 мың гектар жер учаскелері әр ауылдық округтің теңгеріміне бекітіп беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерді мемлекетке қайтару бойынша Түркістан облысының жер ресурстар басқару департаменті тарапынан Сауран ауданына қойылған жоспарға сәйкес мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарының қамтамасыз ету жоспары 2023 жылға 30,0 мың гектар қойылған.

Оның қазіргі күнгі орындалуына келсек, 14,8 мың гектар мемлекет меншігіне қайтарылды, алдағы уақытта 16,2 мың гектарға әр ай бойынша қайтару жоспары бектілген.

Түркістан облысы жер қатынастары басқармасы тарапынан 2023 жылға елді мекендерді жайылыммен қамтамасыз ету бойынша жоспар 29,5 мың гектар қойылған.

Оның ішінде: 1-бағытқа 27,0 мың гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланса, 2-бағытқа 2,5 мың гектар жер учаскесін ортақ жайылым қажеттілігінен төмендету межеленген.

Орындалуына келсек, 1-бағыт бойынша 10,2 мың гектар мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал 2-бағыт бойынша 12,9 мың гектар жайылым жүктемесінен төмендетілді.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Сауран ауданы әкімдігі тарапынан Сауран ауданына қарасты жер учаскелерін аймақтарға бөлу және жер учаскелерінің түзету коэфициенттері, Сауран ауданы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын бекіту туралы 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №264, №67 бірлескен шешімі және Сауран ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы №65 шешімен бекітілді.

Еске салайық, Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, ҚР Жер балансына сәйкес жайылымдық жерлер 183,4 миллион гектарды құрайды, оның ішінде:

– 82,4 миллион гектар — ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;

– 63,9 миллион гектар — босалқы жерлер;

– 21,2 миллион гектар — елді мекендерге іргелес жерлер;

– 15,9 миллион гектар — басқа санаттағы жерлер (орман қоры, ерекше қорғалатын табиғат аумағы, өнеркәсіп жерлері).

Ауыл шаруашылығы министрлігі жүргізген талдау мен әкімдіктердің деректеріне сәйкес, жеке қосалқы шаруашылықтарда жайылымға жайылатын 5,7 миллион шартты бас ауыл шаруашылығы жануарлары бар. Жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің рұқсат етілген шекті нормативтері бойынша жеке қосалқы шаруашылықтардың малдарын жаю үшін қосымша 8,9 миллион гектар жайылым қажет.

Бұл көбінесе жеке қосалқы шаруашылықтарда ауыл шаруашылығы жануарлары санының айтарлықтай өсуіне байланысты. Мысалы, соңғы 10 жылда тек ірі қара мал басы 7,7%-ға өсті. Ал Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары сияқты өңірлерде мал басының өсу қарқыны шамамен 16%-ды құрады. Сонымен қатар ұйымдасқан шаруашылықтарда 5,9 миллион шартты бас ауыл шаруашылығы жануарлары бар, яғни жайылымдардың есептік резерві 30,4 миллион гектарды құрауы мүмкін.

Республиканың 17 облысының ішінен жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жаюы үшін 15 облыста жайылымдардың тапшылығы байқалады, әсіресе, Түркістан, Қызылорда, Алматы және Атырау облыстарында.

«Жайылымдардың жетіспеушілігі орын алып отырған уақытта елдің жер ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану мәселелері бірінші орында тұруы тиіс. Осыған байланысты, өткен жылы мемлекетке 5,2 миллион гектар пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін жер пайдаланушылар 1,85 миллион гектар алаңда өздерінің ауыл шаруашылығы жерлерін игеруге кірісті. Аталған көрсеткіштер 2021 жылмен салыстырғанда 10 есе көп», — дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері.

Ведомство басшысы осы жұмыстың маңызды аспектісі Мемлекет басшысының 2022 жылғы 9 тамыздағы жер қатынастары саласындағы тексерулерге мораторийді алып тастауы, сондай-ақ жерлерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік бақылауды жетілдірудегі жұмыстар екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекет басшысының 2023 жылдың соңына дейін қосымша 5 миллион гектар пайдаланылмайтын жерлерге қатысты шаралар қабылдау жөніндегі тапсырмасын орындауға кірісті.

Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша ғарыштық мониторинг деректері негізінде Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген 5 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша 2023 жылға арналған жоспарды әзірледі және осы жоспарды аудандар бөлінісінде облыстар бекітті.

Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп осыы жылдың 16 қаңтарында мемлекетке қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы jerkarta.gharysh.kz геосервисті әзірлеп, іске қосты. Осылайша, жалпыға қолжетімді интерактивті карта азаматтардың ауыл шаруашылығы жерлеріне құқық беру туралы жергілікті атқарушы органдарға өтініш берулеріне бағдар болады. Және де жылдар бойы пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тартуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығымен айналысу үшін тұрғындарды қажетті учаскелермен қамтамасыз етуге негіз болады.

Сонымен қатар интерактивті картаны енгізу айтарлықтай дәрежеде әлеуметтік әсер береді, жер учаскелеріне қатысты алаяқтық процестерді азайтады және пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару бойынша мемлекеттік аппараттың жүргізіп жатқан жұмысына халықтың бағасын алуға оң әсер етеді деп күтілуде.

«Жергілікті халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында кешенді шаралар қабылдау қажет. Бүгінгі таңда жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерге деген немқұрайлықтарынан эрозияға ұшыраған және эрозиялық-қауіпті ауыл шаруашылығы жерлерінің алаңы 90 миллион гектардан асады, оның 29,3 млн гектары іс жүзінде эрозияға ұшыраған және одан әрі пайдалануға жарамсыз. Осыған байланысты, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен бірлесіп жердің одан әрі тозуын болдырмау, әсіресе елді мекендердің маңындағы жемшөп алқаптарын жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде», — дейді сала жауаптылары.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2022 жылдан бастап 205,4 миллион гектар алаңда ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру жүргізілді, бұл республиканың 272,5 миллион гектар аумағының 75%-ын құрады. Цифрлық ауыл шаруашылығы картасы ауыл шаруашылығы алқаптарының барлық түрлерін қамтиды, контурлар, жол желісі, гидрография, инфрақұрылым объектілері туралы мәліметтермен толтырылып, жергілікті халықтың жайылымдарға байланысты проблемалық мәселелерін шешу үшін жерлердің жемшөп сыйымдылығы туралы ақпаратты қамтитын болады.

«Қажетті ақпарат көлемі бар цифрлық ауыл шаруашылығы картасы 2024 жылдың соңында аяқталады және ауыл шаруашылығы жерлерін одан әрі қайта бөлуге мониторинг жүргізу үшін негіз болады», — дейді Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауаптылары.

Жергілікті атқарушы органдар жергілікті халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшін жайылымдармен қамтамасыз ету мәселелерін шешу мақсатында «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы шеңберінде ұйымдасқан шаруашылықтардың жүктелмеген жайылымдарын қайта бөлуге бағытталған 1 немесе 2 жыл мерзімге Жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарларды әзірлеуде және бекітеді.

Бүгінгі таңда жоспарланған 188 Жайылымды басқару жоспарының 148-нің күші бар. Осылайша, қазіргі уақытта Жайылымдарды басқару бойынша 40 жоспардың мерзімі аяқталып, оларды қайта бекіту бойынша әкімдіктермен жұмыстар жүргізілуде.

Халықты жеке ауладағы жайылымдық жерлермен қанағаттандыру мақсатында 2022 жылы жергілікті атқарушы органдар мынадай шаралар қабылдады:

  • іргелес жатқан босалқы жерлерді елді мекендердің жерлеріне қосу арқылы жалпы алаңы 421,2 мың гектар елді мекендердің шекаралары кеңейтілді;
  • босалқы жерлерден 2,4 миллион гектар жергілікті халыққа қайта бөлінді;
  • 22,7 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптарын жайылымға трансформациялау жүзеге асырылды;
  • 325,5 мың гектар халықтың жайылымдардағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін алып қойылды;
  • 1,2 миллион гектар жер резервке қойылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік бақылауды жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Жалпы республика бойынша ауыл тұрғындарының мал басын жайылымдармен қамтамасыз етуде оң динамика байқалады.

Соңғы 2 жылда прокуратура органдарымен және әкімдіктермен бірлесіп атқарылған шаралар, жергілікті тұрғындардың жайылым тапшылығын 8,9 млн гектарға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі мамандарының пікірінше, әкімдіктерге:

  • осы бағыттағы жұмысты күшейту және қалыптасқан әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету жөнінде пәрменді шаралар қабылдау;
  • Жайылымдарды басқару бойынша 40 жоспарды бекіту жұмыстарын жеделдету және оларды жергілікті жерлерде сапалы іске асыруды қамтамасыз ету;
  • жердің одан әрі тозуын болдырмау үшін, оның ішінде біржылдық және көпжылдық дақылдарды егу арқылы жайылымдарды түбегейлі және үстірт жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізу;
  • жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажет.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin