25 қазан — Республика күні мерекесіне орай, Шеңгелді ауылы жастарының арасында кіші футболдан турнир ұйымдастырылып, «Шеңгелді кубогы» сарапқа салынды. Турнирді Шеңгелді шағын жинақты жалпы орта мектебін 2012 жылы бітірген түлектері жоғары деңгейде өткізуге атсалысты.
Сайыс нәтижесінде «Көкбөрі» командасы 1-ші орын — 70000 теңге, «Барыс» командасы 2-ші орын -50000 теңге, «Достар» командасы 3-ші орын — 30000 теңге жүлдесіне ие болды. Жеңімпаз командалар қаржылай сыйлықтарын ауылдағы оқыс жағдайға тап болған 1,5 жастағы баланың еміне беруге ниетті екенін айтып, жас сәбидің әкесіне табыстады. Осылайша салауатты өмір салтын ұстанып, қиындықта бір-біріне қолдау көрсеткен ауыл азаматтарының ісі елді сүйсінтті, көпке үлгі болды. Жарайсыңдар, жігіттер!
«ANYQ.KZ»-ақпарат.