Бұл жөнінде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Отырар ауданында жалғасқан халықпен кездесуінде айтылған болатын. Тарихи өлкеде ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды. Елмен еркін диалог орнап, өзекті мәселелер ортаға салынды.
– Бұл аймақ Түркістан қаласымен бірге дамиды. Туристік әлеуеті өте жоғары. Қасиетті Арыстан баб кесенесі, Отырар қалашығы және өзге де тарихи орындар саяхатшыларды қызықтырады. Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану керек. Әсіресе, инвестиция тарту, кәсіпорындарды көбейту жұмыстарын күшейту маңызды. Алдағы екі жылда ауданда 16 миллиард теңгеге 9 инвестициялық жобаны іске асыру пысықталуда. Оның ішінде ірілеріне тоқталып өтсем, «Arm Wind» серіктестігінің қуаттылығы тәулігіне 50 мВт-ты құрайтын күн электр станциясы салынып жатыр. Балық шаруашылығына қажетті құрама жем шығару жобасы да маңызды. Жоба құны – 1,2 миллиард теңге. Сонымен бірге құны 1,1 миллиард теңгелік «Ontustik Altair» 400 ірі қара малға арналған сүт фермасы және жем шығару цехы да іске қосылады деген жоспар бар. Ауданды дамыту жұмыстары жалғасады. Бұл ретте сіздер де сол жұмысты қадағалап, назарда ұстауларыңыз керек. Мәселелерді ақылдасып шешуге дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.
Инвестиция демекші, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған даму тұжырымдамасының жобасы әзірленген болатын. Аталған құжатқа сәйкес, алдағы 5 жылда Түркістан өңірінде ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі мен еңбек өнімділігін 2 есеге, салаға тартылатын жеке инвестициялар көлемін 6 есеге, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,3 есеге ұлғайту көзделіп отыр. Өңір басшысы жауапты басқарма мен аудан, қала әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.
– Өңірімізде ауыл шаруашылығы саласын жан-жақты дамытудың барлық жолы, тәсілі қарастырылады. Тұжырымдама нақтыланып, толықтырылады. Ол үшін мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, қайта өңдеу және өзге де салалар бойынша сарапшылардың ақыл-кеңесі назарға алынады. Бұл ретте аудан, қала әкімдері өздеріңіз басқаратын аймақтың ерекшелігіне сай нақты ұсыныстарды берулеріңіз керек. Кейбір аудандарда агроиндустриалды аймақ ашамыз, кейбір аудандарда жеке шаруашылықтарға басымдық береміз. Қосымша жылыжай шаруашылықтарын дамыту үшін газ, энергия мәселелеріне жеңілдіктер қарастыру көзделіп отыр. Екіншіден, былтыр біраз ауданда ауыл шаурашылығы бойынша жоспар орындалмады. Инвестициялық жобалар аз. Сондықтан жауапты орынбасарға осы салаға қатысты жұмысты жандандыруды тапсырамын. Өз міндетін дұрыс атқармаған аудан, қала әкімдіктеріндегі жауапты басшылардың жұмысы қадағалансын. Биылға жоспарланған индикаторлар толық жүзеге асырылуы тиіс. Тұжырымдаманы толықтыру жұмысы жеделдетілсін. Бұл – облыс тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеру және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау үшін маңызды жоспар, – дейді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының айтуынша, тұжырымдамаға сәйкес, АӨК негізгі капиталы мен тамақ өндірісіне тартылған жеке инвестициялар көлемін 6 есеге арттыру межеленген. Яғни, 84,9 млрд. теңгеден 481,1 млрд. теңгеге дейін көбейтілмек. Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемін 1,03 трлн. теңгеден 2,12 трлн. теңгеге дейін көбейту жоспарланып отыр. Ал АӨК қайта өңделген өнімдерінің экспорты 136,9 млн. АҚШ долларынан 310,5 млн. АҚШ долларына жетеді деген жоспар бар.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру арқылы егіс көлемі 869,8 мың гектарға жеткізіледі (2022 ж. 859,9 мың га), мақта дақылы 46,3 мың гектарға қысқартылып, дәнді дақылдар, көкөніс, бақша және малазықтық дақылдардың көлемі ұлғаяды. Жылыжайлар көлемі 1569 гектардан 2118,6 гектарға ұлғаяды (+ 550 гектар), қарқынды баудың көлемі 4740 гектардан 8520 гектарға жеткізіледі (+3780 гектар). Мақта талшығын терең қайта өңдеу көлемін 17,0 мың тоннадан, 66 мың тоннаға арттыру жұмысы жүреді. 5 жылда 12 тоқыма тігін фабрикасын ашу, мақта шаруашылықтарын 2027 жылдан бастап жергілікті элиталық тұқымдармен 100 % қамтамасыз ету жоспарланған. 5 жылда жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу үлесін 0,23 %-дан 10 %-ға, ет өнімдерін өңдеу үлесін 12,3 %-дан 34,0 %-ға, сүт өнімдерін өңдеу үлесін 13,6 %-дан 31 %-ға ұлғайту көзделген.
Аудан, қала әкімдіктерінен алдын ала 2023-2027 жылдарға жалпы құны 320 млрд. теңгені құрайтын 109 жоба инвестициялық жоба тізімі анықталды. Оның ішінде биыл құны 29,4 млрд. теңгені құрайтын 36 жоба енгізілген. Инвестициялық жобалар тізімін кеңейту, өзектендіру жұмыстары жалғасады.
Отырар ауданындағы кездесуде тұрғындар тарапынан түрлі бағытта сұрақтар қойылды. Инфрақұрылым, ауыз су, жол салу, шіркейден залалсыздандыру, жердің құнарын арттыру және өзге де түйткілдер тарқатылды. Осы күні өңір басшысымен бірге құқық қорғау орган жетекшілері мен басқарма басшылары да бірыңғай қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініштерін тыңдады. Тұрғындар құзырлы орган басшыларымен еркін пікір алмасып, көкейдегі сауалдарын қойды. Бірқатарының шешімі сол сәтте айтылса, басқа өтініштер назарға алынды.
Былтырғы кездесу нәтижесі бойынша ауданда біраз өтініш орындалған. Бірқатарына тоқталсақ, Отырар ауданының зейнеткерлері аудан орталығында ардагерлерге арналған демалыс орнын ашу мәселесін көтерген болатын. Шәуілдір ауылындағы бұрынғы қонақ үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, былтыр қыркүйек айында ардагерлерге арналған демалыс орны пайдалануға берілді. «Шәуілдір-Көксарай» жолын жөндеу бойынша өтініш айтылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Талапты ауылының тұрғындары табиғи газды тезірек беру мәселесін көтерген болатын. Желтоқсан айынан бастап Талапты ауылы табиғи газға қосылған.
Өткен жылдың қорытындысына орай Отырар ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі 18,8 миллиард теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 4 миллиард теңгеге артты. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 25 миллиард теңгеге жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 8 миллиард теңгеге артқан. Ауыл шаруашылығы саласында былтыр 35,5 миллиард теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Осы жылдың көктемгі дала жұмыстарына мемлекет тарапынан ауданға төмендетілген бағамен 2 мың тоннаға жуық дизель отыны бөлінді. Балтакөл, Қарғалы ауыл округтерінде биыл «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырылып, жеңілдетілген несиелер берілмек.
Осы тұста тереңірек тоқтала кетейік, Түркістан облысына 2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға Түркістан облысына республикалық бюджеттен 11,0 млрд. теңге несие қаражаты бөлінген болатын. Енді өңірге қосымша 8,7 млрд. теңге қаражат қарастырылып отыр.
Енді соған сәйкес 16 ауданнан анықталған 32 ауылдық округке қосымша әр аумақтан 2 ауылдық округтен қосу жоспарлануда. Бұл мақсат биыл шілде айынан бастап жүзеге асып, өңір бойынша жалпы 64 ауылдық округ қамтылады. Аталған жоба ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құстың санын көбейтуге, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Несиелерді қаржыландыру бойынша 6 бағыт іріктелді. Олар:
➢ Өсімдік шаруашылығын дамыту;
➢ Мал шаруашылығын дамыту;
➢ Құс шаруашылығын дамыту;
➢ Балық шаруашылығын дамыту;
➢ Ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау;
➢ Тұрғындардың өз кәсібін ашу.
Жобаны тиімді жүргізу үшін өңірде жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдық беріледі. Үміткерлер қатысатын ауылдық округтерде 44 кооператив бекітіліп, әлеуетті несие алушылардың тізімі жасақталды. Қазіргі таңда, несие қаржысын таратушы әрі сенім білдірген өкіл ретінде «Түркістан ӘКК» АҚ тиісті шараларды атқаруда.
Еске салсақ, облыстық барлық ауылдық округтерінде скринингтер жасалып, тұрғындар сауалнамаға қатысты. Жалпы жоба аясында 2200 (орта несие қаражаты көлемі 5,0 млн. теңге) бірлікке жуық микрокредиттер беріледі. Нәтижесінде бағдарлама аясында 2 300 жаңа жұмыс орны құрылып, өңірдегі атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы санын төмендету көзделген.
Қазіргі таңда пилоттық жобаға қатысатын қосымша екі ауылды аудан әкімімен бекітіп, салалық басқарма мен «Түркістан ӘКК» және «Ырыс» МҚҰ өкілдерімен алдын ала жоспарланған жобаларды келісу жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, 18 сәуірден бастап несие құжаттар қабылдау басталып, бүгінге дейін 847 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 459 өтінімнің 2,8 млрд. теңгелік құжаттары қаралу сатысында болса, несие комитетімен 1,1 млрд. теңгенің 248 құжаты мақұлданды.
Бағдарламаға қатысып, несие алу үшін, өңір тұрғындары ауыл әкімдіктеріне өтінім береді. Несие алатындар зейнет жасынан аспауы қажет. Сондай-ақ кәсіпті ашу үшін оқыту жұмыстары да тегін жүргізіледі. Егер де несиесін толық жауып, кәсібін дамытатын болса, жеңілдетілген несиеге қайта қол жеткізе алады.
Жоба аясында жеке қосалқы шаруашылық пен жеке кәсіпкерлер үшін 8 625 000 теңгеге дейін, ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері үшін 27 600 000 теңгеге дейін несие беріледі. Микрокредит мерзімі – 5 жыл, ал, мал шаруашылығы жобаларына 7 жылға дейін беріледі. Жылжымайтын кез келген мүліктің 70 пайызы бағаланады. Несиені өтеуге берілетін жеңілдік кезеңі – 12 айға дейін.
Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасы елімізде 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады.
Сонымен қатар Шәуілдірде «Жайлы мектеп» жобасы аясында 600 орынды жаңа мектептің кұрылысы жоспарлануда. Талапты ауылында бір ауысымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияны салуға қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Маяқұм, Отырар, Аққұм, Сарыкөл елді мекендерінің ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджет есебінен 70 млн. теңге қаралды. Табиғи газ жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында Қарғалы, Арыс, Шойманов, Көкмардан, Шытты, Сырдария, Сарыкөл елді мекендерін газдандыру жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2023 жылы Ақтөбе, Ақкөл, Арыс, Отырар, Көксарай, Қоғам, Ынталы, Көкмардан елді мекендерінде 14 көшені орташа жөндеу жұмыстарына 518 миллион теңге бөлінген. Ауданның инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
Hello it’s me, I am also visiting this web site daily, this site is actually pleasant and the viewers are truly sharing good
thoughts.
excellent put up, very informative. I ponder why the opposite experts of this
sector do not understand this. You should continue your writing.
I’m sure, you’ve a huge readers’ base already!
Pretty! This was an incredibly wonderful post.
Many thanks for providing these details.
Hey I am so thrilled I found your website, I really found you by error, while I was looking on Aol for something else, Anyhow I am here
now and would just like to say thanks for a incredible post and a all round interesting blog (I also love the theme/design), I don’t have time
to read it all at the moment but I have saved it and also included your RSS feeds, so when I have
time I will be back to read more, Please do keep up the superb job.
Hi it’s me, I am also visiting this web site regularly, this website
is in fact good and the viewers are in fact sharing fastidious thoughts.
This is a topic which is close to my heart… Cheers!
Exactly where are your contact details though?
Just desire to say your article is as astonishing. The clarity in your
put up is just spectacular and that i can think you are knowledgeable in this subject.
Fine along with your permission allow me to clutch your RSS feed to keep up to date with approaching post.
Thanks a million and please continue the gratifying work.
What a data of un-ambiguity and preserveness of precious knowledge regarding unexpected
feelings.
I like what you guys are usually up too. This type of
clever work and exposure! Keep up the wonderful works guys I’ve you guys
to blogroll.
https://solo.to/kobet1
https://www.outlookindia.com/plugin-play/ED8590ED8590EBB2B3-EB8F99EC9DBC-EC8694EBA3A8EC8598-EBA994EC9DB4ECA080EC82ACEC9DB4ED8AB8-EBAAA8EC9584EBB3B4EAB8B0
http://www.thedreammate.com/home/bbs/board.php?bo_table=free&wr_id=1662869
https://tailorship.kr/bbs/board.php?bo_table=free&wr_id=96242
http://baghug77.com/bbs/board.php?bo_table=free&wr_id=1053864
http://danhanapoolvilla.com/bbs/board.php?bo_table=free&wr_id=5020
https://www.genosislab.com/bbs/board.php?bo_table=free&wr_id=1937