Түркістан облысы: Отырар ауданындағы жолдың сапасы қандай және жолаушы тасымалы қалай ұйымдастырылған?             

Автокөлік жолдарының сапасына қарап ауданның дамуына баға беретін болсақ, Отырар ауданы көлеміндегі автокөлік жолдардың жалпы ұзындығы 822,18 шақырымды құрайды. 2021 жылы ұзындығы 16,111 шақырым болатын 21 ішкі көшеге (сметалық құны — 266,3 млн. теңге) ағымдағы және орта жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Нәтижесінде, қанағаттанарлық жағдайдағы автокөлік жолдарының ұзындығы 640,26 шақырымға немесе 77,9% құрап отыр. Бұл — Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің жауаптылары келтірген деректер.

Ал 2022 жылы ұзындығы 18,504 шақырым болатын 26 ішкі көшеге (сметалық құны — 303,8 млн. теңге) ағымдағы және орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде жылдың соңына дейін қанағаттанарлық жағдайдағы автокөлік жолдарының ұзындығы 640,26 шақырымды немесе 80,1% құрамақ.

Ауыл округі атауы Көше атауы Сметалық құны, мың теңге Ұзындығы,    метр Ені, метр Жұмыс түрі
1 Ақтөбе 1 17 219,1 810,0    
    Ақтөбе е/м Бірлік көшесіне орта жөндеу 17 219,1 810,0 4,7 Асфальт төсеу
2 Аққұм 1 16 359,0 1 066,0    
    Аққұм е/м Л.Оспанов көшесіне орта жөндеу 16 359,0 1 066,0 4,7 Асфальт төсеу
3 Балтакөл 1 30 054,4 1,3    
    Балтакөл е/м Т.Әбуова көшесіне орта жөндеу 30 054,4 1,3 7 Асфальт төсеу
4 Көксарай 2 33 027,6 2 495,0    
    Ызакөл е/м Тәуелсіздік көшесіне ағымдағы жөндеу 7 159,3 1 300,0 5 Тас төсеу
    Көксарай е/м Нұр көшесіне орта жөндеу 25 868,2 1 195,0 4,5 Асфальт төсеу
5 Қарақоңыр 2 14 537,5 885,0    
    Ш.Қалдаяқов е/м Шаттық көшесіне орта жөндеу 5 064,4 350,0 4,7 Асфальт төсеу
    Ш.Қалдаяқов е/м Сақов көшесіне орта жөндеу 9 473,1 535,0 4,5 Асфальт төсеу
6 Қарғалы 2 8 834,9 864,0    
    Қарғалы е/м Бейбітшілік көшесіне ағымдағы жөндеу 3 619,4 324,0 4,7 Тас төсеу
    Отырар е/м Сулы-кесік көшесіне ағымдағы жөндеу 5 215,6 540,0 5 Тас төсеу
7 Қоғам 2 18 180,8 1 773,0    
    Қоғам е/м Ынтымақ көшесіне ағымдағы жөндеу 8 205,8 1 123,0 5 Тас төсеу
    Мыңшұқыр е/м №2 көшесіне орта жөндеу 9 974,9 650,0 4,7 Асфальт төсеу
8 Маяқұм 1 34 466,3 1 800,0    
    Маяқұм елді мекені Т.Бойтанов көшесін орта жөндеу 34 466,3 1 800,0 4,7 Асфальт төсеу
9 Отырар 2 17 931,7 2 040,0    
    Арыс е/м Асанқайғы көшесіне ағымдағы жөндеу 7 073,0 840,0 5 Тас төсеу
    М.Шойманов е/м Сырым Батыр көшесіне ағымдағы жөндеу 10 858,7 1 200,0 5 Тас төсеу
10 Талапты 2 10 792,3 700,0    
    Көкмардан е/м Болашақ көшесіне орта жөндеу 5 396,1 350,0 4,7 Асфальт төсеу
    Көкмардан е/м Бірлік көшесіне орта жөндеу 5 396,1 350,0 4,7 Асфальт төсеу
11 Темір 2 30 576,2 2 000,0    
    Темір е/м Ы.Мызанбаев көшесіне орта жөндеу 10 767,2 700,0 4,7 Асфальт төсеу
    Темір е/м Жаңа көше көшесіне орта жөндеу 19 809,0 1 300,0 4,7 Асфальт төсеу
12 Шілік 2 26 582,8 1 600,0    
    Жаңа Шілік е/м Қажымұқан көшесін орта жөндеу 20 321,5 1 200,0 4,7 Асфальт төсеу
    Жаңа Шілік е/м Ж.Жабаев көшесін орта жөндеу 6 261,3 400,0 4,5 Асфальт төсеу
13 Шәуілдір 6 41 715,3 2 528,0    
    Шәуілдір е/м С.Сейфуллин көшесін орта жөндеу 13 044,7 640,0 4,7 Асфальт төсеу
    Шәуілдір е/м Р.Әбдіраймов көшесін орта жөндеу 11 779,9 800,0 4 Асфальт төсеу
    Шәуілдір е/м Қ.Жақсылықова көшесін орта жөндеу 5 420,7 348,0 4,5 Асфальт төсеу
    Шәуілдір е/м Ж.Тұяқбаев көшесін орта жөндеу 4 679,2 300,0 4,5 Асфальт төсеу
    Шәуілдір е/м Саржайлау көшесін орта жөндеу 3 756,8 240,0 4,5 Асфальт төсеу
    Шәуілдір е/м Қ.Мұңайтпасов көшесін орта жөндеу 3 034,0 200,0 4,5 Асфальт төсеу
Жиынтығы 26 300 277,8 18 562,3    

 Ал жолаушылар тасымалы туралы айтсақ, ауданда әлеуметтік 2 ауданішілік бағыт айқындалған. Ауданішілік бағыттарға қызмет көрсететін 3 қоғамдық көлік бар. Оның 3-уі –  (100%) 7 жылға дейінгі автокөлік. 2021 жылы бірде-бір қоғамдық көлік жаңартылған жоқ. 2022 жылға аудандық бюджеттен 3,6 млн. теңге субсидия қаралған. Аудан бойынша тек қана Шәуілдір ауылында автобекет бар, ал қалған ауылдарда автовокзал, автобекет немесе жолаушыларға қызмет көрсету пункті жоқ.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.