Түркістан облысы: Отырар ауданында «Абай оқулары» республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті

Отырар ауданының Көксарай ауылындағы Мұхтар Әуезов жалпы білім беретін мектеп базасында “Абай оқулары” республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті.

Байқау мақсаты — қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлттың рухани мұрасын кеңінен таныту. Байқау 6 номинация бойынша ұйымдастырылды.

Қорытынды нәтижесінде облыстық кезеңге Ө.Жәнібеков, Ғ.Мұратбаев, Ш.Уәлиханов, Қ.Мұңайтпасов, Жамбыл атындағы мектеп оқушылары жолдама алды.

Осы орайда аудан көлеміндегі білім ошақтарынан азды-көпті ақпараттар бере кетсек. «М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минисртлігі бекіткен оқу бағдарламасына сәйкес, 10-сынып оқушыларлымен өткізілетін 5 күндік ( 30 сағаттық) әскери оқу-дала жиынына практикалық жаттығуларды орындауларын мақсатында, оқу жылының соңында 4 сағат көлеміндегі қорытынды тексеру сабақ-сынақтарына қатысуға 2024 жылыдың 13-17 мамыр аралығында 10-сынып оқушылары қатыстырылды. Әскери оқу дала жиынын өткізу алдында жиынға баратын оқушыларға өмір қауіпсіздігі ережелері бойынша әскери дайындық жетекші А.Шайман түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

“Таза Қазақстан” акциясы аясында химия пәнінің мұғалімі Г.Нысанбаева мен зертханашы А.Утемисованың ұйымдастыруымен 8 «Ә» сынып оқушыларына «Табиғаттағы су» тақырыбына сайыс сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушылардың су туралы білімдерін тереңдетіп, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, дара тұлға болып қалыптасуға тәрбиелеу. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындап, мақал-мәтелдерді құрастыруда және қызықты тәжірибелер жасауда қызығушылықтары артып, белсенділік таныта білді

Шет тілі пәні мұғалімі А. Ибрагимова 2023-2024 оқу жылына бекітілген жоспарына сәйкес 3 «А» сыныбында «Fun places» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: оқушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, тақырыпқа сай еркін сөйлем құрай білу. Мұғалім сабақ барысында өз мақсатына жету жолында оқушыларға түрлі тапсырмаларды орындатып, ойындар ойнатты. Сабақ өте тартымды, әрі қызықты өтті.

«Парасат» үйірме жетекшісі А.Әсетова «Білім кілті — интернет» тақырыбында дебат (пікірсайыс) өткізді. Дебатқа «Интернетті жақтаушылар» және «Интернетті даттаушылар» командалары қатысып, тартымды пікірталас өтті. Ойынның соңында дебатқа қатысушылар өз пікірлерін түйіндеп, қарсылас командалар бір біріне қосымша сұрақтар қойып қорытындылады.

Ал Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде «Ерлігім — елім үшін» тақырыбында 8-11-ші сыныптармен сынып жетекшілері және АӘД пәнінің мұғалімі Кәдірұлы Айбектің ұйымдастыруымен мектеп кітапханасында соғыс ардагерлерінің өмірі мен ерлігі жайлы көркем әдебиеттер мен ерлік туралы мақалалар мазмұнынан тұратын кітап көрмесінің таныстырылымы өтті.

Осы мектепте жалпы оқушыларға аудандық Ішкі істер бөлімінің мектеп инспекторы Бақытжан Қапалбайұлы тәрбие орынбасары М.Ахмет оқушылардың өмір қауіпсіздігі бойынша ережелерімен толық таныстырылып,түсіндірме жұмыстары жасалды.

Балалардың жаз кезіндегі өмір қауіпсіздігі ережелері:

  1. Оқушылардың автокөлік шеруіне шықпауына, ойын алаңдарында бармауына, кафе, тойхана, саябақтары қала сыртындағы саяжайларға баруына қатаң тыйым салынады. Белгіленбеген орындарға шомылмау, Арыс өзеніне, Д.Алтынбеков каналына, Сырдария өзеніне шомылуға болмайтындығы жан-жақты таныстырылды.
  2. Көшеде жол жүру ережелерін сақтау, жолдан өтетін кездерде бағдаршамға қарап өту және жаяу адамдар жүретін жолмен өту.
  3. Ойын кезінде сіріңке мен басқада от тұтататын заттар пайдалануға болмайды, алау жағатын болса, суға жақын жерде, немесе су құйылған ыдыстар болуы керек, үйде немесе аулада өрт бола қалған жағдайда 101 телефонына хабарласу.

Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектебінде де 6-11-сынып оқушыларының қатысуымен «Демалыс кездерінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау, суға шомылуға рұхсат етілмеген жерлерге шомылмау ережелерін түсіндіру» мақсатында жиналыс болып өтті. Жиналысқа АІІБ полиция капитаны Арман Орымбай, жасөспірімдер инспекторы Бақытжан Қапалбайұлы, «Әкелер» ұйымының жетекшісі Е.Ерден, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Әміртаевтар қатысып, оқушыларға қауіпсіздік шараларларын қатаң сақтау, суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерге шомылмау керектігі жөнінде жан-жақты әңгімеленіп түсіндірілді.

Саттар Ерубаев атындағы мектепте 9 мамыр Жеңіс күніне орай аға тәлімгер Н.Жолдасбекова мен АӘД пәнінің мұғалімі Медеубек Жамбыл «Ешкім де, ештеңеде ұмытылмайды» атты тақырыппен концерттік бағдарлама өткізді. Негізгі мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақ жауынгерлерінің ерлік істерімен таныстырып, ой — өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. Осы мақсатта жоғары деңгейде іс-шара өтті. Ең әуелі әсерлі қойылым қойылып, 8-сынып оқушысы Тұнжыр Дүйсенбай «Соңғы соғыс» өлеңін оқыды. 7- сынып оқушысы Саяжан Дүйсен «Жеңіс — ғаламат күн!» әнін керемет әсермен орындаса, мектептің әнші ұлы Данабек Бекболаттың орындауында «Сарбаздар» әні мектеп ұлдарының әскери биімен өз өрнегін тапты. Зиядын Дидар мен Тұралы Санаяттың орындауына «Сарбаздар» әні мектептің биші қыздарымен керемет үйлесімін тапты. Келген қонақтар мен мұғалімдерге, оқушыларға жақсы көңіл күй сыйлады.

Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында мектепішілік жоспарға сәйкес “Біртұтас тәрбие бағдарламасын” іске асыру мақсатында “Мұрагер” сынып жетекшілер бірлестігінің “Тәрбиелі ұрпақ — ұлттың болашағы” тақырыбында онкүндігінің ашылу салтанаты өткізілді. Сынып жетекшілер сыныптан тыс ашық тәрбие сағаттарын, ұлттық спорттық сайыстар, патриоттық бағыттағы флешмобтар, дебаттар, психологиялық тренингтер, отбасылық жарыстар өткізіп, оқу жылын қорытындылайды.

Сондай-ақ  11-сынып мектеп бітіруші түлектері, сынып жетекшілері мен ата-аналарына жиналыс өткізілді. Жиын барысында 2023-2024 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау, ҰБТ тапсырудағы мына жағдайлар таныстырылды.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында қатаң тыйым салынады; мектеп қажеттіліктеріне, 4, 9, 11-сыныптарды аяқтауына, мектептің жөндеу жұмыстарына ақша жинауға қатаң тыйым салынады;
  2. Барлық қатысушыларға «Соңғы қоңырау» іс-шарасын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулық беру, оқушыларға соңғы қоңырауда мектеп киім үлгісін сақтау қажеттілігі, ата-анасының немесе заңды өкілінің тек біреуінің қатысуы, кешенді қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілетінін ескертеді.
  3. Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтарға кез-келген түрдегі сыйлықтар алуға (педагогтар соңғы қоңырау іс-шарасы барысында ата-аналар тарапынан түрлі сыйлықтар алуға, ата-аналар комитеті тарапынан қаржылай ақша жинауға) қатаң тыйым салынатындығын;
  4. Оқушылардың автокөлік шеруіне шықпауына, ойын алаңдарына бармауына, кафе,тойхана, саябақтарға, қала сыртындағы саяжайларға баруына қатаң тыйым салынатындығын;
  5. Қорытынды аттестаттау кезінде түрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинауға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға, қатаң түрде тыйым салынатындығын;
  6. Бітіріп кеткен, яғни мектеп қабырғасында оқымайтын түлектердің келуіне тыйым салынатындығын жан-жақты таныстырды.

Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты мәжіліс залында «Балаларды бірігіп қорғайық!» тақырыбында жалпы оқушылар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты: Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында жол қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, су айдынындағы қауіпсіздік, құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың жазғы шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналардың балаларды қадағалауын арттыру.

Бұдан бөлек «Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы» іс-шарасы өтті. Ата-аналар, сынып жетекшілер мен тәрбиешілер, оқушылар қатысуымен тренинг-ойындар ұйымдастырылды.

Сабақтастық пен ынтымақтастықтың үйлесім тапқаны анық байқалды. Өнерлі өрендер әннен шашу шашты. Ата-аналардың халықтық тәлім-тәрбие, ұлттық рухани құндылықтарды қастерлеуі, ұлттық мүдде мен ар-ұятты жоғары қоюы қуантты.

ДТІЖО А.Жақашева үлгілі ата-аналарға алғыс хаттар тапсырды. Іс-шара ұлттық мүддені ойлайтын, ар-ұятты жоғары қоятын,жауапкершілік пен талапты сезінетін, ата-анасын сыйлайтын, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейтін, ұлттық мәдениетті құрметтейтін, салт-дәстүрді сақтайтын, әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын, әдепті де мейірімді, адал да ізетті, жанашыр ұрпақтар өсіп-жетіле берсін деген ізгі тілекпен қорытындыланды.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin