Түркістан облысы: Отырар ауданында «Жасөспірімдер арасында жат діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында мектеп оқушыларымен кездесу өтті

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021–2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын аудан көлемінде орындау бойынша бірқатар жобалар қолға алынған болатын. Соның ішінде, әсіресе, оқушылардың интернет кеңістігінде, әлеуметтік желілерде теріс діни ақпараттарды алу, оларды тарату мәселесі өзекті болып отыр.

Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Ал жастар болса, қоғамның негізгі қозғаушы күші. Жастардың дінге деген көзқарасы, түсінігі тәрбиеден басталады. Осы орайда, аудандағы бірқатар білім беру ұйымдарында, атап айтқанда, Жамбыл мектеп-лицейі, Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебі, Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаттарында «Жасөспірімдер арасында жат діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында мектеп оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесінің теолог маманы Ж.Жорабек, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қ.Жандарбековтер қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жиында теолог маман Жалғас Мұхтарұлы: «Бүгінгі жас ұрпақ жастық шақ пен алтын уақытты дұрыс бағалап, білім алуға, кәсіптің белгілі бір саласын игеруге барынша күш жұмсауы қажет. Жастар заманауи техникалық байланыс құралдарының барлық түрін игеріп шығуы тиіс. Діни тұрғыдан алғанда, әркімнің өз халқының дәстүрлерін біліп, сақтап, құрметтегені абзал» — деп атап өтті.

Кездесу барысында оқушылар өз ойларын ашық айтып, көкейдегі сауалдарын қойды. Жиын қонақтары қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, егемен еліміздің дамуы жолында бүгінгі жастарымыз аянбай еңбек ету керектігін айта келе, ол үшін ең бірінші сапалы білім алып, белгілі бір салада жетістікке жетуге ұмтылу керектігін тілге тиек етті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.