Түркістан облысы: Отырар ауданында «Заң керуені» акциясы өтіп жатыр

ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен республика көлемінде өтіп жатқан «Заң керуені» акциясы Отырар ауданында да жалғасын тапты. Акцияның мақсаты — жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдардарды түсіндіру, заңды ұқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, прокуратураның құқық қорғау рөлін іске асыру, елдегі қауіпсіздік пен ұқықтық тәртіпті нығайту үшін азматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру.

Аталған іс-шараға Отырар аудандық прокуратурасының прокуроры Бахытхан Булеулиев пен аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов және аудандағы барлық құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары мен жауапты мамандары қатысты.

Кездесу барысында аудан прокуроры Бахытхан Төлегенұлы аудан прокуратурасы халықпен тікелей байланыс орнату арқылы қоғамдағы ең өзекті мәселелермен танысып, олардың заң аясында шешімін табуына ықпал ететінін атап өтті.

Жиында аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ.Киізбай, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Д.Омарбек, аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары М.Бөрібековтер баяндама жасап, атқарылған жұмыстарына тоқталды.

Ашық форматтағы басқосуға келген жұрт өздерін толғандырған мәселелерін тікелей прокуратура өкілдері мен жауапты бөлім басшыларына қойып, тұщымды жауаптар алды.

Кездесуден соң аудан прокуроры Бахытхан Булеулиев ауыл тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштері мен талап-тілектерін тыңдады.

Айта кету керек, акция аясында өткен кездесу аудандағы өзге ауыл округтерінде де өтеді деп жоспарланған.

Жалпы, прокуратура — мемлекет атынан заңнама мен құқықтарды сонымен қатар адамның және азаматтың еркіндіктерін қадағалап бақылайтын құқық қорғау органы. Және де басқада функцияларды шектеулі, ұлттық заңнамамен орындалуын қадағалайды. Прокуратураның өкілеттілігі: Заңнамалық нормалардың орындалуын қадағалау; Министрліктер мен ведомстволардың, атқарушы және заңнамалық органдардың, басқару органдарының, өзін-өзі басқару және әскери басқаруды бақылау; Азаматтардың құқықтарын сақтауды бақылау; Жедел-іздестіру қызметін, алдын ала тергеуді, тергеуді жүзеге асыратын органдардың бақылауы; Жазалауды жүзеге асыратын әкімшілік органдар мен мекемелердің заңнамалық нормаларын іске асыруға бақылау жасау, сондай-ақ ұсталғандарды және қамауда ұстау түріндегі мәжбүрлеу шараларын қолдану; Заңға қайшы келетін сот шешімдерін анықтау; Заңнаманы бұзу туралы ақпаратты қамтитын заңды және жеке тұлғалардың жазбаша өтініштері туралы шешім; Жасалған қылмыстар үшін қылмыстық қудалау; Қылмысқа қарсы күрес органдарының жұмысын ұйымдастыру.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.