Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов Көксарай, Аққұм ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті. Кездесуде аудан басшысы алда тұрған міндеттер мен атқарылатын жұмыстар туралы айтып, іске асатын жұмыстардың дені бұған дейінгі кездесулерде жергілікті тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер екенін жеткізді.
Өткен жылы қос ауыл округінде тұрғындармен өткен кездесуде 16 мәселе айтылып, аудан әкімінің бақылауына алынған болатын. Бүгінде аталған мәселелердің барлығы өзінің реттілігі бойынша кезең-кезеңімен іске асып келеді.
Мәселен, бұған дейінгі кездесулерде көксарайлық тұрғындар «Көксарай каналына тоспа (шлюз) орнатылса, қосымша су насосы қойылса, Жанкел, Ызакөл елді мекендеріндегі ауыз су құрылысы жүргізілсе» деген өтініштерін айтқан болатын. Ал аққұмдықтар «жаңа емхана ғимараты салынса, Асанов көшесіне жарықтандыру және Көккөл каналына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілсе» деген талап-тілегін жеткізген болатын. Аталған мәселелерді шешу бойынша арнайы іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілу үстінде.
Сонымен, атап айтқанда, Көксарай каналына 2 тоспа орнатудың жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр. Сондай-ақ, «Қазсушар» РМК-нің «ОңтүстікСуШарЖоба» бөлімшесі арқылы Көксарай каналына бас тоспаның жобасы әзірленуде, аталған жобалар біткен соң «Қазсушар» РМК Түркістан филиалына ұсыныс беріледі.
Бұдан өзге Отырар ауданы бойынша Бестам, Жанкел, Ызакөл, Сырдария, Ақкөл елді мекендеріне, оның ішінде бүгінде Жанкел, Бестам, Ызакөл елді мекендерінде ауызсу жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Жанкел, Ызакөл елді мекендеріндегі ауыз судың құрылыстары ағымдағы жылы пайдалануға берілсе, Бестам елді мекеніндегі құрылыс 2024 жылға өтпелі. Ал, биыл Аққұм елді мекенінің ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жүргізіліп жатқанын айта өтейік. Тиісті жұмыстар аяқталған соң ауыз су жүйелері жөнделетін болады. Отырар ауданы бойынша 38 елді мекеннің 33 елді мекені орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған (50306 адам немесе 97,5%). Жоғарыда айтқан бес елді мекен — Бестам, Жанкел, Ызакөл, Сырдария, Ақкөл ауылдарына бұған дейін орталықтандырылған ауызсу жүйесі жүргізілмегендердің қатарында еді.
Әйткенмен 2022 жылы Бестам (халық саны — 151), Жанкел (халық саны — 191), Ызакөл (халық саны — 275) елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысы басталған, 2023 жылға өтпелі болатын. Сонымен қатар, Қарақоңыр ауыл округіндегі Сырдария (халық саны — 352) елді мекеніне жобалық-сметалық құжаттама әзірлену үстінде.
2025 жылы Балтакөл ауыл округіндегі Ақкөл (халық саны — 365) елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету межеленген екен. Әкімнің сөзінен ұққанымыз, қазіргі таңда облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан геологиялық іздеу-барлау жұмыстарына мемлекеттік сатып алу шаралары ұйымдастырылып жатыр.
«Жобаны жүзеге асыру барысында ауыз сумен қамтылмаған бес елді мекендегі 1334 ауыл тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылып, 2025 жылы аудан бойынша ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту үлесі 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр» — дейді Сәкен Сұлтанханов.
Сондай-ақ, ол ауданға қарасты бірқатар елді мекендердің ауызсу жүйелері тозығы жетіп, күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етіп отырғандығын ашық айтты. Осыған орай, Жаңа Шілік, Аққұм, Балтакөл, Маяқұм елді мекендерінің ауызсу жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджет есебінен жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатқанын естіп-білдік.
Сонымен қатар аудандағы елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Осы мақсатта ағымдағы жылы Қостүйін, Аққұм, Көксарай, Жанкел, Шеңгелді, Ызакөл, Маяқұм, Қостерек, Бестам, Балтакөл, Көлқұдық, Ақкөл, Үштам елді мекендеріне газ құбырын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Аталған жұмыстарға аудандық бюджеттен тиісті қаржы қаралған. Отырар ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2014-2017 жылдары автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГТС) салынып, Шәуілдір елді мекеніне дейін 51,4 шақырым газ құбыры тартылған. АГТС арқылы 2025 жылға 34 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланып, бүгінде 22 елді мекенге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген. 2022 жылдың есепті кезеңінде 13 елді мекенде газ құрылысы аяқталып, бүгінгі таңда 12 елді мекендегі 2139 абонент (қосылуы — 66 пайыз) табиғи газға қосылған. Олар: Ақтөбе, Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Қарақоңыр, Ш.Қалдаяқов, Мыңшұқыр, Ынталы, Қоғам, Бестораңғыл, Ақтам, Талапты, Шәуілдір елді мекендері, халық саны — 20759, абонент саны – 3239.
Ал 2023 жылы 9 елді мекен (Темір, Арыс, М.Шойманов, Қарғалы, Отырар, Көкмардан, Шытты, Сарыкөл, Сырдария елді мекендері, халық саны — 16123, абонент — 2681) табиғи газға қосылған жағдайда аудан халқының 72 пайызы (5981 абонент, 37113 тұрғын) табиғи газбен қамтылатын болады.
Бұдан бөлек 2024 жылы Қостүйін елді мекенін газға қосу жоспарланып отырғанын білдік. Сәкен Сұлтанхановтың жоспарлауынша, 2023 жылы Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан 12 елді мекеннің жобалық-сметалық құжаты әзірленіп (Аққұм, Жанкел, Көксарай, Ызакөл, Шеңгелді, Қостерек, Бестам, Маяқұм, Үштам, Көлқұдық, Балтакөл, Ақкөл елді мекендері, халық саны — 14312, абонент — 2243), 2025 жылға газ құрылысын аяқтап, ауданның жалпы газбен қамтылуы 99,6 пайызға жетеді деп күтілуде.
Еске салайық, Көксарай ауыл округінің орталығы — Көксарай ауылы.
Елдімекендері — Көксарай, Жанкел, Шеңгелді, Ызакөл. Аудан орталығы – Шәуілдір ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 23 шақырым жерде орналасқан. 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 4090 адам (2072 ер адам және 2018 әйел адам) болса, 2016 жылы 4464 адамды құрады. Іргесі 1940 жылы Шәуілдір қаракөл шаруашылығының орталығы ретінде қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары ұйымдасқан. Ауылда орта мектеп, клуб, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
Халық саны — 5545 адам.
Округтің барлық жер көлемі 478266 гектарды құрап отыр.
Оның ішінде:
ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі — 209798,1 гектар;
жалпы егістік көлемі — 5383 гектар;
суғармалы жер көлемі — 5383 гектар;
жайылымдық жер көлемі — 204225 гектар;
шабындық жер көлемі – 190,4 гектар.
Елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер:
№ | Елді мекен | Түйе | Жылқы | Ірі қара мал | Уақ мал |
1 | Көксарай | 476 | 823 | 2524 | 20193 |
2 | Жанкел | 45 | 374 | 783 | 7619 |
3 | Шеңгелді | 178 | 291 | 967 | 4652 |
4 | Ызакөл | 27 | 262 | 476 | 2489 |
Барлығы | 726 | 1750 | 4750 | 34953
|
Ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәлімет:
№ | Елді мекен | Мал дәрігерлік пунктері | Мал тоғыту орындары | Жасанды қашырым пунктері | Биотермиялық шұңқырлар |
1 | Көксарай | 1 | 1 | 1 | 1 |
2 | Жанкел | — | 1 | 1 | 0 |
3 | Шеңгелді | — | 1 | 1 | 1 |
4 | Ызакөл | — | 0 | 0 | 0 |
Барлығы | 1 | 3 | 3 | 2
|
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршурттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі. Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы:
№ | Таулы аймаққа малдардың айдап шығарылу мерзімі | Таулы аймаққа шығарылған малдардың қайтарылу мерзімі | Ескерту |
1 | Сәуір-мамыр | Тамыз-қыркүйек |
|
Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басына шаққандағы жайылымның қажеттілігі туралы кестесі:
№ | Елді мекен | Елді мекендердегі жалпы жайылымның жер көлемі, гектар | Мал басы мен қажетті жайылымдық жер көлемі, гектар | ||||||
Түйе | Норма, гектар |
Қажетті жайылым, гектар | Жылқы | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |||
1 | Көксарай | 476 | 12 | 5712 | 823 | ||||
2 | Жанкел | 45 | 12 | 540 | 374 | ||||
3 | Шеңгелді | 178 | 12 | 2136 | 291 | ||||
4 | Ызакөл | 27 | 12 | 324 | 262 | ||||
Барлығы | 207664 | 726 | 12 | 8712 | 1750 | ||||
Норма гектар |
Қажетті жайылым, гектар | Ірі қара мал | Норма, гектар | Қажетті жайылым, гектар | Уақ мал | Норма, гектар | |||
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | |||
9 | 7407 | 2524 | 8 | 20192 | 20193 | 2 | |||
9 | 3366 | 783 | 8 | 6264 | 7619 | 2 | |||
9 | 2619 | 967 | 8 | 7736 | 4652 | 2 | |||
9 | 2358 | 476 | 8 | 3808 | 2489 | 2 | |||
9 | 15750 | 4750 | 8 | 38000 | 34953 | 2 | |||
Қажетті жайылым, гектар | Жалпы қажет жайылым жер көлемі, гектар | Елді мекендердің жалпы жайылымы мен қажетті жайылымның айырмасы, (-,+) | |||||||
15 | 16 | 17 | |||||||
40386 | |||||||||
15238 | |||||||||
9304 | |||||||||
4978 | |||||||||
69906 | 132368 | +75296 | |||||||
Мұнан бөлек Аққұм ауылынан балалар ойын алаңшасын салу, Көксарай ауылының көшелеріне аяқ жолдар салу, жарықтандару жұмыстары жүргізілуде. «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында Аққұм ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Орайы келгенде еске салайық, Аққұм ауыл округінің орталығы – Аққұм ауылы.
Елді мекендері — Аққұм.
Халық саны — 1922 адам.
Округтің барлық жер көлемі 311382 гектарды құрайды.
Оның ішінде:
ауыл шаруашылығы жері — 38868,1 гектар;
жалпы егістік — 7463,3 гектар.
суғармалы жер — 7463,3 гектар;
жайылымдық жер — 31405 гектар.
Елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректерге назар салыңыз:
№ | Елді мекендер | Түйе | Жылқы | Ірі қара мал | Уақ мал |
1 | Аққұм | — | 641 | 3227 | 18817 |
Барлығы | — | 641 | 3227 | 18817
Жүктеу |
Ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәлімет төменде келтіріліп отыр:
№ | Елді мекендер | Мал дәрігерлік пунктері | Мал тоғыту орындары | Жасанды қашырым пунктері | Биотермиялық шұңқырлар |
1 | Аққұм | 1 | 1 | 1 | 1 |
Барлығы | 1 | 1 | 1 | 1
|
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршурттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі. Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы төмендегідей:
№ | Таулы аймаққа малдардың айдап шығарылу мерзімі | Таулы аймаққа шығарылған малдардың қайтарылу мерзімі | Ескерту |
1 | Сәуір-мамыр | Тамыз-қыркүйек |
|
Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басына шаққандағы жайылымның қажеттілігі туралы кестесіне назар салыңыз:
№ | Елді мекендер | Елді мекендердегі жалпы жайылымның жер көлемі, гектар | Мал басы мен қажетті жайылымдық жер көлемі, гектар | |||
Жылқы | Норма, гектар |
Қажетті жайылым, гектар | Ірі қара мал | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Аққұм | 40464 | 641 | 9,0 | 5769 | 3227 |
Барлығы | 40464 | 641 | 9,0 | 5769 | 3227 | |
Норма гектар |
Қажетті жайылым, гектар | Уақ мал | Норма, гектар | Қажетті жайылым, гектар | Жалпы қажет жайылым жер көлемі, гектар | Елді мекендердің жалпы жайылыммен қажетті жайылымның айырмасы, (-,+) |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
8,0 | 25816 | 18817 | 2 | 37634 | 69219 | -28755 |
8,0 | 25816 | 18817 | 2 | 37634 | 69219 | -28755 |
Кездесуде ауыл тұрғындары Бақыт Мырзапейс, Жарылқасын Есжанов, Махамбетәлі Пердебеков, Жолдасбек Досаев, Хайрулла Аймурзаев, Қаныбек Әбілпәтталардың ауыл округіндегі ауруханаға жедел жәрдем көлігін алу, жабық спорт алаңшасын салу, газдандыру жұмыстарын жүргізу, жолдарды жөндеу, жайылымдық жер мәселелері бойынша қойған сауалдарына жауап берген аудан әкімі жауапты сала басшыларына заң аясында тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды.
Жайылым демекші,
Отырар ауданының жалпы жер көлемі: | — | 1 675 743 гектар; |
Оның ішінде: | — | |
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер: | — | 640 109 гектар; |
Суармалы: | — | 43 492 гектар; |
Жайылым: | — | 594 890 гектар; |
Шабындық: | — | 1 294 гектар; |
көп жылдық екпелер: | — | 433 гектар; |
Елді мекен жері:
(оның ішінде: 37 елді мекен бойынша ортақ жайылымы): |
— | 56 672 гектар;
50 593 гектар; |
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс, жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер: | — | 7 450 гектар; |
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреакциялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер: | — | 34 149 гектар; |
Орман қорының жері: | — | 827 473 гектар; |
Су қорының жері: | — | 10 013 гектар; |
Арнайы жер қоры: | — | 124 688 гектар; |
Суармалы: | — | 4 109 гектар; |
Жайылым: | — | 77 806 гектар; |
Шабындық: | — | 1 609 гектар; |
Басқа да жерлер: | — | 41 164 гектар. |
ҚР Президентінің 2022 жылғы 28 наурыздағы және ҚР Премьер Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың хаттамалық тапсырмаларын орындау мақсатында ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланбай жатқан немесе заңсыз пайдаланып жатқан жерлерді мемлекетке қайтару бағытында Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан Отырар ауданы бойынша 2022 жылы 75,5 мың гектар жерді қайтару жоспары бекітілген болатын.
Бұдан бөлек, Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы тарапынан елді мекеннің ортақ мал жайылымына 157,1 мың гектар (оның ішінде жер қайтару – 67,5 мың гектар, ірі жер пайдаланушы шаруалармен меморандум түзу арқылы – 90,4 мың гектар) жерлерді қосу жоспарлаған екен. Нәтижесінде есептік жыл ішінде 79,1 мың гектар (4142,42 гектар суармалы, 74708,69 гектар жайылым, 204,17 гектар шабындық) жерлердің қаулыларының күші жойылып, жоспар 105%-ға орындалыпты. Мұны төменде кесте түрінде назарларыңызға ұсынып отырмыз.
№ | Ауыл округі атауы | Агро құрылым саны | Жалпы жер көлемі, гектар | Оның ішінде | ||
суармалы | жайылым | шабындық | ||||
1 | Көксарай | 48 | 21611,41 | 1455,49 | 20076,13 | 79,79 |
2 | Қарғалы | 29 | 3963,9 | 300,67 | 3634,33 | 28,9 |
3 | Ақтөбе | 38 | 13317,69 | 536,79 | 12726,43 | 54,47 |
4 | Қарақоңыр | 41 | 20293,64 | 595,52 | 19695,71 | 2,41 |
5 | Балтакөл | 18 | 1121,57 | 109,58 | 1010,34 | 1,65 |
6 | Аққұм | 17 | 1347,39 | 248,94 | 1098,45 | |
7 | Отырар | 10 | 289,08 | 62,52 | 226,31 | 0,25 |
8 | Талапты | 31 | 8736,9 | 222,9 | 8514 | |
9 | Маяқұм | 47 | 8373,7 | 610,01 | 7726,99 | 36,7 |
Барлығы | 279 | 79055,28 | 4142,42 | 74708,69 | 204,17 |
Отырар аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Бабашовтың сөзіне сенсек, «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның космостық мониторингі бағдарламасымен 171 жер пайдаланушыларға 92 812,2 гектар (департамент мәліметіне сәйкес) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді игерілмегендігі туралы акт түзіліп, шара көру үшін жер ресурстары департаментіне ақпараттық жүйе арқылы жолданып, департамент тарапынан жер заңнамасы талаптарын орындау жөнінде нұсқау берілген. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін мақсатына сай игермеген агроқұрылымдардың 162 703,81 гектар (8191,7 гектар суармалы, 154 512,11 гектар жайылым) жерлерінің тізімі ҚР Жер Кодексінің 92, 94-ші баптарына сәйкес Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне шара көру үшін жолданған.
№ | Ауыл округі атауы | Жалпы жайылым жер көлемі, гектар | Бүгінгі таңда ортақ жайылым жер көлемі, гектар | Ірі агроқұрылымдар-мен екі жақты меморандумға отырған жерлердің көлемі, гектар | 2022 жылы ТО жер ресурстарын басқару департаментіне қайтаруға берілген жер көлемі, гектар | |
жайылым | суармалы | |||||
1 | Аққұм | 28 565 | 1002 | 14 407,8 | 9479,8 | 5591,7 |
2 | Ақтөбе | 20 712 | 2458 | 6 093 | 8 367,8 | |
3 | Балтакөл | 31 005 | 3043 | 12 068,9 | 12 589,8 | 2600 |
4 | Көксарай | 208 679 | 7990 | 15 560 | 51786,7 | |
5 | Қарғалы | 55 814 | 3786 | 5193,6 | 17 114,6 | |
6 | Қоғам | 4 279,5 | 3084 | 3 099 | 478 | |
7 | Қарақоңыр | 106 759 | 4236 | 16195 | 25160,2 | |
8 | Маяқұм | 100 534 | 6819 | 13592,2 | 17416,7 | |
9 | Отырар | 8 729,4 | 1918 | 1 736,2 | 3532,4 | |
10 | Талапты | 8 009,4 | 2000 | 1 822,1 | 3680,9 | |
11 | Шілік | 23 517 | 5717 | 4 434,2 | 4904,9 | |
12 | Шәуілдір | — | 3210 | — | ||
13 | Темір | — | 5330 | — | ||
Барлығы | 594 890 | 50 593 | 94 200 | 154 512,11 | 8 191,7 |
Отырар ауданы бойынша мемлекеттен жалға алынған ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік мақсаттарына және жеке тұрғын үй құрылысына берілген жерлерді тиімді пайдалануына мониторинг жүргізу және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне «Қазақстан Ғарыш Сапары» жүйесі бойынша жер учаскелерін түгендеу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында аудан әкімінің 2022 жылғы 10 тамыздағы №109 өкімімен жұмыс тобы құрылған.
Отырар ауданының әкімі Сәкен Асылханұлы Сұлтанхановтың ауыл округтерде халықпен кездесуде көтерілген жер саласына қатысты мәселелерге жұмысшы топпен зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде Қарақоңыр ауыл округі бойынша 3 жер пайдаланушы 952 гектар жайылым жер учаскелерін бір түрден екінші түрге ауыстырмай егін егу мақсатында жер телімін заңсыз бүлдіргендігі және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (ИСЖ) ақпараттық жүйесінде сол жер телімі бойынша мал басы тіркелмегендігі анықтаған.
Ауыл округі әкімі аппаратының мамандарыммен бірлесіп акт (фото) түзіліп, жер телімдеріне келтірген залалдарына баға беру және заң талабына сәйкес тиісті шара көру үшін Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жолданған.
Сонымен қатар, Аққұм ауыл округі бойынша «KAZINA-2030» ЖШС, «Бегімхан-Ата», «Отырар өнімдері» ЖШС, «Оазис-S» ЖШС, «КАРОЙ» ЖШС, «Рауан» ЖШС, «Болашақ-7» ЖШС, «НИК-1» ЖШС, «Нұрсұлтан-92» ЖШС-ларға берілген ауыл шаруашылығы жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес игерілмегендігі туралы ауыл округі әкімі аппаратының мамандары мен ауыл тұрғындарының қатысуымен акт (фото) түзіліп, көрсетілген 9 агро құрылымның пайдалануындағы 874,8 гектар суармалы және 12 216 гектар жайылымдық жер учаскелерін нысаналы мақсатына сай пайдаланбауына байланысты Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 147-148-ші баптарына сәйкес тиісті шара қолдануға облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне 2023 жылғы 3 мамырдағы 229-57/2-25/623 хатымен жолданып, департамент тарапынан жер пайдаланушыларға тексеру жүргізуге хабарлама берілген.
Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы тарапынан 2023 жылға енгізілген жоспар 30,0 мың гектар жерді халықтың ортақ жайлымына айналдыру тапсырылған.
Алғашқы тоқсанның қорытындысына сәйкес 2900 гектар жер учаскелеріне берілген шешімдердің күші жойылды.
Жалпы, Отырар ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 640 109 гектарды құраса, оның ішінде: суармалы жерлер — 43492 гектар; жайылымдық жерлер — 594 890 гектар; шабындық жерлер — 1294 гектар, көп жылдық екпелер 433 гектар болып отыр. 2022 жылы ауыл шаруашылығы жерлеріне жүргізілген түгендеу жұмыстары нәтижесінде мақсатына сай пайдаланылмаған 79,1 мың гектар (оның ішінде: 4142,0 гектар — суармалы, 74708,0 гектар — жайылым, шабындық — 204 гектар) жерге шығарылған қаулылардың күші жойылып, ауданның арнайы жер қорына қайтарылған.
Қазіргі таңда аудан көлемінде жалпы қолда ұсталатын мал басының саны артуына байланысты елді мекендерде 317 189 гектар ортақ мал жайылым жерлерге қажеттілік туындап отыр. Қажетті жайылым жерлерді пайдаланбай жатқан жерлердің есебінен қамтамасыз ету үшін 2023 жылы 140,0 мың гектар, 2024 жылы 89,1 мың гектар, 2025 жылы 90,2 мың гектар жерлерді елді мекеннің ортақ мал жайылымына беру жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш 2022 жылы 67,5 мың гектарды құрады.
Сондай-ақ, агроқұрылымдардың мақсатына сай игермеген 162 703,81 гектар (оның ішінде: суармалы — 8191,7 гектар, жайылым — 154 512,11 гектар) жерлері анықталып, тізімі 2022 жылы Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне шара көру үшін жолданды.
Биыл ірі агроқұрылымдармен екі жақты меморандум жасау арқылы елді мекенге жақын орналасқан 94 200 гектар жайылымдық жерлер ортақ жайылымға пайдалану үшін келісім жасалды (2022 жылға жоспар 90,7 мың гектар болған).
Қазіргі уақытта ауыл округтері бойынша 50,6 мың гектар ортақ мал жайылым жерлер бар.
2022 жылы мақсатына сай пайдаланбай жатқан жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жайылым жерлерді пайдаланбай жатқан жерлердің есебінен қамтамасыз ету үшін 2023 жылы 30,0 мың гектар жерлерді елді мекеннің ортақ мал жайылым жеріне беру жоспарлануда.
Орайы келгенде айта өтейік, Отырар ауданының Даму жоспарына сай 2025 жылға дейін егіс көлемін 40 000 гектарға ұлғайтып, жалпы аудандағы суармалы жердің 95,2 пайызын игеру жоспарланып отыр. Негізінен қайта айналымға қосылатын жерлерге жүгері жоңышқа дақылдарымен қатар аудандағы соңғы жылдардағы ағын су тапшылығын ескере отырып күздік бидай (2022 жылы егілгені 300 гектар болса, 2025 жылға 2600 гектарға жеткізу) егуге басымдық беріліп отыр. Сонымен қатар тамшылатып және жаңбырлатып суару тәсіліне көшуді қолға алып 2025 жылға 4100 гектарға жуық алқапқа осы техналогияларды пайдаланатын болады. Нәтижиесінде 2025 жылға жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 50,0 миллиард теңгеге жеткізу жоспарлануда.
Жоғарыда аталған егіс көлемдерін игеру үшін ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып, жоспарға енгізіліп отыр. Бүгінгі таңда Шәуілдір суармалы алқабындағы 13 мың гектар алқаптың ағын сумен қамтамасыз ету үшін қосымша 11 текше метр/секунд су жеткізетін «Сырдария-Арыс» каналының құрылысына және осы алқаптағы жер асты суы деңгейін түсіріп, топырақ құнарлылығын арттыруға бағытталған 368 шақырымды құрайтын дрендер жүйесін қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарланып отыр. Аталған жұмыстар республикалық бюджеттен, Европалық қайта құру және даму банкі есебінен жүргізілетін болады.
Сонымен қатар бүгінгі таңда арнайы жұмыс тобы құрылып 11 ауылдық округтегі ағын су нысандарын аралап, зерделей отырып 2025 жылға дейін негізгі деп саналатын 8 каналға күрделі және 37 каналды механикалық тазалау жұмыстары жоспарға енгізілді (аудан бойынша 118 канал). Аталған барлық су нысандары республикалық «Қазсушар» мекемесіне тиесілі. 2025 жылға дейін жалпы болжамды қажетті қаржы көлемі 11,2 миллиард теңгені құрайды.
Жиыннан соң жеке мәселелері бойынша аудан әкімінің жеке қабылдауында өз өтініштерін айтқан тұрғындарға заңдылығына қарай нақты жауаптар берілді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.