Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөліміндегі жауапты мамандардың айтуынша, аудан аумағын абаттандыру мен сырттан келуші туристерге қолайлы орта қалыптастырудың бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, Шәуілдір ауылындағы Жібек жолы даңғылын абаттандырудың 3, 4, 5-ші кезеңдері, Шәуілдір ауылындағы орталық саябақтар мен ойын алаңшаларын абаттандыру жұмыстары атқарылған.
Өткен жылы Шәуілдір, Қоғам, Аққұм, Шойманов, Көкмардан, Отырар, Ақтөбе ауылдарында көп функционалды ойын алаңшалары орнатылыпты. Сондай-ақ, Шәуілдір ауылындағы М.Мәметова көшесін, Ақтөбе ауылы М.Әлімбеков көшесін абаттандыру жұмыстары аяқталған екен.
Айта кету керек, Шәуілдір ауылындағы Ұ.Арғынбеков даңғылының 1,9 шақырымы және Ынталы ауылындағы Ұ.Арғынбеков даңғылының 1,77 шақырымын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жалғасын табады.
2022 жылы Шәуілдір ауылындағы М.Әуезов көшесіне және Қоғам ауылдық округіне қарасты Мыңшұқыр ауылында көп функционалды спорттық ойын алаңшалары орнатылып, пайдалануға берілген.
2022 жылға абаттандыру жұмыстары жүргізілетін нысандар
қ/с |
Нысан атауы |
Құны, теңге |
1 |
Түркістан облысы, Отырар ауданы, Темір ауылындағы М.Әлиев көшесін абаттандыру жұмыстары |
94151,5 |
2 |
Түркістан облысы, Отырар ауданы, Балтакөл ауылындағы спорт алаңшасын абаттандыру |
18786,0 |
3 |
Түркістан облысы, Отырар ауданы, Талапты ауылдық округі, Шытты елді мекенінде балалар ойын алаңшасын орнату |
24648,8 |
4 |
Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қарғалы ауылдық округі, Қарғалы ауылындағы спорт алаңшасын абаттандыру |
19786,1 |
5 |
Отырар ауданы, Маяқұм ауылдық округі, Қостерек елді мекеніндегі спорт алаңшасын абаттандыру |
19786,1 |
Барлығы |
177158,5 |
Ал жылумен қамту мәселесіне келсек, Шәуілдір ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың орталық жылу жүйелері де заман талабына сай шешімін таппай келді. Бүгінге дейін аталмыш нысандарды жылыту үшін жерасты су қорына геологиялық іздеу-барлау жұмыстары жүргізілмеген термалды ыстық су ұңғысын пайдаланды. Су қоры қыс айларында (қаңтар-ақпан) дебеті төмендеу салдарынан орталықтандырылған жылу жүйесіне толық қызмет көрсету мүмкіндігі шектелді. Аталған ұңғы суының құрамында йодтың шамадан тыс болуына сәйкес жылу жүйесінің темір құбырларын қысқа мерзімде жарамсыздандырды. Есепті жылы, аталған мәселелер түбегейлі шешімін тауып, «Шәуілдір ауылындағы орталықтандырылған жылу жүйелерін қайта құру» (Жоба құны – 704 302,0 млн. теңге) және «ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік мәдени нысандарды жылыту үшін жылу қазандығын салу және орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу» (Жоба құны – 278 862,0 млн. теңге) жұмыс жобалары жүзеге асырылды. Нәтижесімен алдағы Шәуілдір ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен мәдени-әлеуметтік маңызы бар нысандар (22 көпқабатты тұрғын үй, 257 пәтер, 16 мемлекеттік мекеме, 52 кәсіпкерлік құрылым) жаңа жылу жүйесіне қол жеткізді.
Отырар ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Отырар-Жылу» МКК-мен көрсетілетін коммуналдық қызметтерінің бекітілген тарифтері:
Жылу энергиясымен қамту:
Шәуілдір ауылы – жеке тұлғалар – 55,03 теңге/м3
Заңды тұлғалар – 3856,17 теңге/м3
Мыңшұқыр ауылы – жеке тұлғалар – 15,46 теңге/м3
Су бұру қызметімен қамту:
Жеке тұлғалар – 58,34 теңге/м3
Заңды тұлғалар – 154,15 теңге/м3
Жылыту мәселесі тілге тиек етілгенде, тұрғын үй саласын тағы айналып өте алмайсыз. Отырар ауданында көпқабатты тұрғын үйлерде меншік иелері бірлестіктерімен жәй серіктестіктерді құру бағыты бойынша, 2021 жылы «Отырар алқабы» газетіне және аудан әкімдігінің «Фейсбук» парақшасына хабарландырулар беріліп, 25 көпқабатты үйде 25 жай серіктестік ашылды.
Отырар ауданы бойынша жалпы 40 көп қабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде 25 үй кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасында 2012-2013 жылдары тіркелген. Қалған 13 көпқабатты коммуналдық тұрғын үй 2014-2019 жылдары салынып, 222 пәтер тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға берілген, 2 көпқабатты қызметтік үй 2019 жылы пайдалануға беріліп, 24 қызметтік пәтер азаматтарға берілді.
2012 жылы Отырар ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерді ҚР «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы аясында көп қабатты тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында әр үйлерде төрағалар сайланып, «Фараб Отырар» үй жайлар иелерінің кооперативі құрылған. Жоғарыда аталған бағдарлама аясында 2012 жылы 9 үйдің шатырына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда 9 үйге жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары үшін қаржы қайтару жұмыстары «Отырар-Сервис» ЖШС арқылы жүргізілуде.
2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 1821 азамат тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезектілігіне тіркелген. Оның ішінде:
— жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 29;
— «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасылар – 404;
— халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтары – 690;
— мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi – 696;
— жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылғандар – 2.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.