Түркістан облысы: Отырар ауданында адамдар, мал және ара шаруашылығы зардап шекпес үшін шіркейге қарсы дәрілеу, дезинсекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістан өңіріндегі Сырдария және Арыс өзендерінің арнасына жақын орналасқан Отырар ауданының тұрғындары шыбын-шіркейден бірнеше жылдардан бері жапа шегіп келеді. Аталған қиындықтардың алдын алу үшін зерделеу жұмыстары жүргізілген болатын. Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарлауынша, шыбын-шіркей дернәсілдерінің ошақтары Көксарай су реттегіші мен Сырдария өзенінің бойында анықталып отыр.

Қазіргі таңда зерделеу жұмыстарының бірнеше кезеңдері аяқталды. Соған сәйкес аудан аумағында орналасқан елді мекендерде дәрілеу, дезинсекциялау жұмыстары толығымен жүргізілмек.

Дернәсіл шіркейлермен күресу үшін «bacillus thuringiensis» негізінде бактериялық препараттарды суға жіберу әдісін қолдану тәсілі арқылы су қорғау аймақтарын, яғни жағалаудағы ағаштардың бұталары мен елдімекен, демалыс аумақтарда химиялық инсектицидтер өңдеу әдісін қолдану жоспарланған.

«Осыған байланысты Сырдария өзенінің бойында орналасқан елді мекендердегі жергілікті тұрғындармен және ара шаруашылығы, мал шаруашылығын басқа да шаруашылықтарды жүргізетін тұлғаларға жоғарыда аталған жұмыстардың ағымдағы жылы сәуір-мамыр айларында жүргізілетіндігі туралы хабарлаймыз. Сондай-ақ, жайылымда жүрген өз иеліктеріңіздегі малдарыңыз бен басқа да жан-жануарларыңызды қадағалап, қора жайларыңызда ұстауларыңызды сұраймыз!» — деп хабарлады Отырар ауданының әкімдігі.

Аталған жұмыстар Түркістан облысының аумағында 2023 жылға арналған жәндіктер мен буынаяқтылардың санын азайту бойынша зиянкестермен күресу шаралары аясында жүзеге асуда.

Арнайы мамандардың қатысуымен зиянкестерді жою шаралары жалғасуда, дәрілеу жұмыстарының аяқталу уақыты алдағы уақытта қосымша хабарланатын болады.

Сырдария өзені бойында шіркейлердің көбеюі сол аумақта орналасқан елді мекендерде тұрақты қоныстанған тұрғындардың күнделікті тіршілігіне зиян келтіруде. Аталған мәселеге байланысты аудан аумағында шіркейлерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айының басында басталған болатын. Дегенмен зиянкестерді жою жұмыстарының нәтижесіне қарамастан шіркейдің көбеюі халықты тағы әбігерге салып отыр.

Осы жағдайға байланысты бүгін Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Полатбековтың және қос қанатты жәндіктер мен буын аяқтылардың (шыбын-шіркей) санын азайтуға байланысты дезинсекциялық іс-шараларды атқарушы «SATTI TULIK» ЖШС өкілдерінің қатысуымен арнайы жиын өтті. Аталған жиынға Арыс, Шардара, Отырар ауданы әкімдіктері онлайн байланысқа шығып, халықтың шағымын жеткізді.

Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Ержан Оралбай мен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов тапсырыс беруші тараптан аудан аумағындағы елді мекендерде шыбын-шіркей санын азайту, жою мақсатындағы дезинфекциялық іс-шараларды сапалы жүргізе отырып, жұмыс қарқынын күшейтуге ықпал жасауын сұрады. Жиында айтылған өзге де ұсыныс-пікірлер ескеріліп, жауапты мердігерге жұмыс күшін арттыра отырып сапалы жұмыс жүргізу керектігі ескертілді.

Жиыннан соң аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов пен депутат Бекзат Тукеев Шәуілдір ауыл округіндегі Арыс жағалауы бойында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізіп жатқан мамандармен жолығып, олардың жұмыс барысымен танысты. Мамандармен кездесу кезінде күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі екенін айтып, жұмыстардың сапалы әрі уақытылы атқарылуы өз бақылауында болатынын жеткізді.

Айта кету керек, қазіргі таңда аудан орталығындағы «Жібек жолы» көшесі, «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы саябақ, орталық саябақ, жастар саябағы, Арыс жағалауы саябағы, ардагерлер саябағы, Д.Алтынбеков көшесіндегі гүлзарлар мен Аққұм, Көксарай, Шеңгелді, Маяқұм, Ызакөл елді мекендерінде баръерлік залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, КХО-10 Шәуілдір-Көксарай-Байырқұм автокөлік жолы 25 шақырым бойындағы Сырдария көпірі мен Маяқұм ауыл округі, Маяқұм ауылы Сырдария өзені бойында бактериялық препараттарды суға жіберу әдісі арқылы тиісті жұмыстар атқарылған.

Сәуір айының соңына дейін Шәуілдір, Отырар, Талапты, Қарғалы, Темір, Шілік, Қарақоңыр, Қоғам ауыл округтерінде барьерлік залалсыздандыру шаралары жүргізілді.

Отырар ауданы аумағында орналасқан елді мекендерде жәндіктер мен өзге де зиянкестерге қарсы дәрілеу, дезинфексекциялау жұмыстары жалғасын табуда. Атап айтақанда, Аққұм, Көксарай, Шеңгелді, Маяқұм, Ызакөл, Балтакөл, Қарғалы, Қоғам, Отырар, Талапты, Темір ауыл округтеріне 2 рет дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, бүгінде қалған 2 ауыл округтерінде дәрілеу жұмыстары атқарылады.

Аталған жұмыстарға Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысына сәйкес дернәсіл шіркейлермен күресу үшін «bacillus thuringiensis» негізінде бактериялық препараттарды суға жіберу әдісі қолданылса, су қорғау аймақтарын, яғни жағалаудағы ағаштардың бұталары мен елдімекен, демалыс аумақтарда химиялық инсектицидтер өңдеу әдісін қолдану арқылы тиісті дәрілеу жұмыстары атқарылуда.

Бүгінде дизинфекциялау жұмыстарына «SATTI TULIK» ЖШС-ның 12 арнайы маманы мен 5 техникалық көлік тартылып, қарқынды түрде дезинсекциялау жұмысымен айналысуда. Сонымен қатар, 18 арнайы маман, 7 техникалық көлік, 2 су қайығы жұмылдырылды.

Аудан тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалуы үшін адам көп жиналатын орындарға – саябақтарға, жағалауларға, гүлзарларға және т. б. ерекше көңіл бөлінген. Бүгінде су қорғау аймақтарын, яғни жағалаудағы ағаштардың бұталары мен елдімекен, демалыс аумақтарда химиялық инсектицидтер өңдеу әдісін қолдану арқылы тиісті дәрілеу жұмыстары атқарылуда. Бұдан бөлек Сырдария өзенін жағалай орналасқан Балтакөл, Маяқұм, Көксарай, Аққұм ауыл округтеріне қарасты елді мекендер мен Шәуілдір ауыл округіндегі Арыс өзенінің жағалауларында залалсыздандыру жұмыстары атқарылды.

Бұл дезинсекциялық іс-шаралар жәндіктердің санын азайтуға бағытталған. Мамандардың айтуынша, аталған шаралар олардың санын 90 пайызға дейін жоюға және азайтуға мүмкіндік береді және дезинсекциялық іс-шараларды жүргізу кезінде сақтық шараларын сақтау маңызды.

Қазіргі таңда аудан аумағында қос қанатты жәндіктер мен буын аяқтылардың (шыбын-шіркей) санын азайтуға елді мекен аумақтарында биологиялық әдіспен суға жіберу және химиялық әдіспен автокөлік құралдарымен барьерлік өңдеу жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар, 2023 жылдың 18 мамырынан бастап, ғылыми сүйемелдеу тобының ұсынысы бойынша Сырдария өзенінің бойына Әуе көлігімен химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу көзделуде.

Осыған орай, ауыл округтері, елді мекендердегі ара шаруашылығы (пчеловодства), мал шаруашылығын басқада шаруашылықтарда дезинсекциялық іс-шараларды жүргізу кезінде сақтық шараларын сақтау маңызды.

Орайы келгенде айта өткен жөн, Түркістан облысында шіркеймен күресуге 643 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Полатбеков мәлімдеген-ді.

Түркістан облысындағы төрт аудан мен екі қалада шіркеймен күреске бюджеттен 643 миллион теңге бөлінді. Оның 40 миллион теңгесі зерттеу жұмыстарына жұмсалмақ. Ал, қалған бөлігі аумақты залалсыздандыруға қажетті дәрі-дәрмек алуға, жұмысшылардың еңбек ақысына беруге бағытталған.

«Сырдария өзені бойында және Шардара, Отырар ауданы мен Арыс қаласында 7 нүкте анықталып отыр. Онда біз екі реттен биологиялық жұмыстар жүргіздік. Әр шіркей 100-ден 200-ге дейін ұяшық тастайды. Бірінші реттік жұмыстардың барысында 80-85 пайыз ұяны жойдық. Ал, 10-15 пайыз шіркей ауаға ұшып шығып кетті. Былтырғы жылға қарағанда саны 4-5 есе көп. Егер біз жұмыс жасамағанда шіркейлер ошағы Түркістан облысын басып қалар еді. Бұл жұмыстарға 70-тен астам техника, 90-нан астам жұмысшы жұмылдырылып отыр», — деді «Satti tulik» ЖШС директорының орынбасары Қайрат Ермен.

Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бас маманы Алишер Ахмадниязов Сырдария өзенінің аумағында орналасқан елді мекендерде және Түркістан, Арыс, Кентау қалалары мен Сауран, Отырарар, Шардара аудандарының аумағында дизенсекциялық жұмыстар биологиялық және химиялық әдістермен жүргізілетінін жеткізді. Жұмысты сапалы орындау мақсатында аудан қала әкімдіктерімен арнайы жұмысшы топ та құрылмақ.

Сырдария өзені бойымен Көксарай су реттегіш қоймасы маңындағы орналасқан елдімекендерде шіркейлердің көбеюі соңғы бірнеше жылда қалыпты жағдайға айналған. Дезинсекция жүргізу аймақтары ретінде Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Сауран, Отырар, Шардара аудандары белгіленген. Залалсыздандырылатын аумақ көлемі – 7 713,1 га. «Өңірімізде шіркей және сол сияқты қос қанатты қансорғыш жәндіктермен күрес жұмыстары тоқтаған жоқ. Яғни, химиялық және биологиялық әдістерімен өңделіп жатыр. Осы ретте, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жалпы 17 052,9 га аумақ химиялық әдіспен және Сырдария өзеніне биологиялық әдіспен 4 кезең бойынша суға төгу жұмыстары атқарылды. Химиялық әдіспен Түркістан қаласы аумағында 386,4 га, Кентау қаласы аумағында 37,9 га, Арыс қаласы аумағында 279,23 га, Отырар ауданы аумағында 166,3 га, Сауран ауданы аумағында 107,5 га, Шардара ауданы аумағында 243,8 га жер теліміне 3 реттен дезинсекция шаралары жүргізілді. Бұл жұмыстарды сапалы орындау мақсатында аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп, жұмысшы топ құрылған», — деді Қайрат Ерменұлы. Сонымен қатар, Сырдария өзенінің Арыс қаласынан өтетін жеріне 22680 л, Отырар аумағынан өтетін жеріне 12960 л, Шардара аумағынан өтетін жеріне 9720 л бактицид препараты қолданылып, биологиялық әдіспен өңделген. Жауапты сала өкілінің пікірінше, былтырғы жылға қарағанда шіркейлердің саны биыл 4-5 есе көп. «Егер біз дер кезінде жұмыс жүргізбегенде шіркейлер ошағы Түркістан облысын басып қалар еді. Бұл жұмыстарға 70-ке жуық техника, 80-нен астам жұмысшы жұмылдырылды. Жалпы, шіркейлерді түгелдей жою мүмкін емес. Тек санын азайту бағытында жыл сайын жұмыс істейміз. Жұмыстар жалғасады», — деді ол. Брифинг барысында Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Бахтыбек Убайдин өңірде зиянкестерге қарсы дәрілеу жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатқанын атап өтті. Басқарма өкілі өз сөзінде Сырдария өзенінің флорасы мен фаунасына зиян тигізбей, тек шіркейлердің санын азайтып, жергілікті тұрғындарды күнделікті тіршілігіне қолайлы жағдай жасалатындығын айтты. Сондай-ақ шіркейге қарсы күрес шаралары тамыз айына дейін жүйелі түрде жалғаса беретінін және басқарманың қатаң бақылауында екенін жеткізді. Айта кетейік, мердігер «Satti Tulik» ЖШС-і тарапынан ғылыми топ құрылып, шіркейлердің көбею ошақтарына байланысты зерделеу жұмыстары қолға алынған. Ғылыми зерделеу жұмыстарына 10 адам жұмылдырылған. Дезинсекция жұмыстарына 62 техника және 77 адам тартылған.

Анықтама бере өтейік, шіркей (Sіmulііdae) – қосқанатты қансорғыш жәндіктердің тұқымдасы (қ. Қосқанаттылар). Жер шарында кең тараған, 1000-нан астам түрі белгілі. Дене тұрқы 2 – 4 мм, Шіркейдің көпшілік түрінің аналықтары – құстар мен сүтқоректілердің қансорғыштары. Аталықтары өсімдік шырынымен қоректенеді. Дернәсілдері ағын суларда субстратқа бекініп, тіршілік етеді. Қуыршықтарының бір бөлігі пілләмен оралған. Ересек шіркейлер судан тыс тіршілік етеді. Негізінен таңертең, ымыртта ұшып, осы кезде адамдарды шағады. Сілекейі улы. Шіркейлердің шаққанда жергілікті (папулалар, ісіктер, тағы басқа) және жалпы (гиперемия, дене температурасы көтеріледі, тағы басқа) реакциялар пайда болады. Бұлар адам киімінің астына, көзге, құлаққа кіріп кетеді. Кейбір түрлері адамда және сиырларда, бұғыларда – онхоцеркоз; құстарда – гемоспоридиоз; сондай-ақ туляремия және түйнеме ауруларының қоздырғыштарын таратады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.