Түркістан облысы: Отырар ауданында биыл «Жайлы мектеп» пен мәдениет үйі пайдалануға беріледі

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс барысын пысықтады.

Алдымен өңір басшысы Шәуілдір ауылында бой көтеріп жатқан 600 орындық жайлы мектептің құрылыс алаңында болды. Құрылыс компаниясының басшысымен кездесіп, жұмыс барысын бақылады.

– «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы тікелей Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатыр. Құрылыс сапасы белгіленген стандартқа сай болуы тиіс. Біз тек жоспарланған мерзімде сапалы жұмыс істеуді талап етеміз. Кедергілер болса, дер кезінде айтыңыздар. Әкімдік тарапынан көмек көрсетіледі. «Жайлы мектеп» жобасы арқылы салынып жатқан мектептердің құрылыс үлгісін өзге білім ұяларына да қолдануды қарастыру қажет – деді Дархан Амангелдіұлы.

«Samruk-kazyna Construction» АҚ тапсырысымен салынып жатқан заманауи үлгідегі ғимаратта оқушылардың сапалы білім алуы үшін қолайлы жағдай қарастырылады. Жоба құны – 5,5 миллиард теңге. «Inteqra Construction» ЖШС құрылыс жұмыстарын өткен жылдың маусым айында бастаған. Нысанды осы жылдың қараша айына дейін пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Жердің жалпы ауданы 3,0 гектар жерді құраса, ғимараттың ауданы – 8 419,71 шаршы метр.

Атап өтерлігі, өңір бойынша 35 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның 3-і – «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы есебінен, 32-сі – республикалық бюджет есебінен. 2023 жылы 20 мектеп тапсырылған. 2024 жылы қалған 15 мектептің 13-і пайдалануға берілетін болады, 2-і 2025 жылға өтпелі.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 2024 жылы облыста жалпы қуаттылығы 1 800 оқушы орындық 8 мектеп құрылысын жүргізу ұсынылып, облыстық мәслихаттан қолдау тапты.

Аталған мектептерде 3 507 оқушы білім алады.

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп құрылысын салу жоспарланған.

Анықтама үшін нақтылай кетсек:

Оның ішінде: 300 орындық – 11 мектеп; 600 орындық – 25 мектеп; 900 орындық – 15 мектеп; 1200 орындық – 6 мектеп; 1500 орындық – 4 мектеп; 2000 орындық – 2 мектеп.

Аталған 29 мектептің 19-ы ағымдағы жылдың қыркүйек айында, қалған 10-ы желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Анықтама ретінде нақтырақ айтсақ:

2023 жылы басталған 29 мектеп:

— Түркістан қаласында – 3 мектеп: 2000 орындық – 2 мектеп, 1200 орындық – 1 мектеп;

— Арыс қаласында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Шардара ауданында – 2 мектеп: 1200 орындық – 1 мектеп; 300 орындық – 1 мектеп;

— Сарыағаш ауданында – 4 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 3 мектеп;

— Бәйдібек ауданында – 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;

— Жетісай ауданында – 3 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Келес ауданында – 3 мектеп: 600 орындық – 2 мектеп, 300 орындық – 1 мектеп;

— Сайрам ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Мақтаарал ауданында – 2 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Отырар ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Ордабасы ауданында — 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;

— Созақ ауданында – 1 мектеп: 900 орындық – 1 мектеп;

— Төлеби ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп;

— Сауран ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 2 мектеп.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан 2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектепті ұстап тұруға, яғни, қосымша ашылатын штат бірліктеріне айлық жалақы, коммуналдық қызмет төлемдері үшін қажетті жобамен 2,9 миллиард теңге қаржыға қолдау білдірілді. Аталған қаржы ағымдағы жылдың қыркүйек айында бөлінетін болады.

Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында пайдалануға берілетін мектептерді алдағы 3 жылда, яғни, 2025-2027 ұстап тұруға қажетті қаржы көлемі облыстық білім басқармасы тарапынан есептелуде. Бұл бағыттағы қаржыларға да министрлік қолдау білдіретін болады.

Тиісті есептеулер министрлікке ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында ұсынылуы тиіс, бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, білім басқармасы тарапынан аталған мектептерде ашылатын жаңа штат бірліктері мен оқушылар қозғалысы есептелді.

2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектептің 21-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 800 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 223.

Тарқата айтсақ:

Түркістан – 3 мектеп, 5200 оқушы орын;

Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Сарыағаш – 4 мектеп, 3000 оқушы орын;

Жетісай – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;

Шардара – 1 мектеп, 1200 оқушы орын;

Бәйдібек – 1 мектеп, 300 оқушы орын;

Келес – 3 мектеп, 1500 оқушы орын;

Сайрам – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Отырар – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Төлеби – 3 мектеп, 1800 оқушы орын.

2025 жылы пайдалануға берілетін 34 мектептің 22-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 700 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 558.

Дәлірек айтсақ:

Түркістан – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;

Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Сарыағаш – 1 мектеп, 1500 оқушы орын;

Жетісай – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;

Кентау – 2 мектеп, 2400 оқушы орын;

Қазығұрт – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Келес – 2 мектеп, 600 оқушы орын;

Сайрам – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;

Мақтаарал – 2 мектеп, 1800 оқушы орын;

Ордабасы – 4 мектеп, 3900 оқушы орын;

Түлкібас – 2 мектеп, 900 оқушы орын.

Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасына енген мектептердің директоры бос тұрған лауазымдарына директор тағайындау кезіңде «Білім берудегі 1000 көшбасшы» кадр резервіне енген педагогтарды тағайындауға басымдық берілетін болады.

Сондай-ақ, осы мектептерде жұмыс атқаратын 41 басшылық құрам мен педагог кадрлар Алматы қаласында орналасқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде және «Назарбаев Зияткерлік Мектептері ДББҰ» Педагогикалық Шеберлік Орталықтарында арнайы курстардан (5 күн – қаралған қаржы 9,9 миллион теңге (курс ақысы мен іссапар шығынын қосқанда)  толық өтетін болады.

Жоба аясында енгізілетін мектептерде педагогикалық кадрлармен сапалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамтылмаған «Үздік», «Қызыл диплом» алған түлектердің тізімін сұратып және жұмысқа орналасуға түсіндірме жұмыстарын жүргізуге ықпал жасау мақсатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне хаттар жолданылып, бірлесе жұмыстар атқарылып жатыр.    

Осы ретте жаңадан ашылатын мектептерді немесе облыстағы жалпы мектептерді орындық, парта, тақта және т.б. қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мен мектептің ішкі бөлігін безендіруде «Binom School» мектептер желісінің тәжірибесі ескерілетін болады.

Сонымен қатар ауданда «Отырар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-ның тапсырысымен ауданға қарасты М.Шойманов ауылында 200 орындық мәдениет үйі құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс барысын бақылаған облыс әкімі жауапты тұлғаларға жұмыс барысында туындаған мәселелерді назарға алуды тапсырды.

Өткен жылдың тамыз айында құрылысы басталған ғимаратты биыл тамыз айында ел игілігіне пайдалануға беру көзделіп отыр. Жалпы алаңы – 858,4 шаршы метр. Құрылыс жұмыстарын «КДСМ» ЖШС атқаруда.

Өңірде салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс сапасы тікелей өңір басшысының бақылауында тұр. Оның ішінде Отырар ауданының инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғасады.

Бұдан бөлек Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының ашық диалог аланыңда облыс тұрғындармен кездесуі жалғасып жатыр. Онда өңір мәселелері тұрғындармен бірге көтеріліп, шешу жолдары қарастырылады.

Өңір басшысының кезекті халықпен кездесуі Отырар ауданында өтті. Кездесу барысында облысты дамыту бағытында атқарылған жұмыстар баяндалып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді. Мәселелер ашық айтылып, өткір сұрақтар қойылды.

– Мемлекет басшысы жаңа экономикалық үлгіге өту бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Оның бастысы – инвестиция тарту, яғни жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашу. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында су үнемдейтін технологияларды кеңінен пайдалану. Ауылдық жерлерді дамыту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Отырар ауданында өткен жылы 10 елді мекенде 15 жобаны іске асыруға 1,1 миллиард теңге бөлінді. Атап айтқанда, аудандағы Арыс, Шойманов, Көкмардан, Шытты елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Ақтөбе, Шойманов елді мекендерінде мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары басталып, биыл пайдалануға тапсырылады. Сонымен қатар 8 елді мекендегі 19,3 шақырымды құрайтын 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл 8 елді мекенде 9 жоба іске асырылады. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру, әл-ауқатын жақсарту мақсатында 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 770 миллион теңгеге 139 жоба қаржыландырылды. Бұның көбі бюджет есебінен жүргізіліп жатқан жұмыстар. Ауданның өзіндік кірісін көбейту, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында істі ширатқан жөн. Биыл алты айда ауыл шаруашылығы, құрылыс, инвестиция тарту бойынша индикаторлар төмен деңгейде орындалуда. Жұмысты күшейту керек. Ауыл инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындарды жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар тоқтамайды, – деген Дархан Амангелдіұлы ауданға инвестиция тарту бағытындағы өзекті сұрақтарға да жауап берді. Су үнемдеу технологиясын енгізу, мақта кластерін дамыту маңызды екенін, бірнеше мың тұрғын жұмыспен қамтылатынын атап өтті.

Жиында Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайдың аудан көлемінде атқарылған жұмыстар туралы баяндамасы тыңдалды.

Ауданда жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 60 пайызға өсіп, 2023 жылы 80 миллиард теңгеге жетті. 2023 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 34 миллиард теңгеден асып, жоспар 5,7 миллиард теңгеге артығымен орындалды. Ауыл шаруашылығының өнім көлемі өткен жылы 41 миллиард теңгені құрап, жоспар 1,7 миллиард теңгеге артығымен орындалды.

Кездесуде тұрғындар көкейдегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Инфрақұрылым, жер, жайылым, газдандыру, ағын су және өзге де мәселелер көтерілді. Әрбір көтерілген мәселе хаттамаға енгізіліп, заң шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Кездесуден кейін Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету, жерді заңдастыру, білім саласы, денсаулық сақтау және басқа да түйткілдер тарқатылды. Қозғалған мәселелер бақылауға алынып, тиісті жұмыс жүреді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin