
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес елімізде «Табиғатта қоқысқа жол жоқ» атты Республикалық акциясы бастау алды. Аталған акция аясында бүгін Отырар ауданында жаппай сенбілік өтті.
Акцияның басты мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастыру және тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға, ортаның ластануына жол бермеу. Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері және аудан тұрғындары бір кісідей атсалысты. Одан бөлек қажетті техникалар да жұмылдырылды. Нәтижесінде жол жиектері және арық жүйелері қатты қалдықтардан, арам шөптерден тазартылып, арнайы техникалардың көмегімен 3 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Қай кезде де болмасын, ең бірінші өз ортаңа тазалықпен қарау адамдықтың басты қасиеті екендігі белгілі. Аталмыш шараның аудан тазалығын сақтауда ғана емес, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуда да алар үлесі зор. «Тазалық әркімнің өз ауласынан басталатынын ескерте отырып, аудан тұрғындарын аталған тазалық шарасына өз үлестерін қосуға шақырамыз. Себебі, Отан – баршамыздың ортақ мекеніміз!» — дейді Отырар ауданы әкімдігінің жауапты мамандары.
Айта өтейік, “Табиғатта қоқысқа жол жоқ!” акциясы шеңберінде қоқыстан тазартуды қажет ететін орындардың тізімі анықталды. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі еріктілерге арналған жалпыұлттық экологиялық акция аясында ең ластанған табиғи орындарды анықтады. Тізімге азаматтардың көбіне баратын табиғи демалыс орындары, саябақтар мен алаңдар, өзендер мен көлдердің айналасы кірді. 2022 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Табиғатта қоқысқа жол жоқ!” атты акциясының басталуы туралы жариялады. Акция табиғатқа тиімсіз, тұтынушылық көзқарасқа қарсы шыққандардың күш-жігерін біріктіруге бағытталды.
Акцияның бірінші кезеңі ағымдағы жылдың 8 қазанында республиканың барлық өңірлерінде басталды. Бұл күні экологиялық акцияға мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың қызметкерлері, эковолонтерлер мен қоғамдық ұйымдар қатысты. Барлық ниет білдірушілер іс-шараға қосыла алады!
Акцияның басты мақсаты – жұртшылықтың, әсіресе, жастардың назарын орман екпелерін, демалыс орындарын қоқыспен ластау проблемасына аудару, елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу, қоршаған табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттау және табиғатпен үйлесімді өмір сүретін қоғамның мәдениетін қалыптастыру.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
106330 208682You created some decent points there. I looked on the net for any issue and found most individuals goes in addition to with all your website. 20598
658335 477642so a lot great info on here, : D. 490979
GetResponse is a game-changer for email marketing! It offers powerful automation, user-friendly tools, and excellent deliverability—making campaigns seamless and effective. Plus, their analytics help optimize performance effortlessly. Great news! Now you can get 30% off until April 5th. Perfect time to upgrade or try it out! Follow the link.