Түркістан облысы: Отырар ауданында жастар арасында «Кітап және Жастар» атты «дөңгелек үстел» өтті

Бүгін Отырар аудандық орталық кітапхананың және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен кітапты көп оқитын жастар арасында «Кітап және Жастар» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Іс-шараға жоғары сынып оқушылары, студенттер, музей, спорт, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.

«Дөңгелек үстел» барасында «Көркем әдебиет қаншалықты құнды? Көркем әдебиеттен бойыңызға қандай асыл қасиет жинадыңыз? Бүгін жастардың санасын ғаламтор жаулаған уақытта кітаптың құны түсіп кетті деген пікірге келісесің бе? Кітаптың отбасылық тәрбиеге де ықпалы қандай? Аға буын өкілдерін әдебиетке баулуда ата-әжелеріміздің, ұстаздардың ықпалы зор болған. Ал бүгінгі жас буынды кітап оқуға жетелеуде мұғалімдердің, ата-аналарымыздың рөлі қандай деп ойлайсыздар?» деген сұрақтар төңірегінде қызықты да тартымды әңгіме өрбіді.

​«Кітап оқымайтын адам – ойсыз адам. Ал ойсыз адам қоғамға зиян. Кітап оқитын және оқымайтын адамды салыстыра қарасақ, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Мысалы, кітап оқымайтын адам қиындыққа шыдамайды, ары қарай өмір жоқ деп ойлап, өз-өзіне қол жұмсаудан тайынбайды. Өйткені, оның ойы таяз. Ол адам кітап оқып өзінің жан дүниесін байытпауы салдарынан орын алады» — деп, кітапхана қызметкері Г.Дәулетова кешті қорытындылады. Жиын соңында кітапты көп оқитын кітапхананың тұрақты, белсенді оқырмандары арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Жас оқырмандар тарапынан тағылымы мол осындай іс-шараларды дәстүрге айналдырып тұруға ұсыныс жасалды.

Иә, расында да, ақпараттық технологияның қарқынды дамып отырған қазіргі заманында кез келген адамның әр түрлі салада, қалаған тақырыпта әр бағытта ақпаратпен хабардар болуына ешқандай кедергі жоқ екендігі еш шүбәсіз. Интернет керек пе, электрондық пошта керек пе, өз қалауыңмен пайдалана бер! Қазір тіпті кітапты да интернет арқылы оқуға жағдай жасалған. Сонда жастанып жатып оқитын кітаптың заманы біткені ме, «жанды кітап оқитындардың соңғы буыны біз бе?» деп те ойланып қаласың. Жалпы, қазіргі адамның кітап оқуға құлшынысы қалай немесе оған уақыттары бар ма? Ақын Иосиф Бродский: «Егер бір адам кітап оқымаса, бұл — оның өз қасіреті, ал миллиондаған адамдар кітап оқымаса, тұтас бір ұлттың қасіреті», — деген екен. Яғни, қазіргі жастардың кітап оқуға деген құлшынысы күннен күнге азайып, М.Шаханов ағамыз айтпақшы, «Компьтербасты жарты адамдар» көбеюде.

 «Жастар кітап оқымайды» деген қасаң пікірді аға буыннан жиі естиміз. Жастар оқитын, қазіргі қоғамға түсінікті, тұшымды дүние болса, қанеки! Заманауи тақырыпқа сай кітаптар қатары сирек қазір. Осындай олқылықтарды көргенде, ата-аналарымыздың естеліктері еске түседі. С.Мұқановтың – «Ботагөз», «Өмір мектебі», Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз» сынды бірегей туындыларын кеңестік кеңістікте өмір сүрген жастар жастана оқыған. Бірігіп, бас қоса қалса, соңғы оқыған кітаптары жайлы ойларын ортаға салып, талқылайды екен. Замандастарды ортақ мүддеге, ортақ көзқарасқа тоғыстырған сол кездегі қазақ жазушыларының тапқырлығына тәнті боласың! Бүгінгі жастар «Instagram», «Faceebook», «Twitter», «Вконтакте» сынды әлеуметтік желілерінде қандай жаңалықтар бар, қай жұлдыздың парақшасында не болып жатқанын бастары біріксе талқылайды, одан қалса тілдесудің орнына ұялы телефонына көміліп отырады. Бұл көңіліңе кірбің ұялататыны сөзсіз…» — дейді жиынғы қатысқан жастардың бірі.

«Неге қазір кітаптар оқылмай жатыр? Неге кітапханаға жастар келмейді?»  деген заңды сауалдарға жауап іздеп әлекпіз. «Шаң басқан архивтерден табылатын» құнды кітаптар кітапхана төрінің сәнін келтіру үшін жарыққа шыққан ба?»  деп қаласың кейде. Қазіргі қазақ әдебиетінде тарлан жазушыларымыз жетерлік. Т.Әбдіков, Ә.Кекілбаев, Ш.Мұртаза…  Бірақ олар айтарын өткен ғасырда айтып, қазіргі жаңа заманда әзірге үнсіз жатыр. Ақпарат ғасырында кітаптың оқылымсыз болып, қолданыстан шеткеріленуі қазақ жастарының ұсақталуынан хабар бергендей. Аға буын жазушыларды орнын басқан кейінгі толқын әдебиетке жаңа леп әкеліп жатқан жоқ. Қазір кім не жазса да, еркі өзінде. Жақындарына кітап арнап, мемуар жазу дұрыс та шығар. Дегенмен ұрпақ үшін еш мәні жоқ кітаптарды көбейткеннен не ұтамыз? Керісінше, ұтылып, жұтылып кетуіміз мүмкін. «Кітап маған тақтан да артық» деген Шекспир өсиеті, «Талантты адам алтын тақта туған патшамен тең» деген Фридрихтің сөздері тамаша үндесіп тұрған жоқ па? Иә, кітап ең үздік ұрпақ тәрбиелеушісі, сондықтан кітапты тек таланттылар ғана, ұлт мүддесі үшін жазған жөн деп ойлаймын» — деп ой қосады тағы бір жас.

«Кітапсыз үй жансыз дене сияқты» деген екен бір данышпан. Ал кітапты ғұмыр бойы қолына ұстамаған адамды неге теңеріңді білмей дағдарасың. Кітап – қашанда рухани азық. Ондай қымбат қазынаны өткінші дүниелермен алмастыруға әсте болмайды. Сондықтан, достар, алдамшы нәрселерге еріп, кітаптың қадірін түсірмейік!

Рухани кешке жиналған кітапсүйер оқырмандар естелік суретке түсіп тарқасты.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

17 Comments

  1. Hi there! This article couldn’t be written much better! Going through this article reminds me of my previous roommate!
    He always kept preaching about this. I’ll send this post to him.
    Fairly certain he will have a great read. Many
    thanks for sharing!

  2. Cool blog! Is your theme custom made or did you download it
    from somewhere? A theme like yours with a few simple adjustements would
    really make my blog stand out. Please let me know where you got
    your design. Bless you

  3. We stumbled over here different web page and thought
    I may as well check things out. I like what I see so now i am following you.
    Look forward to exploring your web page yet again.

  4. Pretty section of content. I just stumbled upon your blog and in accession capital to assert that I acquire in fact enjoyed
    account your blog posts. Any way I will be subscribing to your augment and even I achievement you access
    consistently quickly.

  5. Hello, i read your blog from time to time and i own a similar one and i was just curious if you get a lot
    of spam responses? If so how do you reduce
    it, any plugin or anything you can recommend? I get so much lately it’s
    driving me insane so any help is very much appreciated.

  6. Hello there! Do you know if they make any plugins to help with Search Engine Optimization? I’m trying to get my blog
    to rank for some targeted keywords but I’m not seeing very good gains.
    If you know of any please share. Kudos!

  7. I do not know whether it’s just me or if perhaps everybody else experiencing problems with your blog.
    It appears as though some of the text within your posts are running off the screen. Can somebody else please comment and let me know if this is happening to them as
    well? This could be a issue with my internet browser because I’ve had this happen before.
    Kudos

  8. Robert Medina brought him back in a pair of stakes on the Tapeta at Turfway Park this year, and the sophomore colt rallied well in both starts, finishing only four lengths back of Tiz the Bomb in the Battaglia Memorial most recently amazon priligy

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.