Түркістан облысы: Отырар ауданында жаппай сенбілік өтті

Бүгін ауданда жалпыаудандық сенбілік шарасы болып өтті. Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері және аудан тұрғындары бір кісідей атсалысты. Одан бөлек қажетті техникалар да жұмылдырылды. Нәтижесінде жол жиектері және арық жүйелері қатты қалдықтардан, арам шөп, жыңғылдардан тазартылып, арнайы техникалардың көмегімен 2 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Сенбілік жұмыстары аудан орталығынан бөлек, барлық ауылдық округтерде де өтті.

«Ауылына қарап, азаматын таны» демекші, азаматтары белсенді ауылдың көркі ажарлы болатыны белгілі. Бүгінгі сенбілікте жұдырықтай жұмылып, іске бел шешпей кіріскен азаматтардың арқасында аудан орталығы мен ауылдар жаңарып, жасарып, көз тартар кейіпке енді.

«Тазалық — денсаулық кепілі» деп айтылса, қоршаған ортаны таза ұстау — баршамыздың парызымыз. Ендігі кезекте мұндай жалпыаудандық сенбіліктер тұрақты жүргізілетін болады.

Айта өтейік, аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановтың тапсырмасына сәйкес, Талапты ауыл округінде де сенбілік болып өтті. Сенбілікте орталық, ішкі көшелерге, қатты тұрмыстық қалдықтар тастау полигонына санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілсе, облыстық маңызы бар КХ-10 Шәуілдір-Көксарай-Байырқұм трассасы бойындағы аяқжол асфальт қалдықтарынан тазаланды. Сенбілікке ауыл округіне қарасты барлық мекеме қызметкерлері және ауыл азаматтары қатысты. «Осы орайда сенбілікке бейжай қарамай атсалысқан азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз» — дейді жауаптылар.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.