Түркістан облысы: Отырар ауданында қарияларға арналған мерекелік концерт болып өтті

Бүгін Түркістан облысы Отырар аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Отырар өнер және саз мектебі» мен «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызметтер орталығы КММ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қарты бар елдің қазынасы бар» атты тақырыпта ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты апаларымызға арналған мерекелік концерт болып өтті. Мерекелік концертті ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаев, ардагер ұстаз, Отырар ауданның Құрметті азаматы Гүлзейнет Әлмешова, еңбек ардагері, ардагер ұстаз Арысбек Мақұлбеков сынды ауданға белгілі қариялар мен «Отырар Өнер және Саз» мектебінің директоры Гүлсара Мүсірәліқызы Мүспенова сөз алып, қарияларымызға жылы лебіздерін білдіріп, ашып берді.

Іс-шараға «Белсенді ұзақ өмір» орталығында қызмет алушы 40-қа жуық қазыналы қария қатысты. «Өнер және Саз» мектебінің ұстаздарынан құралған оркестрмен қазақтың төл өнері болған, кешегі Құрманғазы бабамыздың «Сарыарқа» күйімен бастап, Отырар ауданының мақтанышы, айтыскер ақын Дәурен Ақсақалов қарияларға арнау арнады. Оркестр ұжымының орындауында халық әндері, классикалық шығармалар орындалып, күмбірлете күйлер төгілді. Кеште дәстүрлі әндер шеруі және шетелдік композитордардың шығармаларын орындап, қазыналы қарияларымыздың ыстық ықыласына бөленді. Қазыналы қарияларымыз өнер көрсеткен өнерпаздарға ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді.

Еске салайық, Түркістан облысы, Отырар ауданында «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы биыл 1 қазанда ашылған болатын. Орталықты ашудағы мақсат —  құрметті еңбек демалысына шыққан барлық еңбек ардагерлерінің басын біріктіретін бірегей ортаға айналдыру. Мұнда ардагерлердің бос уақыттарын тиімді өткізуге мол мүмкіндік жасалған. Олар өзара әңгімелесе отырып, шығармашылықпен айналысады, медициналық көмек алады, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен де шұғылдана алады.

Орталық ғимараты түрлі заманауи аппараттармен жабдықталған. Атап айтқанда: тұз шахтасы (тұзбен емдеу), медике кабинеті, автоматтандырылған түрлі массаж құрылғыларымен және арнайы психологиялық көмек көрсету кабинеті, кітапханамен қамтылған. «Белсенді ұзақ өмір» КММ-де қазіргі таңда 185 адам әлеуметтік қызмет алса, бір күнде 50 қызмет алушыға 14 маман әлеуметтік қызмет көрсетеді.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.