Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанхановтың тұрғындармен кездесу жиыны Ақтөбе, Шілік ауыл округтерінде өтті. Жиында аудан басшысы ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, алда тұрған міндеттерді атап өтті.
Өз баяндамасын: «Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес аудан және ауыл округі әкімдері өздеріңізбен тоқсан сайын есепті кездесу жиынын өткізуі тиіс, осыған байланысты бүгін еркін пікір алмасу үшін жүздесіп отырмыз» — деп бастаған аудан әкімі ауыл округтеріндегі бұған дейін көтерілген өзекті мәселелердің орындалуы барысына тоқталды.
Өткен жиындарда ауыл тұрғындары «Шілік – Ақтөбе» автожолының тозығы жеткен, жөндеу жұмыстары жүргізілсе» деген өтінішін айтқан болатын. Аталған мәселе бақылауға алынып, аудандық маңыздағы KXOR-11 «Ақтөбе-Шілік» 8,8 шақырым автомобиль жолына орта жөндеу үшін жұмыс жобасы әзірленіп, ведомстволық сараптама қорытындысы алынған. Жобаны жүзеге асыру үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылған. Жол демекші, аудан көлеміндегі жалпы автокөлік жолдардың ұзындығы 863,25 шақырымды құрайды. Оның ішінде қанағаттанарлық жағдайдағысы — 543,93 шақырым (63 %). Нақтылай айтсақ, облыстық маңыздағы жолдар — 325,9 шақырым, қанағаттанарлық жағдайдағысы — 192,28 шақырым (59%). Аудандық маңыздағы жолдар — 109,65 шақырым, қанағаттанарлық жағдайдағысы — 90,15 шақырым (82,22%). Ішкі көшелер — 427,7 шақырым, қанағаттанарлық жағдайдағысы — 261,5 шақырым (62%). Оның ішінде: асфальт көше — 261,5 шақырым; тас көше — 87,3 шақырым; топырақ көше — 78,9 шақырым.
2022 жылы ұзындығы 19,8 шақырымды құрайтын 26 көшеге орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жергілікті бюджеттен (сметалық құны — 303,8 миллион теңге) жүргізілді.
Ауылдық округтер төртінші бюджеті есебінен 7 шақырымды құрайтын 15 көшеге ағымдағы, орта жөндеу жұмыстары (39,8 миллион теңге) жүргізілді.
2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 19,6 шақырымды құрайтын 10 ішкі көшеге (518,4 миллион теңге) және жергілікті бюджет қаржысы есебінен 24,3 шақырымды құрайтын (417,9 миллион теңге) 17 көшеге орта жөндеу жұмыстары жоспарланып, қанағаттанарлық дәрежедегі жолдар 305,4 шақырымды (72,0 %) құрайды деп межеленіп отыр.
Сондай-ақ «Ақтөбе-Шілік» ауылы аралығындағы 7 шақырым жоғары кернеулі электр желісі бағаналарының орны ауыстырылды. Мұнан өзге «Қазсушар» РМК Отырар аудандық өндірістік бөлімшесі арқылы Жаңа Шілік ауылындағы Терекарықта орналасқан 4 дана тоспа орнату үшін жобалық-сметалық құжатын жасатып, 2024 жылы қаржыландыруға ұсыну жоспарланып отыр. Әрине, мұның бәрі егін шаруашылығын өркендетуге арналған қадамдар екені айқын. Егіс көлемдерін игеру үшін ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып, жоспарға енгізіліп отыр. Бүгінгі таңда Шәуілдір суармалы алқабындағы 13 мың гектар алқаптың ағын сумен қамтамасыз ету үшін қосымша 11 текше метр/секунд су жеткізетін «Сырдария-Арыс» каналының құрылысына және осы алқаптағы жер асты суы деңгейін түсіріп топырақ құнарлылығын арттыруға бағытталған 368 шақырымды құрайтын дрендер жүйесін қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарланып отыр. Аталған жұмыстар республикалық бюджеттен, Европалық қайта құру және даму банкі есебінен жүргізілетін болады.
Сонымен қатар бүгінгі таңда арнайы жұмыс тобы құрылып, 11 ауылдық округтегі ағын су нысандарын аралап, зерделей отырып 2025 жылға дейін негізгі деп саналатын 8 каналға күрделі және 37 каналды механикалық тазалау жұмыстары жоспарға енгізілді. Аудан бойынша 118 канал бар. Аталған барлық су нысандары республикалық «Қазсушар» мекемесіне тиесілі. 2025 жылға дейін жалпы болжамды қажетті қаржы көлемі 11,2 миллиард теңгені құрап отыр.
Орайы келгенде, атап өтер маңызды мәселе, еліміздің оңтүстік облыстарында ағын суды тиімді әрі үнемдеп пайдалану маңызды болып тұр. Су нысандарын жөндеу, каналдарды тазалау да өзекті. Түркістан өңірінде ауыз су бойынша мәселе бар. Түркістан облысында су шаруашылығы жүйелерін қалпына келтірудің 2023-2030 жылдарға арналған Жол картасы әзірленген. Егер бұл жоспарға республикалық бюджеттен қолдау көрсетілсе, 3 жаңа су қойма салынып, 17 су қоймасы жөнделеді. Жаңадан 120,3 миллион текше метр ағын су жеткізіледі. 12,2 мың гектар жаңа суармалы жер іске қосылып, 250 мың гектар суармалы жердің мелиоративтік жағдайы жақсарады. 250 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Каналдар, қашыртқылар, ауыз су құбырлары жөнделмек. Жол картасына жалпы 58 жоба енгізілген.
Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының облыста су нысандарын басқаруды жетілдіру және дамыту жөнінде берген тапсырмаларына сәйкес, су нысандарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы қаралып, жұмыс жүргізіліп жатыр. Өзендер мен каналдардың табанын тазалау шаралары бойынша «Тұран су» кәсіпорнының басшысы Досхан Лесовтің сөзіне сенсек, биыл ұзындығы 679,6 шақырым болатын 187 каналды тазалау жоспары жүргізіледі. 15 каналға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 2023-2025 жылдары 106,7 шақырым канал темір бетонмен қапталып, су шығындарын азайтады. 13450 гектар суармалы жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету жақсарады. Оның ішінде ағымдағы жылы 32 шақырым каналды бетондау жұмыстарының бүгінгі күні 35%-ға орындалды.
– Төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары бойынша Арыс, Ақсу және Келес өзендеріндегі 20 қауіптілігі бар нысандағы жұмыстардың 4-еуі толық аяқталып, 11-інде жұмыстар атқарылуда. Бүгінде 11,2 шақырым өзен арнасын түзету және жаға бекіту жұмыстары жүргізіліп, 2 616 габиондық сеткалар орнатылды, 7 497 текше метр қой тасы қаланды. Қалған 5 нысанды реттеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жұмыстар қараша айының екінші онкүндігінде аяқталады. Алдағы уақытта кәсіпорынды перспективалық дамыту жоспарына сәйкес, инвестициялық 4 жобаларды жүзеге асыру көзделуде. Атап айтқанда, кәсіпорынды техникалық жабдықтау бойынша 2024 жылға 10 экскаватор сатып алуды жоспарлап отырмыз. Суару жүйелеріне арналған параболалық лотоктар шығаратын өндірісін ашу. Тамшылатып суару технологиясына қажетті полиэтилендік құбыр өндірісін ашу. «Бөген» су қоймасына су электр станциясын салу жобасы. Су нысандары құрылыстарына жобалық сметалық құжаттама жасау қызметіне лицензия алуды қарастырудамыз, жаңа 10 жұмыс орны ашылады. Бұл қаржыны 30-40 пайызға үнемдеуге мүмкіндік беретін болады, – дейді Досхан Лесов.
Биыл шаруаларға 530 миллион текше метрден астам су беріліп, лимиттің 71%-ы босатылды. «Бөген» су қоймасына өткен жылмен салыстырғанда 100 миллион текше метрге жуық немесе 20%-ға су аз келуіне қарамастан, су жеткізу қызметін тиімді ұйымдастыру нәтижесінде суару маусымы қалыпты деңгейде өткізілді. Қазіргі таңда «Бөген» су қоймасында 10,5 миллион текше метр, «Қосқорған» су қоймасында 1 миллион текше метр су бар және Арыс өзенінен келіп жатқан су көлемі — 9,5 текше метр/секуындына. Арыс магистралды каналы арқылы «Бөген» су қоймасына жіберілуде. Аталмыш мекеме тарапынан суарылатын алқап көлемі 108,6 мың гектарды құрап отыр.
Мемлекет басшысының жаңа тарифтік саясатына көшу тапсырмасына сәйкес, кәсіпорынның 5 жылдық инвестициялық бағдарламасы әзірленіп, жаңа тарифтік смета уәкілетті органмен бекітілді. Нәтижесінде, 1 кезеңде жұмысшылардың жалақысы 30% өседі және 2 канал күрделі жөндеуден өткізіледі. Облыс басшысы Дархан Сатыбалдының тапсырмасының нәтижесінде аудандық меншіктегі 12 су қоймалары кәсіпорын теңгеріміне қабылданып, облыстық бюджеттен күтіп ұстау шығындары мен ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы сұралды.
Кәсіпорын меншігіндегі су нысандарына австралиялық «Рубикон» фирмасының программалық қамтамасыз етуімен электронды карта әзірленді. Барлық ақпараттар электронды картада көрсетілген, қажетті мәліметтерді кез келген стационарлық және мобильді құрылғыларда интернет арқылы алуға болады.
Айта кетейік, «Тұран су» мекемесінің негізгі қызметі – мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы мен құрылыс нысандарын күтіп ұстау, пайдалану, елді-мекендердің тыныс-тіршілігін ағын сумен қамтамасыз ету. Кәсіпорын 18 су қоймасы, 3 су торабы, 3 магистралды, 107 ішкі шаруа аралық каналдар, 3 өндірістік-техникалық базасы және 81 арнайы техникамен жабдықталған. Бәйдібек, Сауран, Отырар, Ордабасы, Сайрам аудандары мен Арыс, Кентау, және Түркістан қаласындағы 108,6 мың гектар алқапты суаруға қауқарлы.
Биыл елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары бойынша 21 нысанға аудандық бюджеттен қаржы қаралған. Оның ішінде Жаңа Шілік ауылындағы «Отырар ауданы» кіре беріс қақпаны абаттандыру, Ақтөбе, Ескі Шілік елді мекендеріне балалар ойын алаңшасын салу, Жаңа Шілік елді мекеніне спорт алаңшалары мен воркаут және Ескі Шілік ауылындағы көшеге аяқ жол салу жұмыстары атқарылуда. Абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары бойынша Отырар ауданында бірқатар жұмыстар атқарылған. Мәселен, 2022 жылы Шәуілдір ауылындағы М.Әуезов көшесіне (45,176 миллион теңге) және Мыңшұқыр ауылына көп функционалды спорттық ойын алаңшалары (35,017 миллион теңге) пайдалануға берілген.
Сонымен қатар 2022 жылы 4 елді мекенде (Балтакөл, Шытты, Қарғалы, Қостерек) спорт және балалар ойын алаңшалары пайдалануға беріліпті.
Ал Темір ауылындағы М.Әлиев көшесін абаттандыру жұмыстарына (94,15 миллион теңге) қаржы қаралып, абаттандыру жұмыстары жүргізіліпті (келісімшарт құны — 72,576 миллион теңге).
«Қазіргі заман талабына сай елді мекендерде балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңшаларын салу бойынша тұрғындардан сұраныстар көптеп түсіп жатыр» деген аудан басшысы биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен Аққұм, Ақтөбе, Ш.Қалдаяқов, Жаңа Шілік, Ескі Шілік елді мекендеріне балалар ойын алаңшасын салуға сметалық құны 151,6 миллион теңге, Шеңгелді, Талапты, Арыс, Көлқұдық, Маяқұм елді мекендерінен спорт алаңшаларын салуға сметалық құны 125,8 миллион теңге қарастырылып отырғандығын жеткізді.
Бұдан бөлек Шәуілдір-Темір автокөлік жолының ортасына абаттандыру жұмыстары жалғасын табады (сметалық құны — 72 миллион теңге) екен. Оған қоса Отырар ауданының кіреберіс қақпасының төңірегі жаңартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр (смета құны — 45 миллион теңге).
Айта өтейік, Шілік ауылдық округінің орталығы — Жаңа Шілік ауылы.
Елді мекендері — Жаңа Шілік, Ескі Шілік.
Халық саны — 2595 адам.
Округтің барлық жер көлемі 49737 гектарды құрайды.
Оның ішінде:
ауыл шаруашылығы жері — 27574 гектар;
Жалпы егістік — 1489 гектар;
суғармалы жер — 1489 гектар;
көп жылдық екпелер — 6 гектар;
шабындық жер-750 гектар;
жайылымдық жер — 25329 гектар.
Елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер төменде көрсетілді:
№ | Елді мекен | Түйе | Жылқы | Ірі қара мал | Уақ мал |
1 | Жаңа Шілік | 509 | 427 | 1986 | 15845 |
2 | Ескі Шілік | 403 | 509 | 2020 | 13526 |
Барлығы: | 912 | 936 | 4006 | 29371
|
Ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәлімет мынадай:
№ | Елді мекен | Мал дәрігерлік пунктері | Мал тоғыту орындары | Жасанды қашырым пунктері | Биотермиялық шұңқырлар |
1 | Жаңа Шілік | — | 1 | 1 | 1 |
2 | Ескі Шілік | 1 | — | 1 | 1 |
Барлығы: | 1 | 1 | 2 | 2 |
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршурттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі. Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы:
№ | Таулы аймаққа малдардың айдап шығарылу мерзімі | Таулы аймаққа шығарылған малдардың қайтарылу мерзімі | Ескерту |
1 | Сәуір-мамыр | Тамыз-қыркүйек |
|
Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басына шаққандағы жайылымның қажеттілігі туралы кестесі:
№ | Елді мекен | Елді мекендердегі жалпы жайылымның жер көлемі, гектар | Мал басы мен қажетті жайылымдық жер көлемі, гектар | ||||||
Түйе | Норма, гектар |
Қажетті жайылым, гектар | Жылқы | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |||
1 | Жаңа Шілік | 17045 | 509 | 12 | 6108 | 427 | |||
2 | Ескі Шілік | 20093 | 403 | 12 | 4836 | 509 | |||
Барлығы: | 37138 | 912 | 12 | 10944 | 936 | ||||
Норма гектар |
Қажетті жайылым, гектар | Ірі қара мал | Норма, гектар | Қажетті жайылым, гектар | Уақ мал | Норма, гектар | |||
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | |||
9 | 3843 | 1986 | 8 | 15888 | 15845 | 2 | |||
9 | 4581 | 2020 | 8 | 16160 | 13526 | 2 | |||
9 | 8424 | 4006 | 8 | 32048 | 29371 | 2 | |||
Қажетті жайылым, гектар | Жалпы қажет жайылым жер көлемі, гектар | Елді мекендердің жалпы жайылымы мен қажетті жайылымның айырмасы, (-,+) | |||||||
15 | 16 | 17 | |||||||
31690 | 57529 | -40484 | |||||||
27052 | 52629 | -32536 | |||||||
58742 | 110158 | -73020 | |||||||
Сонымен қатар «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында ұлттық қор есебінен Ақтөбе ауылындағы 150 орындық мәдениет үйінің құрылысы бойынша жеңімпаздары анықталып, келісімшарттар түзілді. Тамыз айынан бастап құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Ақтөбе ауыл округінің орталығы – Ақтөбе ауылы.
Елді мекендері — Ақтөбе.
Халық саны — 1864 адам.
Округтің барлық жер көлемі — 26867 гектар.
Оның ішінде:
ауыл шаруашылығы жері — 24006,3 гектар;
жалпы егістік — 4202,3 гектар;
суғармалы жер — 4202,3 гектар;
көп жылдық екпелер — 46 гектар;
жайылым жер — 19757 гектар;
шабындық жер — 1 гектар.
Елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер төмендегіше:
№ | Елді мекендер | Түйе | Жылқы | Ірі қара мал | Уақ мал |
1 | Ақтөбе | — | 1803 | 2535 | 19509 |
Барлығы | — | 1803 | 2535 | 19509
|
Ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәлімет мынадай:
№ | Елді мекен | Мал дәрігерлік пунктері | Мал тоғыту орындары | Жасанды қашырым пунктері | Биотермиялық шұңқырлар |
1 | Ақтөбе | — | 3 | 1 | 1 |
Барлығы | — | 3 | 1 | 1 | |
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршурттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі. Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы:
№ | Таулы аймаққа малдардың айдап шығарылу мерзімі | Таулы аймаққа шығарылған малдардың қайтарылу мерзімі | Ескерту |
1 | Сәуір-мамыр | Тамыз-қыркүйек |
|
Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басына шаққандағы жайылымның қажеттілігі туралы кестесі төменде көрсетіліп отыр:
№ | Елді мекен | Елді мекендердегі жалпы жайылымның жер көлемі, гектар | Мал басы мен қажетті жайылымдық жер көлемі, гектар | |||||
Жылқы | Норма, гектар | Қажетті жайылым, гектар | Ірі қара | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | ||
1 | Ақтөбе | 20201 | 1803 | 9,0 | 16227 | 2535 | ||
Барлығы | 20201 | 1803 | 9,0 | 16227 | 2535 | |||
Норма, гектар |
Қажетті жайылым, гектар | Уақ мал | Норма, гектар |
Қажетті жайылым, гектар | Жалпы қажет жайылым жер көлемі, гектар | Елді мекендердің жалпы жайылымы мен қажетті жайылымның айырмасы, (-,+) | ||
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | ||
8 | 20280 | 19509 | 2 | 39018 | 75525 | -55324 | ||
8 | 20280 | 19509 | 2 | 39018 | 75525 | -55324 | ||
Кездесуде ауыл тұрғындары егістік жерлерге ағын су жеткізу, ішкі көшелерді жөндеу, аяқжолдар салу секілді мәселелерді көтеріп, жауапты сала басшылары тарапынан тұщымды жауаптар алды. Кейбір мәселелер ағымдағы жылы шешімін табатыны баяндалып, жақын арада тиісті жұмыстар атқарылатыны түсіндірілді.
Жиын соңында аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, жұмыссыздық, суармалы жер және өзге де әлеуметтік мәселелерге байланысты өтініштеріне жауапты сала мамандарына заң аясында тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.