Түркістан облысы: Отырар ауданының ауылдарында «Заң керуені» акциясы аясында кездесулер өтіп жатыр

Бүгін Отырар аудандық прокуратурасы мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің Қарғалы ауыл округі тұрғындарымен «Заң керуені» акциясы аясында кездесуі өтті.

Кездесу барысында ауыл тұрғындарына заңдарға енгізілген өзгерістер мен қазіргі таңда белең алып жатқан алаяқтық қылмысының алдын алу жөнінде жан-жақты мысалдар келтіріле отырып түсіндірмелер жүргізілді. Жиын барысында ауыл тұрғындары көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті атқарушы орган қызметкерлері тарапынан толыққанды жауаптарын алды. Жиын соңында заңдарға енгізілген өзгерістерді түсіндіру алдағы уақытта да халық арасында жүргізіле беретіндігі айтылып, жиын қорытындыланды.

Тағы бір назар аударар жайт, Отырар ауданы прокурорының 2022 жылғы 31 қазандағы өкімімен құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірлерде «Заң керуені» акциясы шеңберінде 2022 жылдың 9 қарашасында сағат 10:00-де Қарақоңыр ауыл округінің Абай жалпы орта мектебінде кездесу өткізілмек.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You