
«Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен «Табиғатта қоқысқа жол жоқ» атты акциясы бастау алғандығын хабарлаймыз. Осыған байланысты, республика көлемінде ағымдағы жылдың 8-ші қазан күні жоспарланған тазалық акциясына қатысуға, елді мекендердің аумағындағы бейберекет қоқыс орындарды, үй іргелік аулаларын, көше бойларын, көп қабатты үй маңындағы аумақтары мен аулаларын, жертөлелерін, кіре берістерді (подъезд), өзендердің, каналдар мен бұлақтардың арналарын жинап-тазалау, барлық су жағалауларын қоқысықтардан тазартуға шақырамыз» — дейді Отырар ауданы әкімдігінің жауапты мамандары.
Айта өтейік, “Табиғатта қоқысқа жол жоқ!” акциясы шеңберінде қоқыстан тазартуды қажет ететін орындардың тізімі анықталды. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі еріктілерге арналған жалпыұлттық экологиялық акция аясында ең ластанған табиғи орындарды анықтады. Тізімге азаматтардың көбіне баратын табиғи демалыс орындары, саябақтар мен алаңдар, өзендер мен көлдердің айналасы кірді. 2022 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Табиғатта қоқысқа жол жоқ!” атты акциясының басталуы туралы жариялады. Акция табиғатқа тиімсіз, тұтынушылық көзқарасқа қарсы шыққандардың күш-жігерін біріктіруге бағытталды.
Акцияның бірінші кезеңі ағымдағы жылдың 8 қазанында республиканың барлық өңірлерінде басталады. Бұл күні экологиялық акцияға мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың қызметкерлері, эковолонтерлер мен қоғамдық ұйымдар қатысады. Барлық ниет білдірушілер іс-шараға жоғарыда көрсетілген локациялар бойынша қосыла алады!
Акцияның басты мақсаты – жұртшылықтың, әсіресе, жастардың назарын орман екпелерін, демалыс орындарын қоқыспен ластау проблемасына аудару, елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу, қоршаған табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттау және табиғатпен үйлесімді өмір сүретін қоғамның мәдениетін қалыптастыру.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
128829 621286Can I just now say that of a relief to locate somebody who truly knows what theyre speaking about online. You in fact know how to bring a difficulty to light and work out it crucial. The diet want to see this and appreciate this side on the story. I cant believe youre no a lot more popular since you certainly possess the gift. 630394
635377 924584Das beste Webdesign Berlin erhalten Sie bei uns, genauso wie professionelles Webdesign. Denn wir sind die Webdesign Agentur mit pfiff. 839491
319094 969477Interesting website, i read it but i nonetheless have a couple of questions. shoot me an e-mail and we will talk a lot more becasue i might have an intriguing idea for you. 48050