Түркістан облысы: Отырар ауданының қариялары киелі орындарға зиярат жасап қайтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында рухани астанамыз Түркістан қаласында болғанда көптеген ірі-ірі мәселелерді көтерген болатын. Солардың бірі де бірегейі туризм саласы. Аталған салаға ең бір қолайлы аймақ деп Түркістан облысын да атаған еді. Қазіргі күні кез келген дамыған мемлекеттің қазынасын осы туризм арқылы толтырып отырғанын білеміз.

Міне, өткен қарттар күніне байланысты Отырар ауданының әкімдігі елге еңбегі сіңген 45 қарияны Бәйдібек ауданына арнайы аттандырған болатын. Яғни, сол аудандағы тарихи-танымдық, рухани жәдігерлермен танысып қайту мақсат етіп қойылды. Аудан қариялары сол аудандағы күллі халқымыз қадір тұтатын Домалақ ана, Ақмешіт тарихи орындарында болып, құран бағыштап тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Қадірлі қарияларды маңызды сапарға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ.Киізбай сәт сапар тілеп, шығарып салды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.