Түркістан облысы: Отырар ауданының әкімі Балтакөл, Маяқұм ауыл округтерінде «Ауыл аманаты» жобасымен несие алуға ниетті шаруалардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады

Бүгін аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов аудан орталығынан шалғай орналасқан Балтакөл және Маяқұм ауыл округтеріне арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Аймақ басшысының бұл жолғы кездесуі ресми орындарда емес, ашық аспан аясында өрбіді.

Аудан басшысы алдымен Балтакөл ауылындағы шаруалармен кездесіп, еңбек адамдарын толғандырған мәселелермен танысты. Елді мекендегі «Ауыл аманаты» жобасына қатысып, 2,5 пайыздық несие алуға ниетті шаруалардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Ауыл халқының негізгі кәсібі — тары-талқан өндірісі. Осы бағытта «Алға БАМ» өндірістік кооперативінің төрағасы Сабыржан Досжанов — шағын тары цехын ашып, өз кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкер. «Биыл ғана іске асып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы шаруаларға үлкен көмек болады» — дейді ол.

Айта өтейік, Түркістан облысына 2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға Түркістан облысына республикалық бюджеттен 11,0 млрд. теңге несие қаражаты бөлінген болатын. Енді өңірге қосымша 8,7 млрд. теңге қаражат қарастырылып отыр.

Енді соған сәйкес 16 ауданнан анықталған 32 ауылдық округке қосымша әр аумақтан 2 ауылдық округтен қосу жоспарлануда. Бұл мақсат биыл шілде айынан бастап жүзеге асып, өңір бойынша жалпы 64 ауылдық округ қамтылады. Аталған жоба ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құстың санын көбейтуге, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Несиелерді қаржыландыру бойынша 6 бағыт іріктелді. Олар:
➢ Өсімдік шаруашылығын дамыту;
➢ Мал шаруашылығын дамыту;
➢ Құс шаруашылығын дамыту;
➢ Балық шаруашылығын дамыту;
➢ Ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау;
➢ Тұрғындардың өз кәсібін ашу.

Жобаны тиімді жүргізу үшін өңірде жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдық беріледі. Үміткерлер қатысатын ауылдық округтерде 44 кооператив бекітіліп, әлеуетті несие алушылардың тізімі жасақталды. Қазіргі таңда, несие қаржысын таратушы әрі сенім білдірген өкіл ретінде «Түркістан ӘКК» АҚ тиісті шараларды атқаруда.

Еске салсақ, облыстық барлық ауылдық округтерінде скринингтер жасалып, тұрғындар сауалнамаға қатысты. Жалпы жоба аясында 2200 (орта несие қаражаты көлемі 5,0 млн. теңге) бірлікке жуық микрокредиттер беріледі. Нәтижесінде бағдарлама аясында 2 300 жаңа жұмыс орны құрылып, өңірдегі атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы санын төмендету көзделген.

Қазіргі таңда пилоттық жобаға қатысатын қосымша екі ауылды аудан әкімімен бекітіп, салалық басқарма мен «Түркістан ӘКК» және «Ырыс» МҚҰ өкілдерімен алдын ала жоспарланған жобаларды келісу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, 18 сәуірден бастап несие құжаттар қабылдау басталып, бүгінге дейін 847 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 459 өтінімнің 2,8 млрд. теңгелік құжаттары қаралу сатысында болса, несие комитетімен 1,1 млрд. теңгенің 248 құжаты мақұлданды.

«Ауыл аманаты» пилоттық жобасын насихаттау мақсатында құрылған екі арнайы топ мүшелері биыл ақпан айында жұмысына кірісті. Алғашқылардың бірі болып Кентау қаласының шаруаларымен кездесіп, кейін Түлкібас, Созақ, Арыс, Отырар, Сайрам, Төле би, Қазығұрт аудандарына барды. Топ құрамында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының мамандары бар.

Сонымен қатар, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС, «Аграрлық несие корпорациясы» Түркістан облысы бойынша филиалы, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалы, «Қазақстан Хылық Банкі» АҚ Түркістан облыстық филиалы, «Jusan bank» Түркістан филиалы, «Түркістан» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ, «Түркістан» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өкілдері — топ құрамында.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаевтың сөзіне сенсек, Отырар ауданында пилоттық жоба аясында 2 ауыл округі таңдалып алынған. Олар: Балтакөл, Қарғалы ауыл округтері. Ал Арыс қаласында Ақдала мен Дермене ауыл округтері таңдалған. Мұндағы тұрғындар 1 млрд теңгеден астам несие алуға ниет білдіруде.

Айта кетейік, жоба аясында жеке кәсіппен айналысып, кооператив құрамын дегендерге 2,5 пайыздық көрсеткішпен жеңілдетілген несие беріледі. Сонымен қатар, ауышаруашылық техникасын алуға лизинг беру қарастырылған. Кооперативтер үшін инвестициялық субсидиялар бөлу тағы бар.

Бұл бағдарлама негізінен ауыл шарушылығын өркендетуге басымдық береді. Несие алу үшін ауыл тұрғындары ауыл әкімдіктеріне өтінім білдіру қажет. Ауыл әкімдіктері тұрғындар несие алғанша толық сүйемелдеу жүргізеді. Несие алушылар – ауылдық елдімекен тұрғындары және зейнет жасынан аспауы тиіс. Кәсіпті ашуға оқыту жұмыстары тегін жүргізіледі. Әрі несиесін толық жауып, кәсібін дамытатын болса, жеңілдетілген несиеге қайта қол жеткізуге болады.

Жоба шеңберінде жеке қосалқы шаруашылық пен жеке кәсіпкерлер үшін 8 625 000 теңгеге дейін, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері үшін 27 600 000 теңгеге дейін несие беріледі. Микрокредит мерзімі – 5 жыл, мал шаруашылығы жобаларына 7 жылға дейін беріледі. Жылжымайтын кез келген мүліктің 70 пайызы бағаланады. Несиені өтеуге берілетін жеңілдік кезеңі – 12 айға дейін.

Жауапты сала өкілдері несие алушы ауыл тұрғындарының ауыл шаруашылығы кооперативіне бірігудің пайдасы көп екенін айтады. Себебі бұл арзан бағамен жем сатып алуға, жер жыртуға, қоқыс шығаруға, арнайы техникаларды пайдалануға мүмкіндік береді.

Жобаны толықтай іске асыру нәтижесінде: тиісті аумақтағы жұмыссыздық деңгейін 40%, 5236 атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын 30 %-ға төмендету жоспарланған.
Сонымен қатар, сүт өндіру көлемі – 40,6% – ға, ет өндірісінің көлемі – 63,2%- ға, жылыжайда өндіретін өнім көлемі – 26,2% – ға ұлғаяды деп күтілуде. Құс өндіру көлемі 2,4 есе, балық өндірісінің көлемі 2,0 есеге көбейту де жоспарға енген.

Айта кетсек, «Ауыл аманаты» жобасы 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады.

Бүкіл Қазақстан бойынша Үкімет AMANAT партиясымен бірлесіп, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға және проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік беретін «Ауыл аманаты» жобасына жол ашты берді. Оны Қазақстанда бірінші болып Ақтөбе облысы іске асыра бастады, ал 2019 жылы ол Жамбыл облысында пилоттық режимде сәтті іске асырылды. Жобаны іске асыруға 2023 жылы республикалық бюджетте 52,4 млрд. теңге (11 мыңнан астам шағын несие) көзделген. Бұл ретте әкімдіктер қазіргі уақытта қаражатқа қосымша қажеттілікті анықтау үшін ауылдық округтерге скрининг жүргізеді.

AMANAT партиясы жанынан азаматтар мен әкімдерді әдіснамалық сүйемелдеуді, оқытуды, өтінімдерді қабылдау және қаражатты бөлу процесінің мониторингін қамтамасыз ететін жобалық кеңсе ашылды.

Осы жоба бойынша микрокредит беру мерзімі 5 жылды құрайды, бұл ретте мал шаруашылығы саласындағы бастамалар үшін 7 жыл кезең көзделген. Максималды сома – 2,5 мыңнан 8 мыңға дейін (зәкірлік кооперация) АЕК, номиналды сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 2,5%-дан аспайды.

Қаражатты ала алады: ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер; зейнеткерлік жасқа толмаған қысқартылатын жұмыскерлер; ЖК ретінде тіркеусіз тауарларды өндіру немесе өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар (оның ішінде әрекетсіз ЖК); отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар; ЖК-да өнім өндіретін табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен сату немесе айырбастау үшін жеке қосалқы шаруашылықтың мүшелері; табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооперативтердің мүшелері.

«Бұл біздің ауылдарды көтеруге мүмкіндік беретін нақты қадамдар. Жобаны пилоттық іске қосу қорытындысы бойынша Жамбыл облысының 11 ауылдық округінде ауылдардағы орташа айлық табыс 1,7 есе өсті, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 3 есе азайды, жұмыссыздық деңгейі 36% — ға төмендеді. AMANAT партиясы мен үкіметтің міндеті — «Ауыл аманаты» жобасын бүкіл елге масштабтау. Жобаның барлық артықшылықтары туралы халықты дұрыс ақпараттандыру маңызды», — деп атап өтті AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов.

Ол Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру бойынша тиімді шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

«Біздің облыс бүгінде президенттің ауылдық аумақтарды дамыту туралы тапсырмасын орындауға дайын, соның арқасында «Ауыл аманатына» дайындық кезінде әрбір ауылдық округке скрининг жүргізілді, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың нақты саны, әрбір отбасының табысы, халықты сапалы және қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін дамыту қажет өндірістер анықталды», — деді өңір әкімі Ералы Тоғжанов.

Өңір әкімдігі бойынша бірінші кезеңде өңірдің 24 ауылдық округінде 2700-ден астам жоба іске асырылатын болады. Осы мақсатқа 3 млрд теңге бөлінді. Жобаның ерекшелігі ақшалай, тауарлық несие беру болып табылады. Атап айтқанда, 27 ірі шаруа қожалығы есебінен ауыл тұрғындарына 6 мың бас мал беру жоспарлануда. Қарызды ауыл тұрғындары алған төлдерімен қайтарады. Бүгінгі таңда 42 жеке қосалқы шаруашылыққа 650 бас мал берілді.

«Ауыл аманаты» аясында құс шаруашылығына ерекше көңіл бөлінуде. 2100-ден астам жоба ауыл шаруашылығы қызметінің осы түрімен байланысты.

«Ауыл аманаты» — өте жақсы бағдарлама, өйткені 2,5% — бен, бірінші жылға арналған демалыспен және ауылдық жылжымайтын мүлік кепілімен бірде-бір қаржы ұйымы қарыз бермейді. Біз бәріміз бұл идеяны қолдауға дайынбыз. Өйткені, жергілікті сапалы ауыл шаруашылығы өнімі – Ұлт денсаулығы!»,- деді кәсіпкер Евгения Макаревич.

AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов мемлекет басшысы өзінің сайлауалды бағдарламасында ауылдағы өмір сүру деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударғанын атап өтті. Таяудағы 7 жылда ауыл тұрғындарының табысын арттыруға 1 трлн теңге бөлу көзделген, бұл ауыл шаруашылығында 350 мыңнан астам сапалы жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Отырар ауданы әкімінің қос ауылдық округтегі тұрғындармен кездесу барысында шаруалар суармалы жер, ағын су және несие алу кезінде туындаған өзге де мәселелер бойынша сауалдарын қойып мамандар тарапынан тұщымды жауаптар алды.

Мұнан соң аудан әкімі ауыл округіндегі көгалдандыру жұмыстарын аралап көрді. Ағымдағы жылы елді мекенде 2230 көшет егілген болса, оның 70-80 пайызы өнген. Бұдан бөлек Балтакөл ауылының кіре берісінен жергілікті ауыл жастарының демеушілігімен 3 гектар аумақ қоршалып, 1500 түп алма, алмұрт, өрік секілді жеміс ағаштары отырғызылған. Қазіргі таңда егілген көшеттер 100 пайыз тамырын тереңге жайып, күтіп-қарау жұмыстарын ұйымдастырудың арқасында нәтиже беріп отыр.

Осы тұста тілге тиек етер жайт, облыста қарқынды бау шаруашылығы дамып келеді.

Бұрын баулардан гектарына 60-70 центнерден өнім алынатын болатын. Осы бағытта шетелдің тәжірибесін пайдалана отырып, қарқынды бауларды көлемі ұлғаюда.

Нәтижесінде, өнімділік 5 есеге артып, бір гектардан 300-350 центнерге дейін өнім жиналуда.

Қазіргі уақытта, облыстағы қарқынды баулардың көлемі 4 710 мың гектарды (Оның ішінде 3 айда 116 гектарға отырғызылды) құрап отыр.

Қарқынды бау шаруашылығын дамыту туралы нақтырақ тоқталсақ. Алма өндірісін арттыру бойынша қарқынды баулар көлемі ұлғайту жұмыстары жалғасуда. Жоспар бойынша егіс көлемі 4740 гектардан 8520 гектарға жеткізіледі (+3780 гектар). Облыс халқын алма өнімімен қамтамасыз ету 125,1 %-дан 153,5 %-ға артады (2022 жылы 125,1 мың тонна – 2027 жылы 160,3 мың тонна).

Жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау жүктемелерін арттыру бойынша да бірер сөз. Қазіргі таңда облыста жалпы сыйымдылығы 38,0 мың тоннаны құрайтын 20 бірлік жеміс-көкөніс сақтау қоймасы бар. Ал облыста жылына 1,7 миллион тоннаға жуық жеміс-көкөніс, картоп өнімдері өндіріледі. Сондықтан бүгінгі күні аудан, қала әкімдіктерінің маусым аралық кезеңде баға тұрақтылығын сақтау шараларын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндіктер жоқ.

Осыған орай, Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған Тұжырымдамасы аясында 142,3 мың тонна жаңа қуаттылықтарды құра отырып, маусым аралық кезеңде жылына 250-300 мың тонна тауар айналымын жасауға қол жеткізіледі.

Аудан әкімі одан әрі маяқұмдықтардың өтініші бойынша ауылдық аурухана ғимаратына барып емделушілермен кездесті. Ауыл тұрғындары Құдас Арынов пен Әшім Бекботаев бұған дейін тек күндізгі бөлімде ем қабылдайтын ауруханада жатып ем қабылдау мәселесін көтерді. Қос ардагердің өтініші назарға алынып, аудан басшысы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Еркін Нұрлыхановқа заң аясында тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды. Кездесуде ауыл тұрғыны Мұрат Базарбаев елді мекендегі ауыз су жүйелерінің ескіргенін айтып, жүйелер жаңартылса деген ұсынысын жеткізді. Бұл мәселе бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, тиісті жұмыстар атқаруды сала мамандарына жүктеді.

Аралау барысында қос ауыл округінде де тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады. Қабылдауда жайылымдық жерді суармалы жерге ауыстыру, суармалы жер алу, жұмыссыздық және өзге де мәселелер бойынша көкейде жүрген сауалдарына мамандар тарапынан тұщымды жауаптар алған тұрғындар ауыл аралап халықпен кездесіп жүрген аудан әкімінің жұмысына қанағаттанатынын айтып, ризашылығын білдірді.

Суармалы жер демекші, Отырар ауданының барлық жер көлемі 1 675 743 гектарды құрайды. Барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы — 640 260 гектар, оның ішінде егістік жерлер — 45 986 гектар, суармалы егістік — 45 986 гектар, көп жылдық өсімдіктер — 433 гектар, шабындық жерлер — 1296 гектар, жайылымдар — 592 544 гектар.

Жер санаттары бойынша:

ауыл шаруашылығы мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлері — 640 260 гектар;

елді мекендердің жерлері — 28572 гектар;

өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер — 7450 гектар;

ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері — 34 149 гектар;

орман қорының жерлері — 827 473 гектар;

су қорының жерлері — 10013 гектар;

арнайы жер қоры — 124 537 гектар.

Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Отырар ауданда 13 ауылдық округ, 38 ауылдық елді мекен орналасқан.

Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы — 640 260 гектар. Оның ішінде егістік жерлер — 45 986 гектар, оның ішінде суармалы егістік — 45 986 гектар, көп жылдық ағашты өсімдіктер — 433 гектар, шабындық жерлер — 1296 гектар, жайылымдық — 592 544 гектар.

Отырар ауданы бойынша ірі қара — 53 128, қой-ешкі — 356 715, жылқы — 17 597, түйе 7581 басқа жетті.

Жұртшылық шаруашылық малдарына қызмет көрсететін ветеринариялық-санитарлық объектілер: мал дәрігерлік пунктері — 11, мал тоғыту орындары — 26, жасанды қашырым пунктері — 23, биотермиялық шұңқырлар саны — 22.

Отырар ауданының Даму жоспарына сай 2025 жылға дейін егіс көлемін 40 000 гектарға ұлғайтып, жалпы аудандағы суармалы жердің 95,2 пайызын игеруді жоспарлауда. Негізінен қайта айналымға қосылатын жерлерге жүгері жоңышқа дақылдарымен қатар өңіріміздегі соңғы жылдардағы ағын су тапшылығын ескере отырып күздік бидай (2022 жылы егілгені 300 га болса, 2025 жылға 2600 гектарға жеткізу) егуге басымдық беріліп отыр. Сонымен қатар тамшылатып және жаңбырлатып суару тәсіліне көшуді қолға алып 2025 жылға 4100 гектарға жуық алқапқа осы техналогияларды пайдаланатын болады. Нәтижиесінде 2025 жылға жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 50,0 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда.

Жоғарыда аталған егіс көлемдерін игеру үшін ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып, жоспарға енгізіліп отыр. Бүгінгі таңда Шәуілдір суармалы алқабындағы 13 мың гектар алқаптың ағын сумен қамтамасыз ету үшін қосымша 11 текше метр/секунд су жеткізетін «Сырдария-Арыс» каналының құрылысына және осы алқаптағы жер асты суы деңгейін түсіріп топырақ құнарлылығын арттыруға бағытталған 368 шақырымды құрайтын дрендер жүйесін қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарланып отыр. Аталған жұмыстар республикалық бюджеттен, Европалық қайта құру және даму банкі есебінен жүргізілетін болады.

Сонымен қатар бүгінгі таңда арнайы жұмыс тобы құрылып 11 ауылдық округтегі ағын су нысандарын аралап, зерделей отырып 2025 жылға дейін негізгі деп саналатын 8 каналға күрделі және 37 каналды механикалық тазалау жұмыстары жоспарға енгізілді (аудан бойынша 118 канал). Аталған барлық су нысандары республикалық «Қазсушар» мекемесіне тиесілі. 2025 жылға дейін жалпы болжамды қажетті қаржы көлемі 11,2 млрд. теңгені құрауда.

Ал жайылым мәселесіне келсек, Отырар ауданында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда 57 949,78  гектар (оның ішінде: 2743,9 гектар суармалы, 55205,84 гектар жайылы) жерлердің қаулылары жойылып, ауданның арнайы жер қорына қайтарылды (2022 жылға жоспар 67,5 мың гектар).

Сондай-ақ, агроқұрылымдардың мақсатына сай игермеген 162 703,81 гектар (оның ішінде: суармалы 8191,7 гектар, жайылым 154 512,11 гектар) жерлері анықталып, тізімі сәуір айында Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне шара көру үшін жолданды.

Биыл ірі агроқұрылымдармен екі жақты меморандум жасау арқылы елді мекенге жақын орналасқан 47 745 гектар жайылымдық жерлер ортақ жайылымға пайдалану үшін келісім жасалды (2022 жылға жоспар 90,7 мың гектар).

Қазіргі уақытта ауыл округтері бойынша 50,6 мың гектар ортақ мал жайылым жерлер бар. Аудан көлемінде жалпы қолда ұсталатын мал 81 284 (МІҚ 40196, Уақ мал 40568, Түйе 520) басты құрайтындықтан, қазіргі таңда ауыл округтеріне 317 189 гектар ортақ мал жайылым жерлерге қажеттілік туындауда.

Ағымдағы жылы мақсатына сай пайдаланбай жатқан жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жайылым жерлерді пайдаланбай жатқан жерлердің есебінен қамтамасыз ету үшін 2023 жылы 140,0 мың гектар, 2024 жылы 89,1 мың гектар, 2025 жылы 90,2 мың гектар жерлерді елді мекеннің ортақ мал жайылым жеріне беру жоспарлануда.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.