Түркістан облысы: Отырар ауданы бойынша бүгінде 50,6 мың гектар мал жайылымы ортақ пайдалануға берілген

Соңғы күндері Отырар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ж.Сейтжанов барлық ауылдық округтеріне табан тіреп, жергілікті халықпен кездесіп, 2023 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы және атқарылып жатқан шаруалардың жай-жапсары хақында тұрғындар алдында есеп беруде. Осы орайда Отырар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ж.Сейтжановтың баяндамасынан көңілге түйгенімізді оқырман назарына ұсынғанды жөн санадық.

Сонымен, Отырар ауданы бойынша жалпы халық саны 51 636 адамды құрайды, оның ішінде отбасы саны: 10 500. Аудан аумағы 1 миллион 675 мың 743 гектарды алып жатыр. Экономикалық белсенді халық саны — 21 мың 558 адам. Жұмыссыздық деңгейі — 5,0% (жұмыспен қамтылғаны — 20 485 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар — 7 862 адам, жұмыссыздар — 1 073 адам). Жастар жұмыссыздығының деңгейі – 3,8%.

Ауданның әкімшілік бөлінісі 13 ауыл округі, 38 елді мекеннен құралған.

Отырар ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне келсек, 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жалпы өңірде өндірілген өнім көлемі 114 миллиард 687 миллион 757 мың теңгені құрап, 2022 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 16 миллиард 713 миллион 857 мың теңгеге немесе 117,1-% ға артық орындалып отыр. 2022 жылғы көрсеткіш 97 миллиард 973 миллион 900 мың теңге болған.

Анықтама үшін айта кетейік:

— Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 34 миллиард 653 миллион теңге болып, нақты көлем индексі 131,8 пайызға артты;

— Бөлшек сауда көлемі 4 миллиард 790 миллион 919 мың теңге болып, нақты көлем индексі – 101,9 пайызға;

— Өнеркәсіп өнімінің көлемі 20 миллиард 462 миллион 238 мың теңге болып, нақты көлем индексі – 100,1 пайызға;

— Құрылыс жұмыстарының көлемі 13 миллиард 957 миллион 100 мың теңге болып, нақты көлем индексі – 164,5 пайызға;

— Іске қосылған тұрғын үйлер 18 761 шаршы метр болып, нақты көлем индексі – 100,6 пайызға;

— Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 40 миллиард 824 миллион 500 мың теңге болып, нақты көлем индексі 96,3 пайызға орындалды.

Бюджет қоржыны қомпайды ма?

2023 жылы аудан бюджетінің кірісі 8 миллиард 981 миллион 445 мың теңгені құраған. Оның ішінде жергілікті өзіндік кірістер жоспары 2 миллиард 646 миллион 911 мың теңгеге бекітіліп, жоспар 2 миллиард 659 миллион 266 мың теңгеге немесе 100,5 %-ға артық орындалды. 2023 жылғы жергілікті өзіндік кірістер 2022 жылмен салыстырғанда  141,7 пайызға артқан немесе 782 миллион 304 мың теңге. Аудан бюджетінің шығыстар жоспары  8 миллиард 981 миллион 445 мың теңгеге бекітіліп, жыл қорытындысына сәйкес, 8 миллиард 961 миллион 243 мың теңге игеріліп, бюджет 99,8 пайызға орындалды. Яғни қалдық қаражат жетпеуінен 20 миллион 202 мың теңге игерілмеді.

Ауыл шаруашылығы саласы – ауыл экономикасының драйвері

2023 жылы Отырар ауданы бойынша 36 246 гектар (2022 жылы — 36 195 гектар) жерге егіс егу жоспарланса, жыл қорытындысына сәйкес 33 440 гектар (92,2%) игерілген, әртүрлі себептермен 2806 гектар жер игерілмеген екен. Әрине, егістік алқаптың игерілмеу себебі де жоқ емес.

Аққұм ауыл округіндегі «Аққұм» ЖШС-не қатысты Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қылмыстық іс жүргізуіне байланысты 5000 гектар егіс алқабының 2 200 гектар жері игерілмеген, сонымен қатар ағын су тапшылығына байланысты Д.Алтынбеков каналының аяқ жақ бөлігінде орналасқан Қарғалы ауыл округі Отырар елді мекенінің 600 гектар егістік алқаптары игерілмеген.

Жалпы, 33 440 гектар егіс алқабынан 358 688 тонна өнім жиналды.

Атап айтқанда:

— күздік бидай 210 гектардан орташа өнімі: 25 центнер/гектарына, алынған өнім — 525 тонна;

— тары — 757 гектардан орташа өнімі — 16 центнер/гектарына, алынған өнім — 1211,2 тонна;

— күнбағыс 314 гектардан орташа өнімі — 15,0 центнер/гектарына, алынған өнім — 471 тонна;

— мақта 47,0 гектардан орташа өнімі —  28 центнер/гектарына, алынған өнім — 131,6 тонна;

— жоңышқа 11930 гектардан жерден алынған өнімі — 113 722,7 тонна;

— картоп 491 гектардан орташа өнімі — 98 центнер/гектарына, алынған өнім — 4811,8 тонна;

— көкөніс 1747 гектардан орташа өнімі — 153 центнер/гектарына, алынған өнім — 26729,1 тонна;

— бақша 6911 гектардан орташа өнімі — 210 центнер/гектарына, алынған өнім — 145 131 тонна;

— дәндік жүгері 10 469 гектардан орташа өнімі — 63 центнер/гектарына, алынған өнім — 65954,7 тонна өнім жиналып отыр.

Орындалмаған өнімдер туралы да сандарды сөйлете кетейік:

Аққұм ауыл округінде:

— дәндік жүгері: 950 гектар * 63 центнер = 4095 тонна.

— бақша: 1250 гектар * 210 центнер = 26250 тонна.

Қарғалы аулы округінде:

— дәндік жүгері: 600 гектар * 63 центнер = 3780 тонна.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің жоспары 39,1 миллиард теңгеге бекітіліп, қаңтар-желтоқсан айының статистикалық мәліметіне сәйкес 40,8 миллиард (нақты көлем индексі 96,3 %) теңгенің өнімі жиналды. Ал 2022 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 35,5 миллиард теңге болса, 2023 жылы 5,3 миллиард теңгеге артық орындалған. 

Оның ішінде:

Өсімдік шаруашылығы: 24,2 миллиард теңге. Ал 2022 жылы — 24,8 миллиард теңге.

Мал шаруашылығы: 16,3 миллиард теңге. 2022 жылы — 14,1 миллиард теңге.

Ал, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға тартылған инвестицияның жоспары 3,7 миллиард теңге болса, жыл қорытындысына сәйкес 4,9 миллиард теңгеге артығымен орындалды.

Сонымен қатар, тамақ өнімдерін өндіруге тартылған инвестиция көлемінің жоспары 460,4 миллион теңге болса, жыл қорытындысымен 438,0 миллион теңгеге немесе 95,2 пайызға орындалды.

2023 жылы мал басының өсімі өткен жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 61400 бас немесе 98,0 пайызға, уақ мал 342218 бас немесе 90.1 пайызға кемісе, жылқы 19500 бас немесе 100,0 пайызға, түйе 10463 бас немесе 107.5 пайызға артқан.

Өнеркәсіп саласы бір орнында тұрған жоқ

2023 жылға өнеркәсіп өнімі көлемінің жылдық жоспары 19 миллиард 620 миллион теңгеге бекітіліп (нақты көлем индексі — 103,8%), қаңтар-желтоқсан айының статистикалық мәліметіне сәйкес 20 миллиард 462 миллион 238 мың теңге болып, нақты көлем индексі 100,1 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылы 18,8 миллиард теңгені көрсеткен болатын.

Инвестицияның көрсеткіші асыра орындалды  

2023 жылы негізгі капиталға салынған жалпы инвестициялар көлемінің жылдық жоспары 28 миллиард 909 миллион теңгеге бекітіліп, 34 миллиард 653 миллион теңгеге артық орындалды, яғни нақты көлем индексі 131,8 пайызды құрады.

Оның ішінде: бюджеттік инвестиция — 4 миллиард 874 миллион теңге, жеке қаржы есебінен — 29 миллиард 779 миллион теңге.

2023 жылы аудан бойынша 1 ірі және 1 шағын инвестициялық жобалар іске асырылды. Атап айтқанда:

  1. Күн электр энергиясын өндіру жобасы аясында «Arm Wind» ЖШС-нің күн энергиясын алатын 93 мың 444 панель орнатылып, облыс әкімінің қатысуымен құны 12 миллиард 500 миллион теңге болатын нысан пайдалануға берілді. Қазіргі таңда 50 адам жұмыспен қамтылып отыр.
  2. Жоба құны 50 миллион теңге болатын «Арыстанбаб» ЖШС-нің 50 адамға арналған қонақүй құрылысы пайдалануға беріліп, бүгінгі таңда жергілікті жердің 5 азаматы жұмыспен қамтылды.

2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Отырар ауданынан 4 кооператив құрылып, Ақтөбе, Балтакөл, Қарғалы және Маяқұм ауылдық округтері бойынша 139 жоба 769,9 миллион теңгеге қаржыландырылды.

Туризм. 3954 шет елдік қонақ

2023 жылы аудандағы тарихи орындарға келушілер саны 278 844 адам болса, оның ішінде 3954 адам шет елдік қонақтар саналады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау шаралары қалай жүріп жатыр?

2023 жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында 3595 азаматты жұмыспен қамту шарасына қатыстыру жоспарланып, 4371 азамат жұмыспен қамту шараларына жолданды.

Оның ішінде:

— тұрақты бос жұмыс орындарына — 1993 азамат;

— қайтарымсыз мемлекеттік грант — 65 азамат;

— кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға — 723 азамат;

— субсидияланатын жұмыс орындарына — 1316 азамат;

— жастар практикасына — 280 азамат;

— әлеуметтік жұмыс орындарына — 237 азамат;

— қоғамдық жұмыс орындарына — 690 азамат;

— алғашқы жұмыс орнына — 64 азамат;

— «Күміс жас» жобасына 45 азамат жолданды.

Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» тапсырмасы аясында 669 азамат тұрақты жұмыс орындарына жолданды.

Ұлттық жоба «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» аясында 18 жобаға 107 азамат жұмыс орнына жолданды.

2023 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 306 отбасы (1905 адам) өтініш білдіріп, 129 миллион 133 мың теңгеге атаулы әлеуметтік көмек берілді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1-6 жасқа дейінгі 586 баласына 23 миллион 297,9 мың теңге көлемінде кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді.

Халықтың неғұрлым әлжуаз топтарының өтініштері «Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» комиссиясында қаралып, 256 азаматқа 30 миллион 34,3 мың теңгеге қаржылай әлеуметтік көмек берілді.

Нәтижесінде аз қамтамасыз етілген азаматтардың жалпы халыққа шаққандағы үлесі 3,7 пайызды құрап отыр.

Жер қатынастары саласы: Агроқұрылымдардың мақсатына сай игермеген 14 042,8 гектар жерлері анықталды

Аудандағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 640 109 гектарды құрайды. Оның ішінде суармалы жерлердің үлесі — 43 492 гектар, жайылымдық жерлер — 594 890 гектар, шабындық жерлер — 1294  гектар, көп жылдық екпелер 433 гектарды құрайды.

Ауданда пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған. 2023 жылдың қорытындысына сәйкес 42 789,9  гектар жердің қаулылары жойылып (оның ішінде: 634,7 гектары суармалы, 41,950 гектары — жайылым, 205,1 гектары — шабындық), ауданның арнайы жер қорына қайтарылды (2023 жылға жоспар 41 мың гектар болатын).

Сондай-ақ, агроқұрылымдардың мақсатына сай игермеген 14 042,8 гектар жерлері анықталып (оның ішінде: суармалы — 874,8 гектар, жайылым — 13 168 гектар), тізімі 2023 жылы Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне шара көру үшін жолданған.

Бүгінде аудан бойынша 50,6 мың гектар ортақ мал жайылым пайдалануға берілген. Сонымен қатар, ортақ жайылымды ұлғайту мақсатында пайдаланылмай жатқан 30,0 мың гектар жерлер қайтарылып, ортақ мал жайылымға берілуде.

Анықтама үшін нақтылай кетсек, 2023 жылы 2 конкурс ұйымдастырылып, 27 758,1 гектар жер учаскесі жеке және заңды тұлғаларға берілді. Сондай-ақ, жыл басында 1 аукцион өткізіліп, жер учаскесінің жалдау құқығымен сатудан жергілікті бюджетке 7 миллион 048 мың теңге түсірілді.

Ауыз сумен қамту: Ұлттық қордан 174 миллион 245 мың теңге қаржы қаралды

Аудан бойынша 35 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған (50718 адам немесе 98,2%), қалған Бестам, Сырдария, Ақкөл елді мекендерін  ауыз су жүйесімен қамту үшін бірқатар жұмыстар атқарылды.

2023 жылы Бестам (халық саны — 151) елді мекенін ауыз сумен қамту құрылысына ұлттық қордан 174 миллион 245 мың теңге қаржы  қаралып, бүгінде өндірістік кестеге сәйкес құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2024 жылдың шілде айына белгіленген. Мердігер — «Карат-Z» ЖШС.

Аудан бюджеті есебінен Сырдария елді мекенінің ауыз су жүйелері құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп (МПК-Проект ЖШС), сараптама қорытындысы алынған. Жоба құны 360,707 миллион теңгені құрайды. 2024 жылы бюджеттен қаржы қарастыру мақсатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына тиісті құжаттары тапсырылды.

Ақкөл елді мекенінің жер асты су қоры анықтау үшін Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жер асты суын іздеу барлау жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, жеңімпаз мердігер ретінде «Нурпромсервис» ЖШС анықталған.

Сондай-ақ, Сарыкөл, Отырар елді мекендерінің ауыз су жүйелеріне аудандық бюджеттен 17 миллион теңгеге қарастырылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Балтакөл, Маяқұм, Аққұм және Жаңа Шілік елді мекендеріндегі ауыз су желілерінің тозығы жетуіне орай күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, 2023 жылы сараптама қорытындысы алынған. Анықтама үшін айта кетейік: Жоба құны: Маяқұм елді мекені – 1 миллиард 297,9 миллион теңге, Аққұм елді мекені – 891 миллион теңге, Жаңа Шілік елді мекені – 653,2 миллион теңге, Балтакөл елді мекені – 1084,4 миллион теңге.

Аталмыш жобаларды жүзеге асыру үшін Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашалық басқармасына тиісті құжаттары тапсырылуда.

2024 жылы Ақтөбе, Ескі Шілік елді мекендерінің ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Анықтама үшін тарқатып айтсақ: «Отырар-Қызмет» МКК 17 елді мекенге: халық саны — 22188, абонент саны — 3580: Пайыздық үлеске халық санымен шаққанда – 43%. (Балтакөл, Көлқұдық, Үштам, Маяқұм, Шеңгелді, Көксарай, Аққұм, Ш.Қалдаяқов, Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Ақтөбе, Сарыкөл, Отырар, Костерек, Арыс (Ақтам), Жанкел, Ызакөл);

Шәуілдір топтастырылған су жүйесі өндірістік бөлімшесі 12 елді мекенге: халық саны — 27977, абонент саны — 4656: Пайыздық үлеске халық санымен шаққанда – 54,2% (Шәуілдір, Қызылту, Қоғам, Ынталы, Талапты, Арыс, Шойманов, Шытты, Көкмардан, Қарғалы, Темір, Бестораңғыл);

«Қазақстан темір жолы» АҚ 6 елді мекенге: халық саны — 553, абонент саны — 113: Пайыздық үлеске халық санымен шаққанда – 1 % (Отырабат, Ұзынқұдық, Ақшоқат, 37 разъезд, Қарақоңыр, Қостүйін).

Газдандыру: Бүгінде 21 елді мекенге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, аяқталды

Отырар ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2014-2017 жылдары автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГТС) салынып, Шәуілдір елді мекеніне дейін 51,4 шақырым газ құбыры тартылған. 

АГТС арқылы 2025 жылға 34 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланып,  бүгінде 21 елді мекенге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, аяқталды.

2023 жылы 19 елді мекенге табиғи газ берілді. (Халық саны — 35412, абонент саны — 5017, Газға қосылған елді мекендер: Ақтөбе, Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Қарақоңыр, Қарғалы, Ш.Қалдаяқов, Мыңшұқыр, Ынталы, Қоғам, Бестораңғыл, Ақтам, Талапты, Шәуілдір, М.Шойманов, Арыс, Шытты, Көкмардан, Сарыкөл, Сырдария елді мекендері).

Сонымен қатар, Сырдария өзенінің батыс бөлігінде орналасқан 12 елді мекеннің жобалық-сметалық құжаты әзірленуде (халық саны — 14312, абонент — 2243: Аққұм, Жанкел, Көксарай, Ызакөл, Шеңгелді, Қостерек, Бестам, Маяқұм, Үштам, Көлқұдық, Балтакөл, Ақкөл елді мекендері).

Автокөлік жолдары: Ауданда 587,83 шақырым жол — қанағаттанарлық жағдайда

2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 518,4 миллион теңгеге 19,6 шақырымды құрайтын 10 ішкі көше және жергілікті бюджет қаржысы есебінен 417,9 миллион теңгеге 24,3 шақырымды құрайтын 17 көше орта жөндеуден өткізілген екен.

Облыстық маңызы бар КХ-190 «Түркістан-Шәуілдір-Төрткөл» автокөлік жолының 32-101 шақырым аралығына (70 шақырым) күрделі жөндеу жұмыстары 4 кезеңге бөлініп атқарылу үстінде.

Анықтама үшін айта кетейік: аудан көлеміндегі жалпы автокөлік жолдарының ұзындығы 863,25 шақырымды құрайды. Оның ішінде 587,83 шақырым жол — қанағаттанарлық жағдайда (68 %).

Атап айтсақ:

— облыстық маңыздағы жолдар — 325,9 шақырым, қанағаттанарлық жағдайдағысы — 192,28 шақырым (59%);

— аудандық маңыздағы жолдар — 109,65 шақырым, қанағаттанарлық жағдайдағысы — 90,15 шақырым (82,22%);

— ішкі көшелер — 427,7 шақырым, қанағаттанарлық жағдайдағысы — 305,4 шақырым (71,4%). Оның ішінде:

— асфальт көше — 305,4 шақырым;

— тас көше — 55,6 шақырым;

—    топырақ көше — 66,7 шақырым.

Абаттандыру және көріктендіру ауылдың ажарын ашады

2023 жылы 5 елді мекенде балалар ойын алаңшасы салынып, 4 нысан пайдалануға берілді (Ескі Шілік, Ш.Қалдаяқов, Ақтөбе, Аққұм елді мекендері. Қоғам елді мекеніндегі нысан 2024 жылға өтпелі. Сметалық құны — 126,4 миллион теңге).

6 елді мекенде спорт-ойын алаңшалары абаттандырылды (Талапты, Шәуілдір, Жаңа Шілік, Арыс, Көлқұдық, Маяқұм елді мекендері, сметалық құны — 163,7 миллион теңге) .

Ауданға қарасты 8 елді мекеннің 10 көшесіне аяқ жол төселді (Ескі Шілік, Көксарай, Отырар, Ақкөл, Көлқұдық, Шәуілдір, Қарғалы, Маяқұм елді мекендері. Сметалық құны — 188,6 миллион теңге).

Шілік және Ш.Қалдаяқов ауылдарының кіре беріс көше бойы абаттандырылып, пайдалануға берілді.

Одан бөлек, Шәуілдір-Темір автокөлік жолының ортасын көгалдандыру, Шәуілдір-Темір елді мекендерін сәулеттік жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысандар 2024 жылға өтпелі.

Жарықтандыру – жайлы өмірдің кепілі

Отырар ауданындағы 38 елді мекен (100,0%) орталықтандырылған электр желісіне қосылған. 2023 жылы 6 елді мекендегі 9 көшені (Көксарайдан — Аққұм ауылы бағыты 2 шақырым, Көксарай елді мекеніндегі — Сеңгірбеков көшесі, Аққөл елді мекеніндегі — Азаматов көшесі, Сарыкөл елді мекеніндегі — Ш.Қалдаяқов көшесі, Арыс елді мекеніндегі — Ағыбаев көшесі, Шәуілдір ауылындағы — Төлбасиев, Құлбатыров, М.Әуезов көшелері, Шытты ауылындағы — М.Сәрсенбаев көшесі) жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген.

«Түркістан облысы Отырар ауданының Қарғалы ауылдық округіндегі трансформатор қуаттылығы 2500 кВА электр қосалқы станциясы құрылысы» нысанына жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Сметалық құны – 328,6 миллион теңге.

Құрылыс саласы: 18 761 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

2023 жылы 18 761 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың (18 657 шаршы метр) есепті кезеңімен салыстырғанда 100,5%-ды құрады. Тұрғын үй демекші, қазіргі таңда Отырар ауданында тұрғын үйге кезегіне 2005 мұқтаж азамат тіркелген. 2023 жылы Ұлттық қор және республикалық бюджет есебінен (192 миллион теңге) тұрғын үй кезегіндегі халықтың әлеуметтік жағынан осал топқа жататын азаматтарға 20 тұрғын үй сатып алынды.

2022 жылдан өтпелі Қоғам ауыл округі Талапты ауылындағы дәрігерлік амбулатория (жобалық құны: 450 миллион теңге) құрылысы жүргізіліп, 2023 жылы желтоқсан айында пайдалануға берілді.

2023 жылы «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақтөбе, Шойманов ауылдарындағы 150 орындық мәдениет үйлерінің құрылысына Ұлттық қордан бөлінген 200,0 миллион теңге қаржы игеріліп, 2024 жылы құрылысын аяқтау үшін 813 миллион 874 мың теңге қаржы қаралып отыр (Ақтөбе – 393 126,0 мың теңге, Шойманов – 420 748,0 мың теңге), қазіргі таңда құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысандар 2024 жылдың 1 шілдесіне пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, 2024 жылы облыстық бюджет есебінен Ш.Қалдаяқов ауылындағы шағын футболға арналған жабық спорт залының (сметалық құны: 781 миллион 687 мың теңге) құрылысына 150 миллион теңге қаралып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

2023 жылы Ұлттық қор және республикалық бюджет қаражаты есебінен жаңа тұрғын алабтарын инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету бойынша 1 жоба іске асты, 2024 жылы 3 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда:

2022-2023 жылдары Шәуілдір ауылындағы Қызыл Түркістан жаңа тұрғын алабын электр қуатымен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысы жүргізіліп (жалпы құны 114,2 миллион теңге) 2023 жылдың маусым айында пайдалануға берілді.

Шәуілдір ауылындағы жаңа ықшамауданда газ құбырын салу үшін республикалық бюджет есебінен қаралған 231,3 миллион теңге толығымен игеріліп (жалпы құны: 350,8 миллион теңге), қазіргі таңда облыстық бюджеттен 30,4 миллион теңге қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Темір ауылындағы жаңа тұрғын алабының электр жүйесімен қамтамасыз ету құрылысына 419,5 миллион теңге қаржы қаралып, игерілген (жалпы құны: 495,8 миллион теңге). 2024 жылға облыстық бюджеттен 46,6 миллион теңге қаржы қаралып, бүгінде құрылысы жүргізілуде. 2024 жылдың 1 маусымына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

2024 жылы Ұлттық қор есебінен Талапты ауылындағы жаңа тұрғын алабының инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысына 377,7 миллион теңге қаржы қаралып (ауызсуға — 182,8 миллион теңге, электр жүйесіне — 194,9 миллион теңге), бүгінде мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 509 жер учаскесі газбен, 629 жер учаскесі электр желісімен (оның ішінде: 135 жер учаскесі электрмен қамтылды), 186 жер учаскесі ауызсумен қамтылады.

Ішкі саясат – ішкі тұрақтылық

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары»  атты жолдауын халық арасында насихаттау мен түсіндіру мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп, жолдау мәтіні аудандық «Отырар алқабы» газетінде 2023 жылғы 8 қыркүйекте жарияланып, 4000 дана болып таратылды.

Президент Жолдауын насихаттау мақсатында «Отырар алқабы» газетінде 85 материал жарияланса, әкімдіктің ресми сайты мен әлеуметтік желілерде 100-ден аса мақалалар жарияланды. Сонымен қатар 21 билборд шығарылып, ілінді.

2023 жылдың қаңтар айында мерекелік іс-шаралар жоспары бекітіліп, 12 айдың қорытындысы бойынша 81 іс-шара өтті.

Мәдениет саласы: «Өнерлі өлке» облыстық  өнер фестивалі аясында Отырар ауданы өнерпаздары бас жүлдемен марапатталды      

Мәдениет саласында 1 аудандық, 9 ауылдық мәдениет үйі, 9 ауылдық клуб, 1 орталық кітапхана, 1 балалар кітапханасы, 23 ауылдық кітапхана, 1 тілдерді оқыту және дамыту орталығы халыққа тұрақты қызмет көрсетуде. 2023 жылы ауданның мәдениет саласы үшін жемісті болды. Жалпыхалықтық 851 іс-шара өтіп, оған 42 425 аудан тұрғыны қатысты.

Түркістан қаласында «Өнерлі өлке» облыстық  өнер фестивалі аясында Отырар ауданы өнерпаздары бас жүлдемен («Газель» микроавтобусы) марапатталды.      

«Түркістанның таңдаулы кітапханашысы-2023» атты облыстық  байқауда аудандық  орталық  кітапхана  қызметкері  Шолпан Жанпейсова    бас  жүлдені  иеленді.

Келес ауданында «Келес» халық театрының құрылғанына 45 жыл толуына орай «Театр — өмір айнасы» атты халықтық атағы бар театрлар арасында өткен фестивальде «Отырар» халық театры бас жүлдені қанжығаласа, театр актеры Мұхаммед Нәлмішов «Үздік актер» атанды.

Спорт – денсаулық кепілі

Бүгінгі таңда Отырар ауданында 3 спорт мектебі және 1 Отырар спорт клубы жұмыс істеп тұр. Жалпы, спорт мектептерінде 19 спорт түрінен 227 үйірмеде 2887 балаға
116 жаттықтырушы жұмыс атқарады.

2023 жылдың есепті мерзімінде бұқаралық спортты дамыту мақсатында аудан аумағында спорттың 19 түрінен 170 республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі іс-шаралар өткізіліп, оған 22 085 адам қатысты. Ауданда дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындар саны тұрақты 21 900 адамға жетіп, бұл аудандағы жалпы халықтың 42,4 %-ын құрап отыр.

Белбеу күресінен Астана қаласында өткен әлем чемпионатында Тұрмаханбет Қалмұхан әлемнің 2 дүркін чемпионы, Грузия мемлекетінің Тбилиси қаласында өткен Унифайт жекпе–жек спорт түлерінен Әлем чемпионатында Аңламас Ислам классика және лайт түрлерінен 2 дүркін әлем чемпионы, Самбо күресінен Атырау қаласында өткен Азия кубогында Бәтен Мұхаметжан қола жүлдегер атанды.

Аудан бойынша 1102 нәресте дүниеге келген

Аудан тұрғындарына жалпы 36 емдеу-профилактикалық мекеме қызмет көрсетіп, онда 112 дәрігер және 378 орта буынды медициналық қызметкер еңбек етеді. 2023 жылы денсаулық сақтау мекемелерінде 6977 азаматқа стационарлық көмек көрсетілді.

2023 жылы Талапты ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, Аққұм ауылындағы дәрілерлік амбулатория мен Шытты ауылындағы фельдершерлік тірек құрылысының жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

Денсаулық сақтау саласындағы негізгі нысаналы көрсеткіштердің орындалуына тоқталсақ:

2023 жылдың 12 айында аудан бойынша 1102 нәресте дүниеге келген.

2022-2023 жылдары ана өлімі тіркелмеген.

Туберкулезбен аурушаңдық деңгейі бойынша 2022 жылы 16 жағдай тіркелсе, 2023 жылы 19 жағдай тіркелген. Қатерлі ісік аурушаңдық деңгейі 2022 жылы 54 жағдай тіркелсе, 2023 жылы 55 жағдайға артқан (Себебі: ерте бірінші және екінші сатысында ауру анықталып отыр).  

Ауданда үш ауысымдық және апатты жағдайдағы мектептер жоқ

Білім саласында жалпы саны 76 мекеме бар (40 мектеп, 2 қосымша білім беру мекемесі, 21 мемлекеттік және 9 жекеменшік балабақша, 4 шағын орталық). Ондағы мектепалды даярлық сыныбындағы оқушыларды қосқанда оқушылардың саны — 13229.

Ауданда үш ауысымдық және апатты жағдайдағы мектептер жоқ. 

2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде 11-cыныпта жалпы  бітіруші  саны 788 болса, Ұлттық бірыңғай тестілеуге 734 оқушы қатысты, яғни қамту деңгейі — 93,1%. Грант иегерлері 352 немесе 44,6%. 55 оқушы «Алтын белгіге» бітірсе, 66 оқушы «Үздік аттестат» куәлігін алды.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту үшін ауданда 21 мемлекеттік және 9 жекеменшік балабақша жұмыс істейді, аудан бойынша 1-6 жас аралығындағы 2685 бала бар, 3-6 жас аралығындағы балаларды 99,8 пайыз қамтып, 2218 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып отыр.

Түлкібас ауданы Келте-Машат ауылында орналасқан «Отырар» жазғы сауықтыру демалыс лагеріне 5 ауысымда 900 оқушы барды. Сонымен қатар, оқушылардың жазғы демалыстарын қызықты өткізу үшін 32 білім ұйымынан 1250 бала қамтылды. 80 бала «Қазақстан халқына» қорының есебінен Біркөлікте «Қуаныш» лагерінде демалды. Жалпы, жазғы маусымда 2230 бала қамтылып, орындалуы 22,1%-ды құрады.

Ауданда тіркелген қылмыстардың саны 31,3%-ға дейін төмендетілді

2023 жылдың есепті мерзімінде Отырар аудандық полиция бөлімі қызметкерлері тарапынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайту бағытында ұйымдастырылған алдын алу іс-шараларының нәтижесінде жалпы тіркелген қылмыстардың саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 99-дан 68-ге, яғни 31,3%-ға дейін төмендетуге бағытталған кешенді іс-шаралар жүзеге асырылған.

Атап айтсақ, өткен жылмен салыстырғанда:

— қылмыстар 99-дан 68-ге, 31,3 пайызға төмендеген;

— бұзақылық қылмысы 0-ден 0-ге, 0,0 пайызға төмен;

— бөтеннің мүлкін ұрлау 16-дан 17-ге, 6,3 пайызға артқан;

— алаяқтық қылмыстар 40-тан 12-ге, 70,0 пайызға азайған;

— қоғамдық орындарда болған қылмыстар 15-тен, 9-ға, 40,0 пайызға төмен;

— көшедегі қылмыстар 6-дан 6-ға, 0,0 тепе-тең;

— мас халдегі қылмыстар 9-дан 7-ге, 22,2 пайызға төмен.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin