Түркістан облысы: Отырар ауданы білікті ұстаздарды конкурсқа шақырады 

Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагогтердің бос лауазымына тағайындау үшін конкурс жариялады.

Мекенжайы: (индексі — 160700) Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Ә.Жылқышиев көшесі, 11-үй. Анықтама үшін телефон номері: (87254421506). Электрондық поштасы: internat4otrar@mail.ru. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары негізінде педагогтердің бос лауазымдарына орналасуға төмендегі штаттық бірлік бойынша конкурс жариялайды:

  1. Математика пәнінің мұғалімі – 1 бірлік (тұрақты)
  • Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына, біліктілік санатына қарай сәйкес төленеді.
  • Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Респубикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығының талаптарына сәйкес.
  • Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Ұлттық біліктілік тестілеуден өту туралы сертификат;

ЕСКЕРТУ: құжаттарды электронды түрде қабылдау 7 жұмыс күн ішінде.

Осы тұста айта өтер мәселе, Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” – деген болатын. Мұғалім – білім нәрін себуші. Сапалы оқыту және өздігінен оқып, білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Сапаны көтерудің ең өзекті мәселелердің бірі – мұғалімдерді даярлау және кәсіби шыңдау. Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің мәліметіне сүйенсек, Отырар ауданында жалпы 2164 мыңға жуық мұғалім жұмыс істейді. Жаңа форматта сертификатталған оқытушы 11 (0,5%) «педагог-шебер», 250 (11,5%) — «педагог-зерттеуші», 391 (31,2%) — «педагог-сарапшы», 267 (12,3%) -«педагог-модератор» санаттағы мамандарды құрайды. Санаттар бойынша сапалық құрам 78,5%-ды құрады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.