Түркістан облысы: «Отырар өркениеті – қазақтың өркениеті»

Бүгін аудандық мәдениет сарайында «Отырар әдебиеті және өнері» қоғамдық бірлестігінің кезекті жиыны өтті. Келелі жиында аудандағы шығармашыл жастардың басын қосқан ұйымның жыл басынан бері қолға алып, іске асырған жұмыстары сараланып, алдағы жоспарлары пысықталды.

Шара барысында бірлестік төрағасы Сағындық Қыдыр биыл аудан әкімдігінің қолдауымен балалар жылы аясында «Өмірдің бір қызығы бала деген» атты жазба ақындар айтысы ұйымдастырылып, ақындардың өлеңдері аудандық «Отырар алқабы» газетінде жарияланғанын, сондай-ақ, ұлағатты ұстаз, ақын Жұмакүл Нәлібаеваның 60 жасқа толуына орай «Жүйріктердің жұлдызын жаққан ұстаз» атты шығармашылық кеші жоғары деңгейде өткенін айтып өтті. «Осындай ауқымды іс-шараларды өткізуге жағдай жасап, ерекше көңіл бөлген аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановқа және оның орынбасарлары мен атсалысқан барлық азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін», — деді бірлестік төрағасы.

Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов та сөз алып, Отырар ауданында ақындар мектебі қалыптасып келе жатқанын, сонымен бірге әдебиетке, өнерге құштар жастардың қатары артып келе жатқанын айтып, өнерді бағалайтын ел барда, оны биікке жетелейтін өнер иелері барда әкімдік бірлестіктің жұмыстарына әрдайым қолдау көрсете беретінін жеткізді.

Аудан әкімінің орынбасары бірлестік мүшелеріне арнайы дайындалған төсбелгі мен куәліктерді табыстап, шығармашалық жұмыстарына толғай табыстар тіледі.

Рас ағымдағы жылы бірлестік мүшелері де біраз жетістіктерге қол жеткізді. Мәселен, республикалық жас ақындар айтысында топ жарған Даниял Болысбек «Күміс Домбыра» иегері атанса, оның ұстазы Дәурен Ақсақалов Жамбыл облысы, Меркі төрінде өткен мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына арналған республикалық айтыста 1-ші орынды иеленді. Сондай-ақ, Төлеби ауданның 90 жылдық мерейтойына орай өткен «Төлебидің ғажайып өрнектері» атты облыстық өнер фестивалінде де отырарлық оғландар өздерінің мықты екендерін дәлелдеп, ауданның абыройын асқақтатқан еді. Осы фестивальде қылқалам жанры бойынша Рена Табылхан І орын, жазба ақындар мүшәйрасында Дәурен Полатбаев ІІІ орын, айтыс жанры бойынша Ахметрасул Баянбай бас жүлдені иеленіп, аудан мерейін үстем етті.

Салтанатты жиында өлкетанушы, этнолог, әдебиеттанушы Абдулла Жұмашов қазақ даласына белгілі ақын, сатирик Асқар Тоқмағамбетов алғаш негізін қалаған «Отырар әдебиеті және өнері» бірлестігінің жұмысы қайта жанданып жатқанына ризашылығын білдірді.

Шарада ақын Дәурен Ақсақалов домбырасын қолына алып, «Бірлестігім өзіңді сағындық қой» деп бастаған арнау өлеңін «Жақсылықта қосылсын бастарымыз» деген шумақтармен түйіндесе, бірнеше байқаулардың жеңімпаздары Мұхтар Асанов пен Асқар Сапарбаев Кенен Әзірбаевтың «Ақыл-нақыл», Шылбы Көмекұлының «Жігітке ақыл айтсам елемес пе?» атты термелерін нақышына келтіре орындады. Кеш соңы аудандық мәдениет сарайы әншілерінің орындауындағы ақын Жұмакүл Нәлібаева мен сазгер Сағынтай Құттыбайдың әніне жазылған «Өнер құсы» атты әуезді әнмен қорытындыланды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

16 Comments

  1. Wonderful blog! I found it while surfing around on Yahoo News.
    Do you have any suggestions on how to get listed in Yahoo News?
    I’ve been trying for a while but I never seem to get there!

    Appreciate it

  2. Pretty nice post. I just stumbled upon your weblog and wanted to say that I
    have truly enjoyed browsing your blog posts. In any case
    I’ll be subscribing to your feed and I hope you write again very soon!

  3. Simply wish to say your article is as surprising.
    The clarity in your post is simply nice and i could
    assume you’re an expert on this subject. Well with your permission let me
    to grab your RSS feed to keep up to date with forthcoming post.
    Thanks a million and please keep up the gratifying work.

  4. Hey there! I’m at work browsing your blog from my new apple iphone!
    Just wanted to say I love reading your blog and look forward to all your posts!
    Carry on the excellent work!

  5. When someone writes an post he/she retains the idea of a user in his/her brain that
    how a user can be aware of it. Therefore that’s why this piece of writing is outstdanding.
    Thanks!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.