Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары «Сауран» бекетінің жұмысын тексерді

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев Шымкент-Самара тас жолы бойында орналасқан «Сауран» стационарлық бекетіне барды. Онда полиция полковнигі Б.Айтпаев қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша полиция қызметкерлерінің жұмысымен танысты. Бұл жөнінде Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің қалай қызмет атқаратынын тексеріп, стационарлық бекеттің материалдық-техникалық жабдықталуын тексерді. Атап өтсек, бүгінгі таңда бұл бекет жол қауіпсіздігін бақылау үшін қажетті заманауи техника, байланыс құралдары және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Мұнда тәртіп сақшылары тәулік бойы көрші аудандардан келетін және кері қайтатын көлік ағынын тексеруге мүмкіндік беретін планшеттермен жабдықталған. Сондықтан бірінші орынбасар Бағланбек Айтпаев тәртіп сақшыларының қызмет атқаруға және тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережесін бұзушылардың жолын кесу бойынша қойылған міндеттерді орындауға дайындығын бағалады.

Соңында полицейлердің назарын көлік тәртібін нығайтуға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, стационарлық бекет арқылы өтетін автокөліктердің қауіпсіздік шараларын ұстанып, ережені сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге аударды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.