Түркістан облысы: Республикалық шығармашылық жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды

Түркістан облысы білім басқармасына қарасты «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-ның директоры Ешенқұлов Бақытжан Қабайұлының ұйымдастыруымен дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастар бастамаларын дамытуға жәрдемдесу мақсатында «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті.

Байқауға облыстық жалпы білім беретін мектептердің аудандық (қалалық) кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты. Қатысушылар өз жұмыстарын келесі номинациялар бойынша ұсынды: «Жақсылық керуені», «Отаным – қасиетті туған жерім», «Мен – Қазақстанның азаматымын», «Менің ашық университеттерім», «Қазақстанның жеті кереметі», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Жаңғырту полюсі», «Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар».

Байқаудың өткізу шарттары мен тәртібіне тоқтала кетсек.

  1. «Жақсылық керуені» номинациясы (қатысушылардың  жасы 13-14  жас ) Әлеуметттік жобалар конкурсы төмендегі бағытта:  

қарт адамдарға, әлеуметтік осал топтағы балаларға және басқаларға көмек көрсету;

кәмелетке толмағандардың әлеуметтік мінез-құлқының алдын алу; халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды бейімдеу;

балаларды табиғи апаттар салдарын жеңуге және жазатайым оқиғалардың алдын  алуға дайындауға бағытталған әлеуметтік жобалар байқауы.

  1. «Отаным-қасиетті туған жерім» номинациясы (қатысушылардың жасы 13-14 жас) Шығармашылық жоба байқауы келесі мақсаттарға бағытталған:

жаңа еріктілер  жасақтарын құру  және дамыту;

әлеуметтік маңызды істерді ұйымдастыру, оның ішінде балалардың бос уақытын  ұйымдастыру жөніндегі белсенді қызметке тарту;

салауатты өмір салты идеяларын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту.

3.  «Мен – Қазақстанның азаматымын» номинациясы (қатысушылардың жасы 13-14 жас):

Шығармашылық  жобалар байқауы төмендегі бағытта:

барлық этностардың мәдени ерекшеліктері сақтау жағдайында қазақстандық қоғамның жалпыұлттық рухани-мәдени құндылықтары мен дәстүрлеріне азаматтарды тарту;

қазақ тілі мен үш тілдің тұтастығын дамыту;

отбасының адамгершілік негіздерін, оның тәрбиелік рөлін нығайту, балалар мен жастар ортасында Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдени дәстүрлеріне, тіліне және отбасылық құндылықтарына толерантты және құрметпен қарауды нығайту.

4.  «Менің ашық университеттерім» номинациясы (қатысушылардың жасы15-17 жас):

Шығармашылық  жобалар байқауы төмендегі бағытта:

«мектеп – ата-ана» тиімді ынтымақтастық бағытын дамыту;

мектептегі өзін-өзі басқару органдарының әлеуметтік бағытталған қызметін дамыту және жасөспірімдердің кент, қала, өңір деңгейінде өзекті мәселелерді шешуге азаматтық көзқарастың маңыздылығын түсінуі үшін жағдайлар жасау;

мектептегі өзін-өзі басқару органдарының әлеуметтік жобаларды әзірлеу мен іске  асырудың  шығармашылық тәжірибесін жалпылауға ықпалдасу;

ақпараттық, білім беру ортасын дамыту, балалардың ақпараттық кеңістігін дамыту;

әлеуметтік бағдарланған сайттар, интернет-ресурстар құру, білім беру және кәсіби бағдарды жобалау және т. б. бағытталған.

5.  «Қазақстанның  жеті  кереметі» номинациясы (қатысушылардың жасы 15-17жас):

Шығармашылық  жобалар байқауы төмендегі бағытта:

 Қоғамның, жеріміздің табиғи, тарихи және мәдени игілігі туралы   ақпараттандырылуына ықпал ететін жобалар байқауы – палеолиттен XXI ғасырға дейінгі түрлі дәуірлердің сәулет ғимараттары мен ескерткіштері, Каспий теңізінен Жоңғар Алатауының жотасына дейінгі табиғат кереметтері.

  1. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» номинациясы (қатысушылардың жасы 15-17 жас):

Шығармашылық  жобалар байқауы төмендегі бағытта:

Қоғамда танымал және ақпараттық ілгерілету идеясының жетістігі, принциптерін бәсекеге қабілеттілігін, ғибадат прагматизм мен білімін мысалдар арқылы Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдар туралы шығармашылық жобалар байқауы. Бұл адамдар – біздің замандастарымыз, олардың өмір жолы мен жетістіктері – бәріне үлгі.

  1. «Жаңғырту полюсі» номинациясы (қатысушылардың жасы 14-15 жас):

Шығармашылық  жобалар байқауы төмендегі бағытта:

Мәдени мұраны сақтау және жаңғырту;

Шығармашылық әлеуетті және әр түрлі өнер түрлерін дамыту, бос  уақыттың жаңа түрлерін құру.

  1. «Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар» номинациясы (қатысушылардың жасы – 15-16 жас). Шығармашылық жобалар байқауы келесі мақсаттарға бағытталған:

отбасының, білім беру ұйымдарының, балалардың қоғамдық бірлестіктерінің отбасылық тәрбие мен әлеуметтендіру саласындағы өзара іс-қимыл тетіктерін дамыту;

отбасы мен қазақстандық қоғамның рухани денсаулығының негізі ретінде отбасылық шығармашылық пен отбасылық құндылықтардың сабақтастығы мен қолдауы;

отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған шығармашылық жобалар байқауы.

Шығармашылық жобаларды бағалау өлшемдері:

1) жобаның байқау шарттарына сәйкестігі;

2) шығармашылық жобаның әлеуметтік тиімділігі-шешілетін әлеуметтік мәселенің өзектілігі және жобаның маңыздылығы;

3) жобаның міндеттері бойынша іс-қимыл жоспарының болуы;

4) жобаны іске асыру үшін қажетті шарттарды сипаттау (жеке, материалдық — техникалық, ақпараттық);

5) әлеуметтік проблемаларды шешудің жаңашыл тәсілдері;

6) жобалау кезінде қазіргі заманғы инновациялық технологияларды, нысандар мен әдістерді пайдалану;

7) болжамды нәтижелердің сипаттамасы (болжамды  нәтижелердің шынайылығы және жобаны одан әрі дамыту перспективаларының болуы: жергілікті деңгейде нақты  аудиторияның жоба бойынша қызмет нәтижелерінің қажеттілігі);

8) зерттеудің жаңалығы, жұмыстың практикалық маңыздылығы, автордың жеке үлесі;

9) жұмысты ресімдеу.

Байқау қорытындысы бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, қаржылай сыйақылармен марапатталды.

«Жақсылық керуен» номинациясы бойынша І орын — Түркістан қаласы, Нұрай Тастыбай;

ІІ орын — Ордабасы ауданы: Сымбат Көпжасар, Түлкібас ауданы: Ақнұр Нұрбай;

ІІІ орын — Сауран ауданы: Чарос Исахан, Жетісай ауданы: Балнұр Мұптыхан, Сарыағаш ауданы: Мирас Исабек;

«Отаным — қасиетті туған жерім» номинацясы бойынша І орын — Сауран ауданы: Қарлығаш Мұсабек;

ІІ орын — Жетісай ауданы: Арайлым Сайдулла, ІІІ орын — Сарыағаш ауданы: Сымбат Сейдікәрім, Мақтаарал ауданы: Севара Жүсіп.

«Мен — Қазақстанның азаматымын» номинациясы бойынша І орын — Ордабасы ауданы: Құралай Наужанова;

ІІ орын — Созақ ауданы: Қарлығаш Тұран, Түркістан қаласы: Ұлсұлу Жанділда;

ІІІ орын — Қазығұрт ауданы: Жомарт Алиакбар, Бәйдібек ауданы: Аяла Лесбек, Жетісай ауданы: Ақмарал Берікбай.

«Менің ашық университеттерім» номинациясы бойынша І орын — Түлкібас ауданы: Ақнұр Шамболат;

ІІ орын — Түркістан қаласы: Севинич Еменова, Сауран ауданы: Жібек Серікбай;

ІІІ орын — Созақ ауданы: Айболсын Аман, Мақтаарал ауданы: Индира Хабибулла, Қазығұрт ауданы: Сандуғаш Мырза.

«Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы бойынша І орын — Түлкібас ауданы: Балауса Төлей;

ІІ орын — Түркістан қаласы: Аида Асылжанқызы, Сауран ауданы: Руслан Насиров;

ІІІ орын — Ордабасы ауданы: Үміт Абдухалил, Созақ ауданы: Сезім Бейсенбай, Кентау қаласы: Диас Жапақ.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» номинациясы І орын — Созақ ауданы: Гүлбану Жайсаңбай;

ІІ орын — Түлкібас ауданы: Сезім Шыңғысбек;

ІІІ орын — Кентау қаласы: Көркем Құдайберген, Жетісай ауданы: Назерке Ануар.

«Жаңғыру полюсі» номинациясы І орын — Сайрам ауданы: Елдана Сәкен;

ІІ орын — Түркістан қаласы: Нурилла Махан, Созақ ауданы: Әсемай Нұрлыбекқызы;

ІІІ орын — Қазығұрт ауданы: Кәусар Асылбек, Кентау қаласы: Айзат Кенжебай, Мақтаарал ауданы: Айгерім Пирназар.

«Менің отбасым: сабақтасық, құндылықтар мен мағыналар» номинациясы І орын — Созақ ауданы: Меңсұлу Омархан;

ІІ орын — Бәйдібек ауданы: Баян Шегебек, Жетісай ауданы: Омар Сейдулла;

ІІІ орын — Түркістан қаласы: Інжу Уайда, Отырар ауданы: Шапағат Дәрісбек, Сауран ауданы: Жарқынай Пердебай.

Байқауға қатысушы оқушыларға қатысқандығы туралы сертификаттар тапсырылды.

Орайы келгенде айта өтейік, бұдан бөлек «Алтын қазына» республикалық көрме-байқауының да облыстық кезеңі өтті.

Түркістан облысының білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының облыстық кезеңі 2024 жылғы 12 сәуір күні Түркістан қаласы «Керуенсарай Түркістан» көпсалалы кешенінде өткізілді. Қазылар алқасының шешімі негізінде жоғары деңгейде өнер көрсеткен жүлдегерлерді «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ директоры Ешенқұлов Бақытжан Қабайұлы белсенді қатысқан білім алушыларға сертификат табыстап, жеңімпаз оқушыларды диплом, қаржылай сыйақылармен марапаттады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin