Түркістан облысы: Робототехника фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өткізілген Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde -2024» І республикалық робототехника фестивалі өз мәресіне жетті. Байқауға республиканың білім беру ұйымдарынан 140-тан астам оқушы қатысты. Фестиваль 5 санат бойынша өткізілді.

Қорытынды нәтижесі бойынша Түркістан облысынан қатысқан командалар жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтсақ:

«Мерген» категориясы бойынша Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты А.С.Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Тасбалтаев Мәди Аннетұлы, жетекшісі информатика пәні мұғалімі Тастан Ербол Тастемірұлы және Кәрімберді Қарсыбаев атындағы жекеменшік мектебінің 7-сынып оқушысы Хамзе Абдулла қатысып, ІІ орынды иеленді.

Ал, шығармашылық «Мәдени мұра мен инновация» бойынша Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Нұрсұлтан Устеновтың жетекшілігімен Камал Асылжан және Ақжол Нұрасыл “Үздік инженерлік шешім” номинациясын иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Енді ауыл баласы зертханада тәжірибе жасап, құлтемір жасап шығаратын болады. Осы мақсатта Түркістан облысында 29 заманауи жайлы мектеп салынып жатыр. Алдағы жаңа оқу жылында оның 19-ы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Осындай жаңа білім ошағының бірі Отырар ауданында бой көтерді. Мектептің құрылысы аудан орталығы Шәуілдір елдімекенінде былтыр басталған еді. Жоспар бойынша, ғимарат 600 оқушының білім алуына арналған. Қазір үшінші қабаты салынып жатыр. Мектеп құрылысы бірнеше корпустан тұрады. Әрқайсысында спорт зал мен асхана бар.

Бұл заманауи мектептердің өзге мектептерден ерекшелігі неде? Басты ерекшелігі – ауыл балалары енді тікелей ғылыми зертханаларда тәжірибе жасап, құлтемірлерді жасап шығара алады. Бұл бұрын ірі қалалардағы ақылы, қымбат мектептерде ғана қолжетімді болатын.

Айталық, интерактивті кабинеттерді айтпағанда, жаңа бой көтеріп жатқан мектептерде физика, химия және биология зертханалары бар. Робототехника, 3D-үлгілеу студияларымен, металл және ағаш өңдейтін шеберханалармен жабдықталған. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнекамералар орнатылмақ.

«Құрылыс кезінде заманауи отандық материалдарды пайдаланып жатырмыз. Қазіргі таңда жұмыстың 70 пайызын орындадық. Білім күні – 1-қыркүйекке дейін жаңа мектеп шәкірттер үшін есігін айқара ашады. Жобаның құны – 5 миллиард 800 миллион теңге», – дейді құрылыс учаскесінің жетекшісі Жошы Рыспанов.

Түркістан облысында демографиялық өсім өте жоғары. Сондықтан орта білім бері мекемелеріне қажеттілік жылдан-жылға артып келеді. Бір ғана Шәуілдір ауылында үш мектеп бар. Бірақ сонда да оларда оқушылар сыймай жатыр. Жаңа мектеп осы олқылықтың орнын толтырмақ.

Мамандардың айтуынша, бұл мектептер жабдықтау жағынан да, басқа да қырларынан үлгілі болуы тиіс.

«Жайлы мектепке мұғалімдер байқау арқылы іріктелініп алынады. Олардың еңбек өтілі, санаты ескеріледі. Бізде апатты жағдайдағы немесе үш ауысыммен оқып жатқан мектеп жоқ. Мектеп саны халық санына сәйкес келеді. Десе де, біз өсіп жатырмыз. Жалпы, Түркістан облысында 63 жайлы мектеп салынып жатыр. Олар 49 мың оқушыға арналған», – дейді аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Арын Ахметжан.

Жалпы, робот және робототехника – бүгінде жиі қолданылатын сөз. Робототехника – ғылым мен техниканың ең жылдам дамып келе жатқан салаларының бірі. Ол өнеркәсіптік автоматтандыруды, медицинаны, білім беруді және ойын-сауықты қоса алғанда кең ауқымды салаларды қамтиды. Жалпы біздің роботтар туралы түсінігіміз ғылыми-фантастикалық фильмдер мен кітаптар арқылы қалыптасты. Өнер туындыларының әсерімен, бүгінгі күні роботтар туралы айтылғанда үй жұмысын орындауға немесе әлемді қорғауға қабілетті адам тәрізді робот бейнесін елестетуіне әсер етті. Алайда роботтар ғылыми фантастиканың материалы емес.

Қазіргі уақытта роботтар біздің өмірімізге әртүрлі салаларда қолданылып, жұмысты жеңілдететін құралдардың бірі. Олар ғарышқа ұшады, басқа планеталарды зерттейді. Әскери мақсатта көмектеседі – қауіпті заттарды залалсыздандырады және ауадан жағдайды барлайды. Өнеркәсіптегі көптеген саланы роботтарсыз елестету мүмкін емес: бірі көлік құрастырса, екіншісі жаңа дәрі-дәрмектерді табуға көмектеседі. Жұмысшылар өндірістік ортадағы улы химикаттар, тар кеңістіктер немесе ауыр машиналар сияқты қауіпті жағдайларға ұшырайды. Мұны азайту үшін стартаптар әртүрлі өндірістік процестерді автоматтандыру үшін AMR автоматтандырылған роботтарды пайдаланады. Олар айналаны түсіну және дербес шарлау үшін сенсорларды, ЖИ және компьютермен көруді қосады. Сенсор деректеріне негізделген шешім қабылдайтын көптеген құрылғыны да роботтар деп санауға болады. Бұл өз кезегінде сала мамандарының жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп, қауіпсіз етті.

Робототехниканың тарихы ең алғаш қозғалатын мүсіндер жасалған ежелгі дәуірден басталады. XVIII ғасырда Пьер-Жаке Дро андроид роботын жасады. Нағыз серпіліс XX ғасырда ақпараттық технологияның дамуымен бірге басталды. 1959 жылы «Unimate» атты алғашқы өнеркәсіптік робот қолы жасалды. Содан бері робототехника дамып, адамзат үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Бұл робототехника тарихының қысқаша шолуы, оның толық тарихы таңғажайып жетістіктер мен жаңалықтарға толы. Қазіргі таңда өнеркәсіптік роботтардың робототехника саласында айтарлықтай үлесі бар. Өнеркәсіптік роботтар – өндіріс ортасында қолданылатын роботтар. Олар металлургия, тамақ және химия өнеркәсібі, машина жасау сияқты әртүрлі салаларда қолданылады. «Statista» зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстандағы робототехника нарығы 2024 жылға қарай кірісті айтарлықтай арттырып, құны 25,36 миллион АҚШ долларына жетеді деп болжануда. Әсіресе қызмет көрсететін робототехниканың кірісі 25,31 миллион АҚШ долларын құрайды деп болжануда. Қазақстанда өндірістік секторда робототехниканы қолдану, еңбек өнімділігі мен автоматтандыру мүмкіндіктерінің артуы байқалады.
Робототехника саласы медицинада да көптеп пайдалануда. Медицинадағы робототехника медициналық мәселелерге инновациялық шешімдер қабылдау үшін механика, электроника, бағдарламалау және биология сияқты әртүрлі салалардағы білім мен технологияны біріктіреді. Медицинадағы роботтардың негізгі рөлі – хирургиялық отаға көмектесу. Роботтар медицина қызметкерлерін оқытуда да қолданылады. Мысалы, жапондық стоматологтарды даярлау жүйесі «Showa Hanako 2» деп аталады. Бұл инновациялық жүйе стоматология саласында білікті мамандарды дайындауға көмектеседі. Дүние жүзіндегі көптеген клиникада «TransCar» және «TUG» сияқты робот-курьерлер дәрі-дәрмектер мен құралдарды жеткізеді. Қазіргі уақытта пациенттің денесіне енгізілетін және жасушаға әсер ететін нанороботтарды жасау жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, медицинадағы робототехника медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттырудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.
Робототехника енгізілген тағы бір сала – ауыл шаруашылығы. Әлемдегі көптеген елде роботтарды ауыл шаруашылығында кеңінен пайдалануда. Себебі роботтар физикалық жұмыстарды адамдарға қарағанда тезірек орындайды. Сонымен қатар егіс алқабындағы арамшөптерді тауып, жойып, егінді бүлдірмей егінді жинай алады екен, тіпті мал шаруашылығында жайылымдарда мал жаю туралы да ақпараттар кездеседі. Ауыл шаруашылығында робототехниканы дамытудың тағы бір бағыты – осы саладағы заманауи тенденцияларды анықтайтын жаңа технологиялар. Роботтандыру өндіріс өнімділігін айтарлықтай арттыру қажеттілігіне негізделген. БҰҰ болжамы бойынша, 2050 жылға қарай әлем халқы 9,8 миллиардқа жетеді. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін тамақ өнеркәсібін 70 пайызға арттыру қажет. Робототехника ауыл шаруашылығы мамандарының жұмысын едәуір жеңілдетпек. Алдағы уақытта диқандарға егіс алқабын аралап көріп, егін көлемін алдын ала болжау үшін көп күш жұмсаудың қажеті жоқ. Робот дрондар мезгіл-мезгіл егістіктердің үстінен ұшып, егінді күтудің оңтайлы әдістері мен ауа райы болжамдары туралы есептерді қамтитын бағдарламаға деректерді жүктейді. Суару, тыңайтқыштар және басқа да өсіру әдістері туралы өзекті ақпарат шығындарды азайтуға көмектеседі. Бұл робототехника, жасанды интеллект пен IT технологиялар арқылы жүзеге асады. «Northern Sky Research» (NSR) баяндамасына сәйкес, спутниктік және заттар интернетін (IoT) пайдалану келесі онжылдықта ең жоғары өсу мүмкіндігіне ие. 2029 жылы ғарышта ауыл шаруашылығына арналған құрылғылар саны 790 мыңнан асады делінген.
Робототехниканың дамуы арқылы жаңа мамандықтар мен кәсіптер пайда болуда. Еліміздегі жаңа мамандықтар мен құзыреттердің атласы бойынша республикада ауыл шаруашылығы өндірісін автоматтандыру және роботтандыру жөніндегі инженер, робототехниканың инженер-технологы, робототехника операторы мамандықтары пайда болуы мүмкін. Робототехника инженерлері, жасанды интеллект мамандары, деректер талдаушылары, робот-бағдарлама жасаушыға сұраныс жоғары. Сонымен қатар робототехникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін сервистік техниктерге деген қажеттілік артып отыр. Бұл мамандарды оқыту және қайта даярлау үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Халықаралық робототехника федерациясының (IFR) 2021 жылға жасаған қорытындысына сай әлем бойынша өндірісте қолданылып жатқан роботтардың саны 3 миллион 477 мыңға жетті. Роботты қолдану көбейген сайын оны құрастыратын маманға сұраныс артты. Осыған орай арнайы маман әзірлеу мақсатында робототехника курсы білім беру саласына енгізіліп, оқытыла бастады. АҚШ пен Еуропада робототехника «Жобалық оқыту» тұжырымдамасына негізделіп XX ғасырдың 90 жылдарынан бастап робототехника мектепке бірте-бірте енгізілді. Ал Қазақстанда 2010 жылдан бастап білім беру мекемелеріне енгізіле бастады. 2019-2020 оқу жылынан бастап «Робототехника» 3-4 сыныптарға, 2020-2021 жылы 5 сыныпқа, 2022-2023 оқу жылы 2 cыныпқа еніп, оқытылуда.

Елімізде робототехника 2010-2013 жылдан бастап қолға алына бастады. Робототехника алғашында факультативті курстар ретінде іске асты.
Робот жасау негіздерін үйретуде жаттығулар мен жарыстар басты рөл атқарады. Бұл ғылым мен техникаға деген қызығушылықты оятып қана қоймай, өскелең ұрпақтың болашақта сұранысқа ие болатын дағдыларын дамытуға көмектеседі. Бұл тәсіл робототехника саласындағы инженерлер мен өнертапқыштардың жаңа буынын қалыптастыруға ықпал етеді.
Алдағы 5-10 жылда Қазақстанда робототехника саласында айтарлықтай ілгерілеу болады. Бүгінде біз Орталық Азияның, Еуропаның және Американың көптеген елдерімен қатар келе жатырмыз. Робототехниканың кейбір салаларында біз тіпті алдамыз. Қазақстандық робототехника лигасына қатысушылар әлемдік жарыстарда жоғары марапаттарға ие болды, бұл халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігімізді дәлелдейді. Бұл біздің еліміздің осы бағытта белсенді дамып келе жатқанының және одан әрі ілгерілеу үшін зор әлеуеттің бар екендігінің айқын дәлелі. Робототехника – инновациялар мен жұмыс орындарын құру үшін орасан зор әлеуеті бар сала. Бұл бізден жаңа технологияларды үйренуге, бейімделуге және инновацияларға дайын болуды талап етеді, бірақ оның орнына өмір мен жұмыс сапасын жақсартуды ұсынады. Сарапшылар пікірін ескере отырып, робототехниканың болашағы жарқын және бәріміз үшін мүмкіндіктерге толы деп айтуға болады.

Алғаш рет ұйымдастырылған шара өмірден ерте озған дарынды оқушы, физика, робототехника салалары бойынша республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы, жас ақын Әлихан Мақсұт есімімен аталды. Ал оған елорда мектептерінің осы саланы жанына серік еткен оқушылары қатысып, лабиринт, биатлон, шығармашылық жоба бағытында сайысқа түсті. Оқушылар түрлі инновациялық жоба жасып, өнертабыстарын қоғам пайдасына жаратуды көздейді. Салтанатты жиында белгілі кинорежиссер Мұрат Есжан түсірген «Әлиханның арманы» деректі фильмі көрсетілді.

«Сайыстың мақсаты оқушылардың ғылыми-зерттеу қабілетін шыңдап, робототехника қызығушылығын арттыру. Әлихан Серікзатұлы оқушымыз өзі де физика, робототехника пәндерінен халықаралық сайыстың жеңімпазы еді. Өзі өте ғылымға жақын оқушымыз еді. Әлиханның мақсаты техника саласы бойынша ғылыми жаңалық ашсам, қоғамға пайдам тисін деген арманы бар еді» — дейді №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің директоры Нұрбек Аманов.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin