Түркістан облысы: Сайрам ауданынан 100 бала «Гавая» жазғы сауықтыру лагеріне жіберілді

Балалардың жазғы демалысының бесінші ауысымы басталды. Осы орайда, Сайрам ауданының 100 баласы «Гавая» жазғы сауықтыру лагеріне демалысқа жіберілді. Аудандық білім бөлімінің қызметкерлері оқушылардың жол қауіпсіздігін сақтай отырып, демалыс орнына жеткізді.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен биыл жалпы 300 балаға тегін жолдама беріліп, қуаныш сыйлады. Олардың ішінде республикалық, облыстық олимпиада жеңімпаздары, спорт, өнер жарыстарының жүлдегерлері мен өзге де үздіктер бар.

Бұдан бөлек, қайырымдылық қорының демеушілігімен жаз маусымының 4 ауысымында Түлкібас ауданына қарасты Машат елді мекенінде орналасқан «Машат Арасан» жазғы сауықтыру лагерінде 200 оқушы тынығып қайтты.

Қазіргі таңда Арыс ауылдық округіне қарасты бөліміне тиесілі №1 Оқушылар үйіне қарасты жазғы сауықтыру лагерінің төртінші ауысымына 314 бала қабылданды. Биыл 7 ауысымда 2198 баланы демалдыру жоспарланса, қазір оның 1256-ы қамтылған.

Осы тұстап атап өтер жайт, облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл Түркістан облысында 45 мыңнан астам бала әлеуметтік жағдайына байланысты бюджет есебінен жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалады деп жоспарланған. Жалпы жаз мезгілінде облыс бойынша 22 сауықтыру лагері (оның 7-і мемлекеттік, 15-і жекеменшік) қызмет көрсетеді. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда арнайы дайындықтан өткен 14 444 педагог қызметкер жұмыс істеуде. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен жастар орталықтарынан 95 волонтер, 80 облыстық колледж студенті практикаға тартылды. 20 мыңнан аса бала ата-аналар есебінен ақылы демалады деп көзделген. «Қазақстан Халқына» Қоры есебінен өңірдегі 2 лагерьде 3421 бала Түлкібас (2000 бала), Төлеби аудандарының (1421 бала) лагерлерінде демалады деп күтілуде, бұл 0,8% құрайды.

Сонымен бірге, мектеп жанында 5 күннен шатырлы және киіз үйлердің жұмысы Оқу-ағарту министрлігінің берген нұсқаулықтарының негізінде ұйымдастырлады. Оған 10 000 оқушы қамтылатын болады, қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен төленеді.

Бүгінгі күні осы лагерьлердің жұмысын қызықты өткізу үшін «Үздік жаздық бағдарлама» байқауы жоспарлануда.

Таулы аймақтарда маусым айында күннің суықтығына байланысты шатырлы және этнолагерьлер жұмыстары шілде айында басталып, тамыз айының 23-іне аяқталады деп жоспарланды.

Бұған қоса, 350 мектепте 1 мезгілгі тамақпен ұйымдастырылатын мектеп жанындағы лагерьлер жұмыстарын жүргізеді.Түркістан облысы бойынша 1-5-ші сынып оқушыларының жалпы саны — 256 197.  Облыс бойынша барлығы 1-10-шы сыныптарда 467 766 оқушы бар, оның ішінде 366 123  (78,1) оқушыны қамту жоспарлануда. Осы мақсатта барлығы  2 259 1 теңге қарастырылуда (оның ішінде бюджеттен — 1 826,9 миллион теңге, 12,5 миллион теңге — демеушілер тарапынан, 426,7 миллион теңге —  ата-аналар есебінен).

Қала сыртындағы лагерьлердегі ауысымдар 1-5 маусым аралығында басталып, 5-10-шы сынып оқушылары қамтылады. Онда әлеуметтік жағдайына байланысты 35 482 бала — бюджет есебінен. Маусымдық лагерьлерде жолдама құны 59 594 мың теңгені құрайды, әр ауысымның ұзақтығы — 10 күн.

Облыста жазғы маусымда барлық мектептерде спорттық командалар жасақталып, спорттық ойындар мен жарыстар, спартакиадалар, үйірме жұмыстары ұйымдастырылып, жасөспірімдердің Отанына, туған еліне деген сүйіспеншілігін оятып, патриоттық тәрбие беру мақсатында тарихи орындар – Түркістан, Отырар, Сайрам, Бәйдібек аудан-қалалары мен ондағы мұражайларға бару және туристік шерулер мен саяхаттар ұйымдастырып, оған 41 000 оқушы барады деп жоспарлануда.

Жоғарыда аталған іс-шаралар барысында мониторинг жасап, жұмыстарды бақылауға алу мақсатында барлық құқық қорғау мен құзырлы сала өкілдерінен облыста жұмыс штабы құрылды.

2024 жылы «Қазақстан халқына» қоры «жаздық жолдама» қайырымдылық бағдарламасының оң тәжірибесін ескере отырып, білім министрлігінің бастамасын қолдап, 10-14 жас аралығындағы оқуда және қоғамдық өмірде үздік көрсеткіштері бар 20 мың баланың балалар лагеріндегі демалысын қаржыландырды. Екі жыл ішінде бүкіл ел бойынша жазғы демалыспен 40 мың бала қамтылады.

«Қазақстан халқына» қоры – қоғамдық әлеуметтік қор. Бұл мемлекеттік қолдау шараларынан тыс өмірдің негізгі салаларындағы қазақстандықтардың нақты мәселелерін шешуге бағытталған.

«Қазақстан халқына» қорына 2 жылдан бері 196,6 миллиард теңге қаражат түскен. Бұл жайлы қордың Басқарма Төрағасы Болат Жәмішев айтты. Қор 2 жыл ішінде жалпы сомасы 90,9 млрд теңгеге көмек көрсеткен. Бұл қаражат қазақстандықтардың денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім беру, мәдениет және спорт салаларына көмек көрсетуге жұмсалған.

«Қор бағдарламалары еліміздің барлық 20 өңірінде іске асырылады және ауылдық елдімекендер мен шағын қалаларға баса назар аударылады. 2022 жылы біз қайырымдылық бойынша үлкен ұлттық конференция өткіздік. Қор өзінің қызмет ету мерзімінде жалпы сомасы 177 млрд теңгеге іске асыруға жоспарланған 67 қайырымдылық бағдарламалар мен жобалардың бастамашысы болды», – дейді «Қазақстан халқына» қорының басшысы Болат Жәмішев.

Осы тұста атап өтер тағы бір ақпарат, Сарыағаш ауданы білім бөлімінің басшысы Дәулет Акатов «Машат-Арасан» сауықтыру орталығындағы оқушылармен еркін форматта кездесу өткізді. Жүздесу барысында бөлім басшысы жеткіншектермен пікір алмасып отырғанына қуанышты екенін айтып, бүгінгі жас ұрпақ қандай болуы керектігі туралы ой қозғады.

Кездесуге жазғы сауықтыру орталығындағы балалар қатысты. Оқушылар бөлім басшысымен түрлі тақырыпта пікір алмасып, диалог өрбітті. Еркін форматта сұқбат жүргізді.

Айта кетейік, биыл «Қазақстан халқына» қорының қайырымдылық жобасы аясында Сарыағаш ауданының 300 оқушысына «Машат-Арасан» оқу- сауықтыру орталығына жолдама берілді. 11 маусымда 2 ауысым бойынша 100 бала жазғы тынығу лагерінде демалса, қазіргі таңда, 21 маусымнан басталған 3-ауысымда 100 бала тынығуда. Алдағы 4-ауысымда да 100 бала демалады деп жоспарланып отыр.

Жалпы, биыл жазғы демалыс кезінде 1-10-шы сынып аралығындағы 2,9 миллион қазақстандық оқушыға сауықтыру, демалыс және еңбекпен қамтудың түрлі шаралары көзделген. Бағдарламада еңбек және шығармашылық жұмыстар, туризм, зияткерлік сабақтармен қатар, халықаралық шараларға қатысу қамтылған.

«Балалардың жазғы демалысын қауіпсіз және жан-жақты ұйымдастыру үшін Министрлік 8 мемлекеттік органмен бірге 2024-2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекітті. Жұмысты үйлестіру үшін республикалық ведомствоаралық штаб құрылды, өткен жылғы жазғы демалыс кампаниясының нәтижелері талданып, іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Сондай-ақ мұғалімдерге, балаларға және олардың ата-аналарына арналған бағдарламалар, ережелер, күнтізбелік жоспарлар және нұсқаулар қамтылған әдістемелік ұсынымдар дайындалды. Балаларға арналған нысандарды қабылдау және лагерь қызметкерлеріне нұсқау жүргізу кестелері жасалды», — деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Стэлла Ибраева.

Айта кетейік, биыл төрт сауықтыру орталығының құрылысын аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда 210 балалар сауықтыру орталықтарының алдын ала тізімі жасалып, денсаулық сақтау және ТЖ бойынша аумақтық қадағалаушы органдарға өтінімдер жолданды.

Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, 1-10 сынып аралығындағы оқушылар саны 3,1 миллионнан асады. Ведомство олардың 88%-ын белсенді жазғы демалыспен қамтуды жоспарлады. Өңірлерде балалардың тізімі түгенделіп, лагерлердегі орындар әзірленді. Бірінші кезекте ондағы санитарлық талаптардың сақталуына мән берілген. Жалпы, балалар үшін жыл бойы қызмет ететін, маусымдық және мектеп жанындағы лагерлер жұмыс істеуде.

Сонымен қатар биыл аймақтарда пилоттық режимде бірнеше жаңа жоба жүзеге асырылмақ. Мәселен, Қарағанды облысында IT-лагерь ашу жоспарланып отыр. Өңір әкімінің орынбасары Ерлан Құсайынның сөзінше, Теміртаудағы жоғары политехникалық колледж базасында 100 бала демалыстан бөлек, ІТ мамандықтың қыр-сырымен таныспақ. Алдағы уақытта бұл тәжірибені кеңейту жағы да қарастырылып жатыр.

Ал Шығыс Қазақстан облысында «Қонақжай отбасы» жобасы қолға алынған. Оның аясында 120 бала үшін Қатон-Қарағай, Глубокое аудандары мен Риддер қаласында танымдық іс-шаралар ұйымдастыру көзделген.

«Балалар ауылдық жердегі отбасыларда уақытша қоныстанады. Ондағы ата-аналардың бірі педагог болуы керек. Сондай-ақ балаларға қажетті бөлек бөлмесі, санитарлық талаптардың сақталуы жіті қадағаланады. Жобаға қатысатын отбасыларға арнайы ақы қарастырылған. Отбасылық лагерде балаларға ауылдың тұрмысы, салт-дәстүріміз бен мәдени мұраларымыз таныстырылып, тарихи орындар көрсетіледі», — дейді облыс әкімінің орынбасары Дархан Сапанов.

Ұлттық дәстүрді дәріптеуді Павлодар облысында этнолагерьлер ұйымдастыру арқылы қолға алуды мақсат етіп отыр.

«Өңірлердегі үздік тәжірибелерді кеңінен тарату жағын қарастыру керек. Біз үшін ең маңыздысы – лагерге баратын балалардың қауіпсіздігі. Сондықтан мүдделі мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімдіктер бұл істе бірігіп жұмыс істеуі керек. Демалыстан, сауықтырудан бөлек, балалардың жан-жақты дамуына қатысты шаралардың мазмұнына баса мән берген жөн. Оқу-ағарту министрлігі бұл жұмысты тұрақты бақылауында ұстауы қажет. Ата-аналарға ұсынылатын жазғы демалыс түрлері бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізген жөн», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Айта кетейік, елдегі су тасқынына байланысты бірқатар өңірдің оқушылары уақытша оқу-сауықтыру орталықтары мен балалар лагерлеріне орналастырылды. Қазіргі таңда 651 балаға демалыс орындарында тұруға, тамақтануға, оқуға барлық жағдай жасалған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin