Түркістан облысы: Сайрам ауданында «Бау-бақша» өндірістік кооперативінің мүшелері жер учаскелерін заңдастыруды сұранды

Бүгін Сайрам ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бақытбек Хасанов тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдау барысында Қарамұрт ауылдық округіндегі «Бау-бақша» өндірістік кооперативінің мүшелері тұрғын үйлерін коммуналдық жүйелермен қамтамасыз ету, тұрғын үйлері мен жер учаскелерін заңдастыру, сонымен қатар аумақты ауыл округіне қосу мәселесі бойынша туындаған келіспеушіліктер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұранды.

Ал қарасулықтар Ақбай ауылында электр қуаты жоғары трансформатормен ауыстыру және Қарасу ауылында Шымкент қаласына кететін магистралды ауыз су құбырының үстіне заңсыз салынған тұрғын үй құрылысын соттың шешіміне сәйкес бұзуды тоқтатуға ықпал жасауды өтінді.

Соңғы кезекте Қарабұлақ ауылының тұрғыны тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру, трансформаторларды жаңалау, тұрақты ауыз су жүйесімен қамтудың қажеттілігін назарына жеткізді.

Бақытбек Сембекұлы заңға сәйкес, аталған өндірістік кооперативтің ішкі мәселесіне жергілікті атқарушы органдардың араласуына және бюджеттен қаржы қарауға құқы жоқ екенін түсіндіріп, барлық мүшелелердің бір шешімге келіп, Қарамұрт ауылдық округіне қарасты елді мекеннің шегіне өтуді ұсынды.

Мұнан кейінгі мәселелердің ішінде электр жарығына қатысты алдағы уақытта қаржы қаралып, оң шешімі қарастырылатыны, заңсыз құрылыс бойынша сот орындарына талап арыз жазу керектігі, ауыз су бойынша сараптамадан өткізу үшін тиісті құжаттары ұсынылғаны туралы айтылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.