Түркістан облысы: Сайрам ауданында білім қызметкерлеріне «Оқушылардың бейімделу қабілетін арттыру» атты оқыту курсы өтті

Сайрам ауданында бірқатар білім қызметкерлеріне «Оқушылардың бейімделу қабілетін арттыру» тақырыбында оқыту курсы өтуде.

Кәмелет жасына толмаған балалар мен ата-аналарына психологиялық көмек көрсету мәселелерін кеңінен түсіндіру үшін республикалық «REFRАMЕ» тұлғалық даму орталығының директоры Гүлжан Ералықызы Вероцкая арнайы шақырылған. Бастама аудандық білім бөлімінің басшысы Бауыржан Ахметовтың бастауымен жүзеге асырылды.

Мақсаты — мектеп қызметкерлерінің біліктіліктері мен тәжірибелерін арттыру, әдіс-тәсілдерді меңгерту, оқушыларға қауіпсіз, жайлы орта қалыптастыруды жүзеге асыру.

Тиісті білім қызметкерлерін Ақсукент ауылындағы №7 Бабыр жалпы білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 20 мамыр — 18 маусымына дейінгі аралықта оқытады. Осы курсқа аудан бойынша 5 бағытта 74 мектеп директорларының тәрбие жөніндегі орынбасары, 116 педагог-психолог және 74 әлеуметтік педагог тартылған.

Курс бағдарламасы толыққанды ғылыми тұрғыдан негізделген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынған әдістерді қамтиды.

Оқыту барысында балалар мен жасөспірімдер арасында түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алу тұрғысында маңызды ақпараттар беріледі.

Белгіленген уақытта курс аяқталған соң, қатысушылар оқытылған бағдарлама бойынша тест тапсырып, алған білімдерін дәлелдеген жағдайда сертификаттар тапсырылатын болады.

Бүгін мектеп қабырғасында психологиялық кабинет ашылды. Жиһаздар мен оқулықтармен жабдықталған бөлмеде қызмет ететін мектеп психологі үшін ата-ана мен баламен еркін әңгімелесу арқылы қажетті кеңестер беруіне мүмкіндік қарастырылған.

Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Г.Нұртанова және мектеп директоры Л.Малабаева орталықты басқаратын Г.Вероцкаяға алғысын айтып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Келесі кезекте сөз алған бөлімнің әдіскері Г.Алтеева аудан аумағында ұйымдастырылған курстің тиімділігіне тоқталып, оң пікірін білдірді.

Шара соңы лента қию рәсімімен жалғасып, тәттілер шашылып, ұлттық би орындалды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin